«Жұмыс берушілер күні»  форумы

Ағымдағы жылдың  қарашаның 15 жұлдызында   Семей қаласының  «Бизнес және сервис» колледжінде Абай облысы бойынша «Атамекен»  ҚР ҰКП өкілдігінің ұйымдастыруымен Абай облысының білім басқармасымен бірлесіп «жұмыс берушілер күні»  форумы өтті. Форумның мақсаты жұмыс берушілермен одан әрі және тиімді ынтымақтастық, кадрларды даярлау сапасын арттыру және ынтымақтастықты жолға қою. Іс-шара колледж фойесінен басталды, онда қонақтарды Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищенің халық аспаптар оркестрі қарсы алды.

Дуальды оқыту-білім беру ұйымдарында оқытуды кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершілігі тең болған кезде жұмыс орындарын ұсына отырып, кәсіпорында өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны.  Пилоттық жобамен 2021 жылдың қыркүйегінде училищемізде  «Атамекен» КП тізіліміне тіркелген,  «Абай атындағы театр»  базасымен   «Актерлік өнер»  мамандығы бойынша  дуальды оқыту енгізілген.

Кәсіптік білім беру сапасын бағалау жүйесіне белсенді қатысқаны, өндірістік оқытуды ұйымдастырғаны, училище түлектерінің көпшілігін табысты жұмысқа орналастырғаны, сондай-ақ өңірдегі бизнес пен кәсіпкерлікті дамыту процесіне жәрдемдескені үшін,  жұмыс берушілеріміз  «Әміре Қашаубаев атындағы Мемлекеттік филармония» директоры                            А. С. Бекбосыновқа  және «Абай атындағы Театр» директоры                         А. Т. Бахтиновқа   «Оқу-ағарту министрі А. Аймағамбетовтың алғыс хаттары табысталды.

Форумның жабылу салтанатында  Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінің  «Вокалдық өнер» бөлімінің оқытушысы Мұхтар Қайсар «Атамекен»  әнін жеке дауыста орындап, қонақтарға жақсы көңіл күй сыйлады.

15 ноября в колледже бизнеса и сервиса города Семей прошёл Форум «День работодателя», организованный представительством НПП РК «Атамекен» по области Абай, совместно с Управлением образования области Абай. Цель Форума дальнейшее и эффективное сотрудничество с работодателями, повышение качества подготовки кадров и налаживание сотрудничества. Мероприятие началось с фойе колледжа, где гостей встречал оркестр народных инструментов музыкального училища имени Мукана Тулебаева. Дуальное обучение – форма подготовки кадров, сочетающая обучение в организации образования с обязательными периодами производственного обучения и профессиональной практики на предприятии с предоставлением рабочих мест при равной ответственности предприятия, учебного заведения и обучающегося. Пилотным проектом в сентябре 2021 года в училище внедрено дуальное обучение, которое зарегистрировано в реестр ПП «Атамекен» по специальности «Актерское искусство» на базе «Театра имени Абая».

За активное участие в системе оценки качества профессионального образования, организацию производственного обучения, успешного трудоустройства большинства выпускников училища, а также содействию процессу развития бизнеса и предпринимательства в регионе, взаимодействие с Национальной палаты Предпринимателей РК «Атамакен» нашим работодателям Бекбосынову А.С «Государственная филармония имени Амре Кашаубаева» и Бахтинову А.Т. «Театр имени Абая» были вручены благодарственные письма от министра Просвещения А.Аймагамбетова.

Кульминацией закрытия Форума стало сольное исполнение песни «Атамекен» преподавателем музыкального училища имени Мукана Тулебаева Мухтар Қайсаром.