IMG_20171116_084533_HDR
IMG_20171116_084533_HDR
IMG_20171116_084533_HDR
IMG_20171116_084533_HDR
1960 жылы Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің  қаулысымен  Семей музыкалық училищесінекомпозитор, КСРО  халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың  Лауреаты,  қазақ кәсіби музыкасының  негізін қалаушылардың бірі Мұқан Төлебаевтың есімі берілді .
Композитор шығармаларының көркемдік-идеялық бағыты  айқын, ұлттық бояуы қанық.   Өзінің алғашқы қадамын  қарапайым адамдардың  қуанышы мен шабытының қайнары  болған музыкалық фольклорды зерделеуден  бастады.  Ол қазақ әндерінің терең мәнін ашып,  халық шығармаларының  мазмұнын қайта ой елегінен өткізіп,    тың  бояулармен өрнектеп,  жандандыра білді.  Сазгер  өнердегі  жолын  әншіліктен  бастады,  сондықтан  оны  "Кестелі орамал", "Тос мені, тос" сияқты қазақ романсы  жанрының негізін қалаушылардың бірі деп атайды.   Қажым Жұмалиевтің либреттосына жазылған «Біржан-Сара» операсы композитор шығармашылығының биік шыңы, ұлттық музыка мәдениетінің інжу-маржаны болып саналады.
Мұқан Төлебаев – қазақ кәсіби музыкасының мақтанышы. Дарынды сазгер симфониялық  оркестр үшін  "Қазақстан" поэмасы, "Той", "Қобыланды", "Қазақ увертюрасы  және басқа да шығармалар жазды.    Оның шығармашылығы  бір елдің ғана емес, бүкіл адамзаттың игілігіне айналып отыр.  Мұқан Төлебаевтың екінші өмірі, өміршең шығармашылығы келер ғасырға өз бояуында  жететін құндылығымен ерекше.  ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы 2013 жылды  ұлы композитор Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл толуына  байланысты «Мұқан Төлебаев жылы» деп жариялады. Сол жылы Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына орай I Республикалық вокалистер жарысы өткізілді
Мұқан Төлебаев  атындағы  музыка училищесінің ұжымы атаулы   мерейтойға  арналған ауқымды іс-шаралар өткізді.

МУЛЬТИМЕДИА