«Әлеуметтік мәдени жұмысы және халықтық көркемдік шығармашылығы» және актер өнері

«ӘМЖ және ХКШ» ЦПК-сы М. Төлебаев атындағы музыка училищесінде 1994 жылы ашылып екі мамандандыру бойынша дайындық жүргізеді:

- Педагог – ұйымдастырушы, көпшілік театрландырылған қойылымдардың режиссері;

- Педагог – ұйымдастырушы, би ұжымының жетекшісі.

Бітірушілердің кәсіби іс – әрекет объектілері:

-мәдениет, білім беру және тәрбиелеу ұймдары: Мәдениет уйлері, өнер және білім беру мектептері, мектепке дейінгі балалар ұйымдары, халық театрлары, шығармашылық орталықтары, мәдениет және демалыс парктері, сахналық қойылымдарға арналған алаңдар, өнерпаз шығармашылық ұжымдары.

Кәсіби қызмет түрлері:

- тұрғындардың жеке дара және жас ерекшеліктерін ескере отырып мәдени демалысын ұйымдастыру;

- би ұжымының мүшелерінің шығармашылық қабілеттерін дамытып, концерттік орындауды ұйымдастырады;

- орындаушылық қабілеттерін ескере отырып би ұжымының шығармашылық жұмыстарын жүргізеді.

«Әлеуметтік мәдени жұмысы және халықтық көркемдік шығармашылығы»

Мамандандыруы «Педагог – ұйымдастырушы, көпшілік театрландырылған қойылымдардың режиссері»

Бітірушілердің әсіби іс – әрекет объектілері:

-мәдениет, білім беру және тәрбиелеу ұймдары: Мәдениет уйлері, өнер және білім беру мектептері, мектепке дейінгі балалар ұйымдары, халық театрлары, шығармашылық орталықтары, мәдениет және демалыс парктері, сахналық қойылымдарға арналған алаңдар, өнерпаз шығармашылық ұжымдары.

Кәсіби қызмет түрлері:

- көрермендердің жеке дара және жас ерекшеліктерін ескере отырып көпшіліктің мәдени демалысын ұйымдастырады;

- ұжым мүшелерінің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, көпшілік қойылымдарды ұйымдастырады;

- ұжым мүшелерінің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, ұйымдастыру – шығармашылық жұмыстарды жүргізеді.

2013 -14 оқу жылы М. Төлебаев атындағы музыка училищесінде «Актер өнері» мамандығы ашылды, себебі қаламызда 5 кәсіби театрлар қызмет етеді және маман тапшы болғандықтан.

Мамандық – Актер өнері

Мамандандыруы – Драма театр әртісі

Драма театр әртісінің кәсіби қызмет объектілері:

-драмалық театрлар, концерттік ұйымдар, киностудиялар, радио, кино және теледидар ұйымдары болып табылады.

Актерлік мамандығы бойынша маманның кәсіби қызметінің түрлері:

-театрларда, радио және теледидар, концерттік ұйымдарда актер қызметін атқару;

-концерттік шараларда жүргізуші (диктор, конферансье) қызметін атқару;

-қосымша білім беру мекемелерінің шығармашылық ұжымдарын басқару.

ЦПК оқытушылар саны – 8:

9. Шаяхметова Г.А. – «ӘМЖ және ХКШ» ЦПК төрайымы, жалпымамандық Мәдени қызметті ұйымдстыру, Көпшілік ойындар, оқу және өндірістік тәжірибе пәндерінің оқытушысы;

10. Сапанов Т.О. – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, арнайы пәндер Сахна қозғалысы, оқыту тәжірибесі оқытушысы;

11. Камзин Б.Е. – Көпшілік театрландырылған қойылымдардың режиссурасы, Актер шеберлігі арнайы пәндердің оқытушысы;

12. Бекметьева Г.С. –класс жетекші, арнайы хореографиялық пәндердің оқытушысы: Классикалық би, Халық биі, Композициялық би қойылымы;

13. Алжанова Б.К. – клас жетекші, Қазақ биі, Халық биі, Композициялық би қойылымы арнайы пәндерінің оқытушысы;

14. Бейсханова А.К. – Сценарий жазу шеберлігі, Грим, Халық шығармашылығы және фольклор пәндерінің оқытушысы;

15. Есильканова М.Л. – Классикалық би, Халық билері, Мамандық бойынша технологиялық тәжірибе пәндерінің оқытушысы;

16. Алепарова М.А. – Сахна тілі, Актер шеберлігі арнайы пәндерінің оқытушысы.

Марапаттарға ие болған цикл ұстаздары: Спанов Т.О. – Мәдениет саласының үздігі (2013ж), Камзин Б.Е. – Мәдениет саласының үздігі (2016ж); Бекметьева Г.С. (2007ж), Алжанова Б.К. (2011ж), Шаяхметова Г.А. (2013ж) облыстық білім беру департаментінің грамотасымен марапатталды; Камзин Б.Е.(2012ж), Бейсханова А.К. (2015ж) облыстық кәсіподақ грамотасымен марапатталды.

1993 жылы ЦПКада «Кербез» би ансамбілі құрылды. Жетекшілері Бекметьева Г.С., Алжанова Б.К., Есильканова М.Л. болды. Кәсіби ансамбілдермен қатар «Кербез» ансамбілі де көптеген республикалық, халықаралық сайыстар мен фестивальдарға қатысып жүлделі орындарға ие болып келеді:

- 1993ж І- Шара Жиенкулова атындағы халық билері сайысында дипломант атағына ие болды;

- - Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына орай «Кербез» би ансамбілі Т. Базарбаевтың «Дала» операсының 5 бөліміне би қойылымын дайындады;

- 2007, 2013 жж Халықаралық шығармашыл жастар арасында өткен фестивальдардың лауреаты;

- Республикалық және Халықаралық татар және орыс шығармашылықтарының фестивальдарында Гран – При иегері;

- 2016ж Л. Хамиди атындағы Халықаралық сайыстың 1 орын иегері;

- 2016ж ХХ және ХХІ Халықаралық халых шығармашылығы фестивалінің дипломанттары (Берск қаласы РФ);

- 2017ж Астана қаласында өткен Халықаралық «Розы Казахстана» (Болгария – Россия - Қазақстан) сайысының 1 орын иегері.

Жылдан жылға бұл ансамбльдің би қойлымдары техникалық, орындаушылық жағынан күрделеніп келеді. Соңғы жылдары қойылған билері: модерн стилиндегі «Старинный портрет», қазақ билері «Салтанат», «Шолпы», А. Бородинның «Князь Игорь» операсынан «Половецкие пляски» қойылымы, М. Төлебаевтың «Біржан - Сара» операсынан қойылған билері қала, облыс, республика көлемінде орындалып келеді.

«Ес - Аймақ» жастар театры 2008 жылы Көпшілік театрландырылған қойылымдардың режиссурасы пәнінің оқытушысы Камзин Б.Е. бастауымен ашылды. Театр өз шымылдығын «Кестелі орамал» атты драмалық шығармамен ашты. Репертуарында қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптейтін шығармалар көп. «Атадан қалған сара жол», «Келін шай», М. Горькийдың шығармасы «Өлімді жеңген Ана», сияқты т.б. қойылымдары мен қатар көптеген фестивальдар мен сайыстар жүлдегері:

- 2015ж Павлодар қаласында студент жастар театрлар арасында өткен фестивалінде 3 орын иегері,

- 2016 жылы Семей қаласында өткен «Студенческая Весна - 2016» фестивалінде «Үздік режиссерліқ қойылым» номинациясын жеңімпазы;

- 2017 жылы Зайсан қаласында өткен аймақтық кәсіби театрлар байқауында 3 орын иеленіп дипломант атанды;

- 2017 жылы Семей қаласында М.Ауэзовтың тұғанына 120 жылдығына орай әуесқой театрлар арасында өткен сайыста «Үздік жастар театры» номинациясын жеңіп алды.

ШАЯХМЕТОВА ГУЛНАРА АМАНЖОЛОВА

«Әлеуметтік мәдени жұмысы және халықтық көркемдік шығармашылығы» циклдық пәндік комиссияның төрайымы, жоғарғы санаттағы арнайы пәндер оқытушысы.

1989 жылы Әл – Фараби атындағы педагогикалық мәдени институтының мәдени ағату жұмысының методист – ұйымдастырушы мамандығын бітірген.

Өзінің педагогикалық қызметін 1994 жылы М. Төлебаев атындағы музыка училищесінен бастады, еңбек өтілі 28 жыл. Мәдени қызметті ұйымдастыру, Көпшілік ойындары, оқу тәжірибесі мен өндірістік тәжірибе пәндерінің оқытушысы. Талантты ұстаз, оқушыларын белсенді оқу білім процесіне тарта біледі. Әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді, заманауи психологиялық және педагогикалық оқыту концепсиясын еркін менгерген. Жиы ашық сабақтар өткізіп, әріптестер алдында әдістемелік баяндамалар оқып мастер – кластар өткізіп тұрады. Сонымен қатар, пәндік циклдық комиссияның төрайымының қызметін де белсенді атқарып келеді. Өзінің қызметінде профориентациялық жұмысқа, студенттердің тәртібі мен білім сапасын арттыруға үлкен үлес қосып келеді. Оқытушылар мен студенттер арасында беделі жоғары. Талантты жастарды дайындауда және студенттерді өнерге баулып, білімдерін тәжірибе жолында белсенді жүргізгені үшін мадақтамалар мен алғыс хаттармен марапатталған.

САПАНОВ ТАЛҒАТ ОРАЗАЙҰЛЫ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

1989 жылы Әл – Фараби атындағы педагогикалық мәдени институтының мәдени ағату жұмысының методист – ұйымдастырушы мамандығын бітірген.

Өзінің педагогикалық қызметін 1994 жылы М. Төлебаев атындағы музыка училищесінен бастады, еңбек өтілі 28 жыл. Мәдени қызметті ұйымдастыру, Көпшілік ойындары, оқу тәжірибесі мен өндірістік тәжірибе пәндерінің оқытушысы. Талантты ұстаз, оқушыларын белсенді оқу білім процесіне тарта біледі. Әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді, заманауи психологиялық және педагогикалық оқыту концепсиясын еркін менгерген. Жиы ашық сабақтар өткізіп, әріптестер алдында әдістемелік баяндамалар оқып мастер – кластар өткізіп тұрады. Сонымен қатар, пәндік циклдық комиссияның төрайымының қызметін де белсенді атқарып келеді. Өзінің қызметінде профориентациялық жұмысқа, студенттердің тәртібі мен білім сапасын арттыруға үлкен үлес қосып келеді. Оқытушылар мен студенттер арасында беделі жоғары. Талантты жастарды дайындауда және студенттерді өнерге баулып, білімдерін тәжірибе жолында белсенді жүргізгені үшін мадақтамалар мен алғыс хаттармен марапатталған.

ҚАМЗИН БОЛАТБЕК ЕРКІНБЕКҰЛЫ

 «ӘМЖ және ХКШ» бөлімінде жоғарғы санатты, режиссура негізі және актер шеберлігі пәндерінің оқытушысы

1987 -1991 жылдар аралығында Ленинград қаласында Жоғарғы кәсіподақ мәдениет мектебің ( ВПШК) іштей оқып, тәмамдаған.

1993 жылдан бері Семейдің М. Төлебаев атындағы музыкалық училищесінде «ӘМЖ және ХКШ» бөлімінде жоғарғы санатты, режиссура негізі және актер шеберлігі пәндерінің оқытушысы. Көп жылдар бойы класс жетекшілік қызметін атқарды.

Ұлы Абайдың 150 жылдығына жергілікті телевидениеден екі мәрте Ж.Қамбаровтың «Жаралы жүрек» пьесасың көрермен назарына ұсынды. Әр жылы тойланатын Наурыз мейрамдарында, өз студенттерімен тұңғыш Алтыбақан ойын-сауық отауын ұйымдастырып, өткізді және сценарийінде өзі жазды. Әр жылдары өткізіп жүрген ашық сабақтары мен әдістемелік баяндамалары қызықты әрі тәрбиелік маңызы өте зор болуда. Әріптестері мен шәкірттері алдында үлкен абыройға ие болған ұлағатты ұстаз, режиссер.

Оқу бағдарламасына сай тәжірибе жұмысының көлемін ұлғайтып, «Ес-Аймақ» студент – жастар театрын ұйымдастырып, құрды. Студенттердің актерлік шеберлігін шындауға көп септігін тигізуде бұл театр жұмысы. Көптеген байқаулар мен фестивальдерге қатысып, тәжірибелерін молайтып, абыройға ие болып жүрген театр ұжымына жетекшілік етіуде. Театр репертуарын өз шығармаларымен қоса классика және қазақ драматургтерінің шығармаларымен толықтыруда.

2012 жылы Өскемен қаласында өткен 1-Халық театрлары фестивальіне қатысып, Р.Есдәулетов атындағы арнайы «Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясын иеленді.

2013жылы Алматы қаласында Бәйтен Омаров атындағы 2-Республикалық колледжаралық студент - жастар театр фестиваліне қатысып, 3-орын, лауреат атанды.

2013 жылы Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен студент жастар театрының фестивалінде бас жүлдені иеленді.

2014 жылы Семей қаласында өткен «Студенттік театр көктемі» фестивалінің бас жүлдесінің иегері.

2015 жылы Сәуір айында Павлодар қаласында өткен Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдығына арналған әуесқой жастар мен студенттер театр ұжымдарының Халықаралық фестивалінде ІІІ-орынды иеленді. Лауреат атанды.

2016 жылы 1-қарашада ҚМС-да өткен Қалалық ішкі саясат пен Қазақстан жастар қозғалысын қолдауының ұйымдастыруымен өткен «Студен жастар театры 2016» байқауында «Үздік режиссерлық қойылым» номинациясын иеленді.

2016 жылы 16 мамырда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады.

2017 жылы ШҚО Зайсан қаласында өткен Облыстық Халық театрларының конкурсіне қатысып, 3-орын иеленіп келді.

2017 жылы Қалалық студент-жастар театрының фестивальінде М.Әуезовтың 120 жылдығына «Қорғансыздың күні» әңгімесің сахналап «Өнегелі театр» аталымына ие болды.

Өзі ұйымдастырған «Ес-Аймақ» студент – жастар театрымен Аягөз, Абай және Бесқарағай аудандарына спектакльдер қойып, халықтын алғысына бөленуде. Әрі студенттері мол тәжірибе жинауда. Көптеген түлектері Астана, Алматы және Семей қаласындағы цирк, театрларда актер болып қызмет жасап жатыр.

Кәде пьесалар жинағының және көптеген сценарийлер мен мақалалар авторы. Қоғамдық жұмыстарға белсеңе араласады.

АЛЕПАРОВА МЕЙРАМГУЛЬ АКШАБЕКОВНА

Театр өнері мамандығының оқытушысы

Алматы мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы театр және көркемсурет институты. Мамандығы: театр және кино актеры Біліктілігі: театр және кино актрисасы М.Әуезов атындағы Семей университеті Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті Біліктілігі: қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі.

17.09. 1979 ж. ОҚО Бөген ауданы мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі.

01.10.1987 ж. Алматы мемлекеттік Т.Жүргенов атын. Театр және көркемсурет институты, Сахна тілі пәнінің аға оқытушысы.

01.10.1996 ж. М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің театр өнері мамандығының оқытушысы.

Қала бойынша студент жастарды, мектеп оқушыларын республикалық көркем сөз оқулары, Абай оқулары байқауларына дайындау. Жасөспірімдердің тіл мүкісін жоюға әдістемелік көмек көрсету. Қалалық мәнерлеп оқу байқауларында әділқазылар мүшесі болу.

2015жыл - Гүлжиһан Ғалиева атындағы I-ші Халықаралық көркемсөз оқулары байқауына қатысып,шәкірті дипломант атанғаны үшін Алғыс хат.

2015 жыл - Ұлы Абайдың 170жылдығына арналған облысаралық "Абай оқулары"байқауында шәкірті II-ші орын алғаны үшін ШҚО білім басқармасының Алғыс хаты.

2015жыл - Білім беру мекемесінің 60 жылдығына орай кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін ШҚО білім басқармасының Құрмет грамотасы.

2015 жыл - Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған "Керей хан-хан Жәнібек"спектаклінде шәкірттерінің көпшілік сахнасында ойнағаны үшін ШҚО қазақ музыкалық-драма театры басшысының Алғыс хаты.

2015 жыл - Шығыс Қазақстан Облысының мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ШҚО мәдениет басқармасының дипломы.

2013 жыл - Композитор М.Төлебаевтың 100 жыл толуына орай,мәдениет пен өнер саласындағы жас мамандарды жоғары дәрежеде дайындағаны үшін ШҚО мәдениет басқармасының Құрмет грамотасы.

2012 жыл - ШҚО Семей қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Алғыс хаты.

БЕКМЕТЬЕВА ГАУХАРИЯ САМАТОВНА

ҚЦП « ӘМҚ және ХКШ» Хореография бөлімінің оқытушысы

Бекметьева Гаухария Саматовна жалпы жұмыс өтілі 36 жыл, ұстаздық тәжірбиесі 30 жыл. 1984 жылы Мәдени Алтай институтын аяқтады. Институттан «Мәдени ағарту жұмысы» , «Хореографиялық» ұжымның жетекшісі мамандығын алып шықты. Қазіргі таңда М.Төлебаев атындағы музыка саз училищесінде Әлеуметтік мәдени шығармашылық бөлімінде «классика және әдістеме», «халық би және әдістеме» , «би қойылымы» пәндерінен сабақ береді. Осы уақыт ішінде өз тәжірбиесімен білімінің арқасында «Кербез» би ансамблінің жетекшісі атанды.

«Кербез» би ансамблімен республикалық, қалалық,халықаралық конкурстарының дипломанты, лауреаты атанды.

Бекметьева Гаухария Саматовна үнемі әр түрлі дәрежені жоғарлату курстарына қатысып, сонымен қатар облыстық, қалалық курстар мен мастер-класстар өткізеді. Конференцияларға қатысып,өзіде өткізіп білімімен бөліседі.

АЛЬЖАНОВА БАХЫТГУЛЬ КАКИМОВНА

«ӘМҚ және ХҚШ» КЦП , хореография пәндерінің оқытушысы

Алжанова Бақытгул Какимовна жалпы жұмыс өтілі 31 жыл, ұстаздық тәжірбиесі 25 жыл.

1993 жылы Шымкет қаласындағы «Әл-Фараби» атындағы мәдениет педагогикалық институтты «Мәдени ағарту жұмысы», «би ұжымы жетекшісі» мамандығын бітірген.

Алжанова Б.К. жұмыс істеген уақытында өзінің білімінің жоғары екенін көрсетті. «Қазақ биі пәнінің теория және әдісі» , « Тарихи -тұрмыстық би теория және әдісі», «Би қойылымы» пәндерінің үздік ұстазы. «Режиссюра» және «Актер өнері» бөлімінің сынып жетекшісі.

«Кербез» би ансамблінің жетекшісі ретінде би тобымен халықаралық, республикалық, облыстық , қала аралық, конкурстарға қатысып жүлделі орындарга ие болды.

Алжанова Бақытгул Какимовна үнемі дәредені жоғарлату курстарына қатысып, сонымен қатар өзі де калаларға,аудандарға курстар мен мастер –класс өткізді.

ЕСИЛЬКАНОВА МАРИНА ЛЕОНИДОВНА

Преподаватель хореографических дисциплин

2011 жылдан бері Мұқан Төлеубаев атындағы музыка училищесінің, бірінші санаттағы оқытушы. Жалпы еңбек өтілі 22 жыл, аталған оқу орнында 6 жыл.

Білімі жоғары: Алтай мемлекеттік мәдениет және өнер академиясы 1991 ж., біліктілігі: «Жоғары квалификациялық мәдени-ағарту қызметкері, хореографиялы көркемөнерпаздар ұжымның жетекшісі».

Есильканова Марина Леонидовна «әлеуметтік мәдени қызметі және халықтық көркем шығармашылығы» бөлімінде хореография пәнінің оқытушысы. Есильканова М.Л. жан-жақты білімді әрқашанда ізденісте жүретін өзінің біліктілік деңгейін көтеріп, жаңашыл ұстаздардың тәжірибесімен танысып білімін көтеріп отырады. Өзінің жинақтаған тәжірибесін конференцияларда, байқауларда, арнайы курстарда, басылым беттерінде, әдістемелік қолжазбалары арқылы жас мамандарға үйретіп отырады. Ол өзін ұстаз – хореограф ретінде жоғары деңгейде көрсете білді. Оның көптеген хореографиялық қойылымдары облыстық және қалалық іс шараларында өздік орнын алып отыр.

БЕЙСХАНОВА АЙШАГҮЛ КАЛИМБЕКҚЫЗЫ

Хореография бөлімінің оқытушысы

Бейсханова А.К., 1996, жылдан М. Төлебаев атындағы музыка училищесінің бірінші санаттағы оқытушысы. Екі жоғары білімі бар: Оңтүстік Қазақстан облысындағы Гуманитарлық Универститет, Мәдени – шұғылданымпаздылық қызметі және көркем өнер ұйымдастыру мамандығы, квалификация Мәдени – шұғылданымпаздылық қызметі және көркем өнер ұйымдастыру; Мәдени –ағарту қызметкері, шұғылданымпаздылық ісінің педагогі; М. Әуезов атындағы Семей Универститеті, тарих және география. Жалпы стаж 27 жыл, педагогикалық 21 жыл.

Бейсханова Айшагүл Калимбекқызы «әлеуметтік мәдени қызметі және халықтық көркем шығармашылығы» бөлімінде, «Сценарий шеберлігінің негізі», «Драматургия және театр тарихы», «Көпшілік қойылымдарындағы халық шығармашылығы және фольклор» пәндерінің оқытушысы болып қызмет етеді. Аталған оқу орынында Бейсханова А.К. өзін мамандығын жақсы білетін, теориялық дайындығы жақсы, оқытудың жаңа әдістерін тәжірибеде қолдана алатынын көрсете білді.

Орта кәсіби мамандықтарды дайындауға арналған түрлі акцияларға сценарийін әзірледі және өткізуге белсенді ат салысады. Пәндік цикл комиссиясының апталықтарында белсендік танытып отырады, сонымен қатар басқа да іс шараларға белсене қатысып өзге де мәдениет саласындағы ұжымдарымен жақсы қарым қатынаста болып, тәжірибе алмасып жүр.

Бейсханова А.К. екі тілді: ана тілін және орыс тілін еркін меңгерген. Атқарған қызмет үшін алғыс хаттармен грамоталармен марапатталған.