Тоқта, жемқорлық

2021 жылғы 01 наурыз күні Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінде AntiParaCraft-2021″ студенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест басталған болатын.

Осы шараның бірінші айналымында қатысушы командалар білім беру мекемелеріндегі жемқорлық тақырыбына бейне ролик түсіріп, сыбайлас жемқорлық фактілеріне төзбеушіліктерін көрсету керек болатын.

Командалар бірінші айналым тапсырмасын үлкен жауапкершілікпен орындады. Бұл шараның мақсаты жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру. Бейнероликке қойылған талап жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындауына көмектесу.