Тоғызқұмалақ

Училищеміздегі жалпы білім беру бөлімінің апталығынның соңы дене шынықтыру пәні бойынша тоғызқұмалақтан 1 курстар арасында жарыспен аяқталды.
Жарысқа 20 оқушы қатысты. Жарыс ойын ережесіне сай өтті.
Аталған додада суырыла алға шыққан студенттер өз шеберліктерін көрсетіп, жүлделерге ие болды. 1 курс хор бөлімінің студенті Талғатов Нұрбол 1орынды иеленді.
2 орынды Актер бөлімінің студенті Саябаева Дильназ алса,
3 орынды Домбыра бөлімінің студенті Кабдулбаров Ануар иеленді.
Жарыстан орын алған студентер мадақтамалармен марапатталды.
Жеңістерің құтты болсын!

Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Баталов Е.Т.