«Сквозь купол неба бирюзово- синий…»

Академический концерт учащихся отделения «Специальное фортепиано» Музыкального училища имени Мукана Тулебаева.
Весна…. В это время года , как никогда хочется окунуться в потрясающий мир классической музыки…
К миру природы композиторы — романтики всегда относились с особенным трепетом, находили в ней созвучие своим настроениям и переживаниям.
Фредерик Шопен…. Композитора справедливо называют «душой фортепиано», «поэтом фортепиано». Великий романтик создал неповторимой красоты фортепианную музыку.
Ноктюрн Ф. Шопена си-бемоль минор прозвучал в
исполнении уч-ся 2 курса отделения Ахметжановой Анары (педагог Пляскина О.А.).
П.И.Чайковский…. Не одно десятилетие юные музыканты воспитываются на его произведениях, которые являются жемчужинами русской классической музыки. На произведениях, которые обладают особенной притягательностью.
Одним из лучших интерпретаторов музыки П.И. Чайковского является М.Плетнёв. Широкую известность завоевали выполненные музыкантом фортепианные транскрипции трёх балетов Чайковского.
Балеты основаны на сказочных сюжетах. В этих фантастических образах композитора привлекала возможность воплотить в музыке вечные темы — борьбы добра со злом.
Адажио из сюиты на балет «Спящая красавица»
П. Чайковского- М. Плетнёва исполнила уч-ся 2 курса отделения Нурлыбеккызы Назерке ( педагог Архипова Н.В.).
С.В. Рахманинов… Подлинным шедевром вокальной лирики композитора является романс на стихи А.Пушкина » Не пой, красавица, при мне…». Образ Востока в фортепианном вступлении , красота и выразительность мелодий вызывают сильные эмоции.
Транскрипцию Д. Молина на романс С. Рахманинова исполнила уч-ся 2 курса отделения Смайлова Алинур ( педагог Оразгалиева Ж.А.).
Одним из ранних произведений С. Рахманинова является «Элегия». Произведение, в котором можно увидеть тяготение к лирическим образам. В «Элегии» соединяются несколько жанровых основ- ноктюрн, романс и песенность в мелодии.
Элегию С. Рахманинова исполнила уч-ся 3 курса отделения Рыбалкина Ангелина ( педагог Мансурова Ф.К.)
Учащиеся отделения «Специальное фортепиано» принимают активное участие в Международных онлайн конкурсах, организованными Международным Фестивальным Движением при поддержке Управления Культуры г.Нур-Султан.
В апреле 2021 года прошёл конкурс классической музыки, посвящённый 180-летию Антонина Дворжака.
Уч-ся 2 курса отделения «Специальное фортепиано» Нурлыбеккызы Назерке ( педагог Архипова Н.В.) стала лауреатом 2 степени.
Автор заметки Ирина Назарцева
« из 2 »

Студенттер Xlll Республикалық кіші олимпиадада дипломмен марапатталды

Xlll Республикалық кіші олимпиадада 3 дәрежелі дипломмен марапатталғаны үшін «Ән салу» бөлімінің 4 курс студенті Оразов Айдосты құттықтаймыз! Оқытушысы: Көшеров Н.С. Концертмейстер: Рахимова А.Р.

ПОЗДРАВЛЯЕМ студента 4 курса Тихомирова Максима (класс преподавателя Пляскиной О.А.) с 3 местом в Республиканской олимпиаде

« из 6 »

Әз, Наурыз қош келдің!

М.Төлебаев атындағы музыка училищесінің «Әз, Наурыз қош келдің!!!» атты мерекелік концерті

«Туралықты тұғыр еткен Төле би» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»

« из 2 »

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» қазақ халқының шешендік өнеріне, ел бірлігін нығайтуға орасан үлес қосқан ойшыл, дана, туралығын айтар шешен Төле би бабамыздың жас ұрпаққа өнеге болар ғибратты ғұмыры мен өсиеттеріне, даналығы мен жеке қасиеттеріне арналды.

«Туралықты тұғыр еткен Төле би» тақырыбындағы онлайн-бейнедәріс барысында жастар Төле бидің осынша тарихи биік тұлға дәрежесіне жетуіне себеп болған тұлғалық қасиеттерімен танысты.

Соның негізгілері: ел мұратына деген кіршіксіз адалдық, билік айтардағы қара қылды қақ жарған әділдігі, ақиқатты ту етіп көтеруі.

Төле бидің өмірлік ұстанымындай болған «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөзі адалдық пен парасаттылықтың, әділдік пен туралықтың биік өлшемі. Нақты осы қасиеттері бүгінгі өскелең жас ұрпақ үшін – таптырмас өнеге.

Төле бидің өмірі дүниеге жаңа қадам басқан жастардан бастап, ересек тұлғаларға дейін рухани ұстаным бола алады.

Заманын болжай білген Төле би «Алдыңа келсе бітпес дау, әділін айтып қорғаңыз» деп әділдікті ең басты құндылық ретінде ұстанады.

Сондықтан да бабамыздың әрбір сөзі тәрбиелік мәні зор адамгершіліктің алтын қоймасы іспеттес.

Төле би әр істе ұятты ұмытпауға шақырады. Жаман қасиеттерден алшақ болуға, еңбексүйгіштікке үндейді: «Жас адамға басты кесір – еріншектік, ортаншы кесір – ұйқышылдық, кенже кесір – тілазарлық» деп жағымсыз қасиеттерден сақтандырады.

Төле би бабамыздың ізгі әрекеттері мен биік болмысы, даналығы мен тапқырлығы, қара қылды қақ жарып айтар туралығы, әділ шешімі мен билік кесімдері елге қызмет етемін деген әрбір азаматқа үлгі болуы тиіс.

Дана бидің ұрпағына аманат еткен асыл сөздері нағыз ақиқат пен парасаттылықтың ұшқыны ретінде «Мәңгілік ел» идеясымен ұштасып жатқандай.

Естеріңізге сала кетсек, Агенттікпен жастар арасында парасаттылық пен патриоттық сезімді нығайту мақсатында, әр апта сайын атақты тұлғалар мен Қазақстанның жас көшбасшыларының еңбегі мен өмір жолына негізделген онлайн «Адалдық сағаттары» өткізілуде.

 

Тоқта, жемқорлық

2021 жылғы 01 наурыз күні Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінде AntiParaCraft-2021″ студенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест басталған болатын.

Осы шараның бірінші айналымында қатысушы командалар білім беру мекемелеріндегі жемқорлық тақырыбына бейне ролик түсіріп, сыбайлас жемқорлық фактілеріне төзбеушіліктерін көрсету керек болатын.

Командалар бірінші айналым тапсырмасын үлкен жауапкершілікпен орындады. Бұл шараның мақсаты жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру. Бейнероликке қойылған талап жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындауына көмектесу.

Болашақ бүгіннен басталады!

Құрметті музыкалық, актерлық және вокал бағыты бойынша бітіруші түлектер!

Бесқарағай ауданы «Балалар өнер мектебіне» кәсіптік бағдар беру мақсатында шеберлік класын өткізіп қайтты

Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінің оқытушылары Камзин Б.Е., Малгаждарова А, Тезекбаев О, Мансурова Ф.К. ақпан айының 12 күні Шығыс Қазақстан облысы,Бесқарағай ауданы «Балалар өнер мектебіне» кәсіптік бағдар беру мақсатында шеберлік класын өткізіп қайтты

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – уақыт талабы.

2021 жылғы 01 наурыз күні Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінде AntiParaCraft-2021″ студенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест іс-шарасы өз жұмысын бастады. Квест-ойынның бірінші маусымының ашылу салтанаты онлайн форматта өтті.

Іс-шараның ашылу салтанатына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ш.Рахимжанова, «Саналы ұрпақ» еріктілер клубының жетекшісі М.Д.Оразгалиева және ойынға қатысушы командалар болды.

Квест-ойынына «ӘМҚ-ХКШ» — режиссура бөлімі және Актер бөлімінің ІІ курс студенттері қатысады. Мәдени шара барысында әр команда өздері сайлаған «адалдық капитандарын» таныстырды:

1.Мәметекова Жансая – режиссура бөлімінің студенті.

2.Маханова Жамила – актер бөлімінің студенті.

Адалдық капитандары студенттік активтер жиналыстарында дауыс беру жолымен сайланды.

«AntiParaCraft – 2021» деп аталған квест наурыз бойы өткізіледі.Ойын аясында студенттер QR-кодтардың көмегімен зияткерлік және шығармашылық міндеттерді шешеді, викториналарға қатысады, бейнероликтер жасап, әлеуметтік желілерде посттар жазады, әрі оларды жариялайды.

Квест ойынының мәресін 30 наурызда «Адалдық капитандары турнирі» шарасымен қорытындылау жоспарланды.

Мұндай іс-шара оқу орнынында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Аталмыш шараның мақсаты осындай ойын арқылы жастардың бойында құндылық бағдарларын дарыту, оларды адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы дағдыларды қалыптастырып, азаматтық ұстанымдарын шыңдау болып табылады.

Курчатов қаласының «Балалар музыка мектебіне» кәсіптік бағдар беру мақсатында шеберлік класы

Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищеснің оқытушылары Максут А, Кайыржанов Б.Б, Тұрлыбекова Ш.Б., Сладких В.П. ақпан айының 22 күні Курчатов қаласының «Балалар музыка мектебіне» кәсіптік бағдар беру мақсатында шеберлік класын өткізіп қайтты.

Актер өнері мамандығы бойынша дуалды оқыту

Дуальное обучение по специальности «Актерское искусство »