
🎭Абай облысының Семей қалалық мәдениет сарайында 09.12.2022 күні «Семей қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Тоңдырды мені» атты «Үздік жастар театры – 2022» студент жастар театр байқауы өткізілді.
🎞️Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған байқауда қаламыздың 8 оқу орны өз өнерлерін көрсетті.
✅Байқаудың мақсаты: дарынды жастарды қолдау, жастардың уақытын тиімді өткізу, театр өнерін жаңа деңгейде насихаттау.
🎥Байқауға МұқанТөлебаеватындағы музыка училищесінің «Ес-Аймақ» жастар театры қатысып жүлделі 🥉 орын иеленулерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге шығармашылық табыс, қажымас қайрат тілейміз.Өнерлерің өрге жүзе берсін!
📽️Режиссёр: Камзин Болат Еркінбекұлы