Жұмыс берушілер күні

 

2022 жылдың 15 қарашасында Оқу-ағарту министрлігі мен Абай аудандық білім басқармасының бастамасымен барлық техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында «Жұмыс берушілер күні» өткізілді.
Бұл іс-шараның мақсаты – мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін жұмыс берушілермен одан әрі және тиімді ынтымақтастық.
Жұмыс берушілермен ынтымақтастықтың басым бағыты – академиялық тәуелсіздік. Академиялық тәуелсіздік – білім беру ұйымына жұмыс берушілермен бірлесіп, білім сапасын арттыру мақсатында білім беру бағдарламаларының мазмұнын өз бетінше анықтау өкілеттіктерін беру.
Айтулы  іс-шара Мұқан Төлебаев атындағы музыка  училищесінде де  өтті. Шақырылған жұмыс берушілер қатарында  – Даутов А.Т. «Жарма аудандық мәдениет үйі», Асылов Р.Қ. «Қалалық мәдениет сарайы», Бекбосынов А.С. «Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония», Бахтинов А.Т.- «Абай театры», Құнанбаева Р.Қ.- «№1 балалар музыка мектебі», Ргелова Қ.Б. «Балалар өнер мектебі». Жұмыс берушімен кездесу өте жоғары деңгейде өтті, училище бойынша экскурсия ұйымдастырылып, Мұқан Төлебаев мұражайында қаланың және Республиканың көрнекті қайраткерлерінің еңбектері туралы әңгімелесу, училище студенттерінің  қатысуымен концерттік бағдарлама, алғыс хаттар, ең бастысы ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу болды.
Жұмыс берушілер  ұйымдастырылған шараны оң бағалап, өз тілектерін білдірді. Алдағы уақытта жұмыс берушілермен оқу үрдісін ұйымдастыру барысын жүзеге асыруға баға жетпес үлес қосып, қорытынды аттестаттау емтихандарына қатысып, түлектерімізді жұмысқа орналастыруда аталған ұйымдармен ұзақ жылдар бойы ынтымақтасамыз. Құрметті біздің серіктестеріміз, сіздерге  шығармашылық табыс, жаңа жобалар және одан әрі жылы ынтымақтастық тілейміз.
 
15 ноября 2022 года по инициативе министерства Просвещения и управления образования области Абай прошел «День Работодателя» во всех организациях Технического и профессионального, послесреднего образования.
Цель данного мероприятия дальнейшее и эффективное сотрудничество с работодателями по повышению качества подготовки кадров.
Приоритетным направлением сотрудничества с работодателями является – академическая самостоятельность. Академическая самостоятельность — наделение организации образования совместно с работодателями полномочиями по самостоятельному определению содержания образовательных программ для повышения качества обучения.
Данное мероприятие прошло и в нашем училище. Приглашенные работодатели  — Даутов А.Т. «Жарминский  районный дом культуры», Асылов Р.К. «Городской Дворец культуры», Бекбосынов А.С. «Государственная филармония имени Амре Кашаубаева», Бахтинов А.Т – «Театр имени Абая», Кунанбаева Р.К.- «Детская музыкальная школа №1», Ргелова К.Б. «Детская школа искусств». Встреча с работодателя прошла в очень теплой обстановке. Работодателям была проведена экскурсия по училищу, беседа о творчестве видных деятелей города и Республики в музее имени Мукана Тулебаева, концерт с участием обучающихся училища, награждение благодарственными письмами, и самое главное заключение меморандумов о сотрудничестве. Мероприятие было оценено работодателями положительно. На протяжении долгих лет училище сотрудничает с перечисленными организациями, так как они вносят неоценимый вклад в организацию и реализацию учебного процесса, участвуют в итоговых аттестационных экзаменах, трудоустраивают наших выпускников. Желаем творческих успехов, новых проектов и дальнейшего теплого сотрудничества.