жерлесіміз Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХVII республикалық фестивалі өтті

2019 жылы қыркуйек айының 20-25 аралығында Семей қаласында Қазақ КСР-нің Халық артисі, Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлық иегері, кино және театр актрисасы, жерлесіміз Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХVII республикалық фестивалі өтті.  Фестивальге жан-жақтан келген 13 театры қатысты. Семей қаласында алғаш өткен фестиваль қала тұрғындары мен театр көрермендеріне ерекше серпін берді. Осындай үлкен дәрежелі фестивальді өткізуге Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінің режиссура мен Актер өнері бөлімдері студенттерінен құрылған волонтерлік тобы өздерінің үлестерін қосып, ұйымдастырушы тараптарынан алғыстарға ие болды.

5-min (7)
« 1 из 5 »