«Қазақ халық аспаптары  — Домбыра » ПЦК – ның есебі . 

2018-2019  оқу жылы   1 – жарты жылдық . 

 

2018 – 2019 оқу жылының 1 – жарты жылдығында бөлімнің барлық оқу – тәрбие жұмысы бекітілген жоспар бойынша жүргізілді. Оқытушыларымыз біліктіліктерін жиі арттырып отырады. Қала,ауыл мектептерінде әдістемелік көмек көрсетіп , шеберлік кластар өткізіп, шығармашылық қатынаста болып тұрады. Қазан айында училищеміз барлық мамандықтар бойынша Халықаралық аккредитацияны жоғары дәрежеде өтті. ПЦК – ның проблемалық ізденіс тақырыбы : «Музыкалық білім беру саласында жүйелі түрде оқыту бағдарламасы бойынша оқушылардың творчестволық белсенділіктерін қалыптастыру». Пәндік – циклдік комиссияның міндеті — қазіргі заман талабына сай инновациялық технологияны қолдана отырып, оқушылардың жалпы орындаушылық қабілетін дамыту — жетілдіру, өз мамандығының жақсы маманы болып шығуын арттыру, оқу жүйесін одан ары жақсарту. Алғашқы оқуға түскен оқушыларды оқуларын бітіргенше сақтап қалуға тырысу, оқушылар санын түсірмеу.

 

ПЦК  қызметкерлерінің құрылымы

«Қазақ халық аспаптары – Домбыра» пәндік – циклдік комиссиясында – 11 оқытушы . Олардың ішінде : 8 – оқытушы негізгі штатта (қазіргі уақытта оқытушы – Тұрлыбекова Ш.Б. декреттік демалыста) , 3 –оқытушы қосымша сағаттарға жұмыс істейді. Барлық оқытушылардың базалық жоғары білімі бар. 6 – оқытушы жоғары санатты , 2 – оқытушы бірінші санатты , 2 – оқытушы екінші санатты , 1 – оқытушының санаты жоқ. Барлық оқытушылар қазіргі заман талабына сай компьютерлік технологияны меңгерген.

Ұйымдастыру жұмыстары

 

Оқу жылының басында сабақ кестесі, училище іші — аралық тәжірибе алмасу, сабақтарға қатысу кестесі, календарлық – күнтізбелік жоспар, оқытушының жеке жұмыс жоспары, әр пәнге жеке жұмыс жоспары, ашық сабақтар, әдістемелік баяндамалар және пәндік – циклдік комиссияның жылдық жұмыс жоспарлары бекітіліп, жалпы ПЦК – ның міндеттері қаралды. 2018 – 2019 оқу жылының 1 – жарты жылдығында  5 – отырыс өтті, олардың барлығы да хаттамаларда тіркеліп, жазылды.

Оқу – әдістемелік жұмысы

Бөлімде атқарылатын барлық жұмыстар жылдан жылға жақсарып келеді. Бөліміміздің жетістіктері: Оқушыларымыз Халықаралық , Республикалық конкурстарға  қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Атап айтқанда: Қазан айының 15- 22 күндері аралығында Ақтау қаласында өткен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, күйші Роза Айдарбаеваның шығармашылығына арналған Республикалық  кокурста  3 курс оқушысы Ануарбекова А. арнайы Алғыс хатқа ие болды. ( оқытушысы – Алдекенова М.Т.) Қазан айының 19 – 22 күндері Алматы қаласында өткен «Көшпенділер әуені»  II – Республикалық дәстүрлі орындаушылар байқауында 4 курс оқушысы Манапов Н. Маңғыстау аймағы күй өнерін жақсы көрсеткені үшін арнайы Грамотамен  марапатталды. (оқытушысы – Каримова К.Ч.). Осы қазан айында ШҚО  Зайсан ауданында өткен II  – Облыстық Қабимолда Байтов атындағы конкурста  домбыра номинациясы бойынша 4 курс оқушысы Ұлықбеков А. арнайы Грамотамен марапатталды.(Оқытушысы – Каримова К.Ч.). Қараша айының 1 – 3 күндері аралығында  Қарағанды қаласында өткен өткен VII — Республикалық Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы Республикалық конкурста 4 курс оқушысы Садыбеков Б. – Әбікен Хасенов атындағы арнайы дипломмен марапатталды. (Оқытушысы – Самықов А.С.). Қараша айының 16 – 19 күндері Барнаул (Ресей) қаласында өткен « Серебряные струны» IV – Халықаралық  конкурста 2 курс оқушысы Каримов Ж.  1- орын (оқытушысы – Алдекенова М.Т; концертмейстер – Мансурова Ф.К.) , 3 курс оқушысы Ануарбекова А. 3 – орын (оқытушысы – Алдекенова М.Т; концертмейстер – Кравченко А.Б.), 4 курс оқушысы Ерзатқызы Е. 1 – орын (оқытушысы – Кусаинова М.К, концертмейстер – Максут А.) , 4 курс оқушысы Мұратов А. 2 – орын (оқытушысы – Малаев С.Р; концертмейстер – Оразгалиева Ж.А.) лауреат атақтарына ие болды. Қараша айының 1 – 3 күндері аралығында қалалық  Балалар өнер мектебінде өткен Теміржан Базарбаев атындағы I – Облыстық фестиваль – конкурста оқытушы —  Каримова  К.Ч. қазылар алқасының мүшесі болды. Қараша айының 16 – 19 күндері аралығында  Барнаул (Ресей) қаласында өткен  «Серебряные струны» IV – Халықаралық  конкурста оқытушы – Малаев С.Р. қазылар алқасының мүшесі болды. Сонымен қатар оқушыларымыз – Абай атындағы музыка – драма театрында ,Абай атындағы мұражайда, Абай атындағы кітапханада, Достық үйінде, Қалалық мәдениет сарайында, Жастар сарайында,Қарттар үйінде,Жұмыс беру орталығында, Тұңғыш Президент күніне, Тәуелсіздік күніне арналған концерттерде, Электро- техникалық колледждің жатақханасының ашылу салтанатында т.б. көптеген өнер ошақтарында өткен үлкен іс-шаралар мен концерттерге қатысып,өз үлестерін қосып,училищеміздің мәртебесін көтеріп келеді.Сонымен қатар 26- желтоқсан күні Ұлы күйші – Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай училищенің акт залында  лекция – концерт өтті. Концертте Ұлы күйшінің 40 шақты күйлері ойналды.  Кештің өтуіне бөлімнің барлық ұстаздары мен оқушылары өз үлестерін қосып, ат салысты.Осы кеште училищеміздің түлегі, қазіргі уақытта Астана қаласындағы Евразиялық университеттің аға оқытушысы, күйші – композитор Айбек Бекбосында қатысып, Құрманғазы бабамыздың бірнеше күйлерін шебер орындап, өзінің авторлық күйлерінде тарту етті. Кеш соңында барлық қатысушы оқушылар мен ұстаздар училище әкімшілігінің Алғыс хаттары және Грамоталарымен марапатталды.

1-жарты жылдықта  1 – ашық сабақ ,1 – әдістемелік талдама тыңдалды .       Ашық сабақты  «Мамандық» пәнінен оқытушы – Ахметова Ж.С. өткізді. Тақырыбы: «Шығарманың динамикасымен жұмыс жасау». Оқушы  «домбыра» класының 2курс оқушысы Саметов Санжар . Концертмейстер –Смык Р.Г. Алдымен оқытушы өткенге қысқаша шолу жасап , үй тапсырмасын қайталап өтті.Үй тапсырмасы  Сейтек «Жантаза» , Әшімтай «Қоңыр қаз» күйлері болды.Үй тапсырмасын пысықтау барысында дыбыстардың таза алынуына көбірек көңіл бөлінді. Оқушы аспапты жақсы меңгеріп келе жатқанын,жақсы ойынын көрсете білді. Жаңа шығарма ретінде   Орыстың халық әні (өңдеген М.Рожков, Г.Миняев) «Коробейникиге жазылған фантазия»  болды. Оқытушы шығарманы ойнамас бұрын  ерекшеліктері мен өзгерістері жайлы айтып, оқушыға ойнатып,қолдарын, жиі түзеп ескертіп отырды.Шығармадағы динамикалық белгілер , оң қолдағы штрихтар , сол қолдағы аппликатура қойылымдарымен жұмыс жасалды. Жалпы ашық сабақ өз дәрежесінде өтті ,бөлім ұстаздары өздерінің жақсы Тақырыбы: «Аппликатура как средство формирования музыкального мышления учащихся класса домры». Әдістемелік талдамада аппликатураның дұрыс қойылуы , шығармаларда кездесетін ерекшеліктері туралы ашып жазған. Шығарма, күй ойнау кезінде орындаушылық шеберлікті талап ететін тұстарынан  мысалдар келтіре кеткен және сол қойылымының ерекшелігін,себебін оқытушы нақтырақ жазып, көрсете білген.Жалпы баяндама жақсы жазылған,күнделікті сабақта оқушыларға оқу құралы ретінде пайдалануға болады,сабақты толықтырып отыруға пайдасы зор.

Ашық сабақты  «Мамандық» пәнінен оқытушы Салиева К.С. өткізді. пікірлерін айтты.

1 -жарты жылдықта  жиыны 90 сағат босатылған. Оның ішінде : 36 сағат себепті, 54 сағат себепсіз босатылған.

 

ПЦК «ҚХА-Домбыра» төрайымы:                                     М.Т.Алдекенова