«Егеменді елдігім-Тәуелсіздік теңдігім»

«Егеменді елдігім-Тәуелсіздік теңдігім» тақырыбында  өнер ордасының кітапханасында еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы еңбектері және тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларымен қамтылған  кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің басты мақсаты: ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту.