ФИО: Джолымбекова Айгуль Ракимгалиевна

 Окончила Семипалатинский государственный педагогический институт, по специальность «Педагогика-психология», квалификация «педагог-психолог» (2007).

С 2014 г работает в КГКП «Музыкальное училище имени Мукана Тулебаева» педагогом-психологом.

2018 жылғы 14 желтоқсанда ШҚО ТжКББ жүйесі оқу орындарының педагог-психологтарының облыстық әдістемелік бірлестігінің жылдық жоспары бойынша «Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесі» КМҚК базасында «Жылдың үздік психологы» облыстық байқауының екінші кезеңі өтті. Байқау дарынды, шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтарды анықтау, оларды қолдау және ынталандыру мақсатында өткізілді.

Оған жұмыс өтіліне байланысты (1 жылға дейін, 1-ден 3 жылға дейін және 3 жылдан астам) үш санат бойынша байқаудың бірінші кезеңінде 27 психолог қатысып,  17-сі  келесі қорытынды кезеңге өтті. Қорытынды II кезең 3 тур бойынша  өткізілді. Байқау барысында әр қатысушы өзінің кәсіби эрудициясын, теориялық білімдерін, кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.

I санат бойынша

I орынға  — Адамзатова Анар Жумабековна «Ж Шайжүнісов атындағы электронды колледж» ЖМ педагог-психологы ие болды.

II орынға — Мубаракова Динара Серікбекқызы «Құрылыс колледжі»КМҚК педагог-психологы иеленсе,

III орынға -Глазинская Елена Тимофеевна «Бесқарағай колледжі» КММ педагог-психологы иеленді.

II санат бойынша

I орынға  — Карибжанова Махаббат Кайратовна «Азаматтық қорғау жоғарғы колледжі» педагог-психологы ие болды.

II орын — Болатова Гауһар Оралқызы «Семей көп салалы колледжі» мекемесі педагог-психологы иеленсе,

III орын — Кулакова Айнур Серикболовна «Семей колледжі» мекемесі педагог-психологы иеленді.

III санат бойынша

I орынға  — Бабаева Динара Нургалиевна «Электротехника колледжі» КМҚК педагог-психологы ие болды.

II орын – Мусатаева Рысбике Куляевна «Д. Калматаев атындағы Семей мемлекеттік медицина колледжі» ШЖҚ КМК педагог-психологы иеленсе,

III орын – Егоркина Юлия Николаевна «Шемонаиха колледжі»КММ педагог-психологы иеленді.

Сонымен қатар жүлделі орындардан басқа қатысушылар келесі номинациялар бойынша марапатталды: Жас психолог, креативті психолог-зерттеуші, -жаңашыл психолог, шебер психолог, ең үздік эссе, ең үздік авторлық бағдарлама, ең үздік портфолио.

Шығыс-Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындары педагог-психологтарының  арасындағы «Жылдың үздік психологы » облыстық байқауы