12 декабря в зале Музыкального училища им. М. Тулебаева прошел первый областной конкурс им. А Толганбаева, где преподаватели ПЦК «Струнные инструменты К. Н. Акшекина и М. А. Данилова принимали участие в качестве жюри конкурса.

12 декабря в зале Музыкального училища им. М. Тулебаева прошел первый областной конкурс им. А Толганбаева, где преподаватели ПЦК «Струнные инструменты К. Н. Акшекина и М. А. Данилова принимали участие в качестве жюри конкурса.
29 декабря 2022 года ансамбль виолончелистов Музыкального училища им.М.Тулебаева принял участие в концертной программе на I благотворительном бале области Абай.
Руководитель- преподаватель ПЦК «Струнные инструменты» Акшекина К.Н.
Концертмейстер- Смык Р.Г.
13 декабря в театре им. Абая прошел гала концерт первого областного конкурса им. А. Талганбаева, в программе приняли участие камерный оркестр (руководитель Данилова М.А., солистка оркестра, преподаватель ПЦК «Духовые ударные инструменты» Данилова Д.В.) и ансамбль виолончелистов (руководитель Акшекина К.Н.).
2022 жылдың 14 — желтоқсан күні Абай облысы білім басқармасы және «Бородулиха»КММ-нің ұйымдастыруымен «Жас зерттеушілер — ізденісте» атты ІІ облыстық ғылыми-практикалық студенттік конференциясында училищеміздің «Актер өнері» бөлімінің 2-курс студенті Архатова Тахмина жүлделі І-ші орын алды.Тахминаның ғылыми зерттеу бағытындағы жетекшісі тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушысы,педагогика ғылымдарының магистрі Оразгалиева Меруерт Дарубаевна.Училище ұжымы жеңімпаздарды құттықтайды!
Училищеміздің «Саналы ұрпақ» еріктілер клубы жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруда маңызы зор. Клубтың жұмысы жоспар бойынша жалғасын табуда. Клуб белсенділері және кітапханашы Анар Махамбетова осы тақырып аясында кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрме материалдарымен оқытушылар мен студенттер танысып, өздеріне қажетті ақпараттарды ала алады.
🎭Абай облысының Семей қалалық мәдениет сарайында 09.12.2022 күні «Семей қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Тоңдырды мені» атты «Үздік жастар театры – 2022» студент жастар театр байқауы өткізілді.
🎞️Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған байқауда қаламыздың 8 оқу орны өз өнерлерін көрсетті.
✅Байқаудың мақсаты: дарынды жастарды қолдау, жастардың уақытын тиімді өткізу, театр өнерін жаңа деңгейде насихаттау.
🎥Байқауға МұқанТөлебаеватындағы музыка училищесінің «Ес-Аймақ» жастар театры қатысып жүлделі 🥉 орын иеленулерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге шығармашылық табыс, қажымас қайрат тілейміз.Өнерлерің өрге жүзе берсін!
📽️Режиссёр: Камзин Болат Еркінбекұлы
Класс жетекші А.К. Бейсханованың жетекшілігімен, Режиссура бөлімінің студенттері «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасының жоспары бойынша «Не? Қайда? Қашан?» викториналық ойынын өткізді.«Не? Қайда? Қашан?» викториналық ойыны, зияткерлік –танымдық ойын, қызықты сұрақтар мен жауаптардан тұрады. Әдеби викторинаның сұрақтары көркем туындылардың мазмұнын, жазушылардың өмірбаянының деректерінен тұрады.Викторинаға қатысушы топтар, жүргізушінің сұрақтарына жауап берді.Викториналық ойынның мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін тексеру, ойынға қабілетін қалыптастыру, сөйлеу мәнеріне үйрету, ойларын бір жүйеге келтіріп өз пікірлерін айта білуіне көмектесу. Ойын өте қызықты және тартысты өтті. Ойынға қатысушы топтарға сыйлықтар берілді.
#Оқуғақұштарколледж
Алматы қаласындағы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада цирк колледжі ұйымдастырған ҚР халық әртісі Бәйтен Омаровтың 95 жылдығына орай ІV Республикалық колледжаралық театр фестивалінде
“Драматургиядан үзінді” номинациясы бойынша 250 000 теңге жүлделі 1-орынды, Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің “Актер өнері” мамандығының 4 курс студенттері иеленді.ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Жетекшісі ДӘУРЕН ШӘРІПҰЛЫ ТӨЛЕУБАЕВ.
Ағымдағы жылдың 16-18 қарашасында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде өткен Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасындағы мәдениет және өнер саласы бойынша кәсіби шеберліктің ІІ республикалық конкурсының «Аспаптық орындау» (домбыра) номинациясы бойынша
“Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінің” оқытушысы Самыков Аманжол Семейханович жүлделі 2 орынды иеленді. Әріптесімізді жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!