Оқу орны ҚР білім беру  саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидасын – халықтың  барлық  деңгейінде олардың  зияткерлік дамуын, әрбір азаматтың шығармашылық қабілеттерін ескере отырып,білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз етуді,  қоғамымыздың  руханияты мен мәдениетін нығайтуды орындайды.

Мақсаты: Училищені инновациялық үлгідебасқарудың  моделін әзірлеу, енгізу және іске асыру

Училищенің стратегиялық даму жоспарының негізгі мақсаты кәсіби музыкалық білім беру  саласында  жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, шығармашыл ойлайтын мамандарды даярлау жүйесінің тиімділігін арттыру болып табылады.