«Не? Қайда? Қашан?» викториналық ойыны.

Класс жетекші А.К. Бейсханованың жетекшілігімен, Режиссура бөлімінің студенттері «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасының жоспары бойынша «Не? Қайда? Қашан?» викториналық ойынын өткізді.«Не? Қайда? Қашан?» викториналық ойыны, зияткерлік –танымдық ойын, қызықты сұрақтар мен жауаптардан тұрады. Әдеби викторинаның сұрақтары көркем туындылардың мазмұнын, жазушылардың өмірбаянының деректерінен тұрады.Викторинаға қатысушы топтар, жүргізушінің сұрақтарына жауап берді.Викториналық ойынның мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін тексеру, ойынға қабілетін қалыптастыру, сөйлеу мәнеріне үйрету, ойларын бір жүйеге келтіріп өз пікірлерін айта білуіне көмектесу. Ойын өте қызықты және тартысты өтті. Ойынға қатысушы топтарға сыйлықтар берілді.
#Оқуғақұштарколледж