«Жалпы білім беру пәндері» бөлімінің пәндік апталығы

Училищеміздің қабырғасында қараша айының 18-23 аралығында «Жалпы білім беру пәндері» бөлімінің дәстүрлі пәндік апталығы өтуде. Болашақ мамандарға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде жалпы білім беру пәндерінің алатын орны ерекше.

Биылғы апталық «Ғылымға көңіл бөлсеңіз» тақырыбында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналады. Бұл іс-шара Ұлы Абайды ұлықтау жолындағы ауқымды іс-шараның бастамасы ғана.

Апталық шеңберінде студенттеріміз әр пән бойынша түрлі іс-шараларға қатысып, өнер мен білімнің әр қырынан танылмақ.

Апталықтың алғашқы күні тарих пәнінің оқытушысы М.Д.Оразгалиева 1 курс студенттерімен (үрлемелі және соқпалы аспаптар,актер,хореография) «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты ауызша журнал іс-шарасын өткізді.

« из 5 »

Апталықтың 2-ші күні АӘД пәнінің оқытушысы С.С.Сақалов «Абай тағылымы» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына 1 курс (фортепиано,орыс халық аспаптары, хор дирижері және ән) студенттері қатысты.