100 жылдық тарихы бар «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы»

Бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың бойында туып-өскен өлкенің тарихын білуге деген қызығушылық артуда.  Осы орайда мұрағат құжаттары мен мұрағат мекемелерінің қызметі ерекше.

Қараша айының 6-сы күні тарих пәнінің оқытушысы Меруерт Дарубайқызы Оразгалиева  1 курс студенттерімен қаламыздың 100 жылдық тарихы бар «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ-інде болды. «Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану» бөлімінің оқу залында, археограф – Мұсаханов Арман Мұрқасымұлы «Далалы өлке зерттеушісі – Н.Я.Коншиннің туғанына 155 жыл» тақырыбында дәріс оқып, студенттерді құжаттармен таныстырды, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар құжаттарды сақтау бөліміне саяхат ұйымдастырылды.

Студенттер мұрағаттан үлкен әсер алып қайтты.

« из 4 »