«Бала құқығы — асыл қазына»

2022 жылдың 15 ақпаны күні «Жалпы білім беру пәндері» апталығының аясында кезекті іс-шара өтті.Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің оқытушысы Оразгалиева Меруерт Дарубаевна «Бала құқығы — асыл қазына» атты ой талқы алаңына ҚХА және Ән салу бөлімінің 4 курс студенттерін шақырды.Іс-шараға барысында студенттер балалар құқығы мәселесін талқылап,өздерінің құқықтық білімдерін көрсете білді.Іс-шараның қорытындысында студенттер училищеміздің студенттеріне білім мен өнерді қатар меңгеріп,Тәуелсіз елімізді өркендетуге үлес қосуға шақырып, Үндеу жариялады.М.Д.Оразгалиеваның өткізген сыныптан тыс іс-шарасы әріптестері тарапынан жоғары бағаланды.