2021 жылдың «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы

2021 жылдың «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ҚР Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына — 30 кітап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Акцияның мақсаты – халық әдебиетін насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу. Акцияның міндеті – қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, сонымен қатар жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.