БЕЙСХАНОВА АЙШАГУЛЬ КАЛИМБЕКОВНА

Бейсханова Айшагуль Калимбековна, жалпы еңбек өтілі 31 жыл, педагогикалық өтілі 26 жыл.

1996 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық Университетін, мәдени- шұғылданымпаздылық қызметі және көркем өнер ұйымдастыру мамандығы, мәдени ағарту қызметкері, шұғылданымпаздылық ісінің педагогі квалификациясы бойынша бітірген.

М.Төлебаев атындағы Семей музыка училищесінде 1996 жылдан «Әлеуметтік мәдени қызметі және халық көркем шығармашылығы» пәндік циклінде, арнайы  пәндер оқытушысы болып қызмет етеді.

2005 жылы М. Әуезов атындағы Семей Гуманитарлық Университеттің «Тарих және география» пәндерінің мұғалімі бойынша аяқтады.

Бейсханова А.К. мамандығын жақсы білетін, теориялық дайындығы жақсы, оқытудың жаңа әдістерін тәжірибеде қолдана алатын маман екенін көрсете білді. Оқытушының басшылығымен бөлім студенттері түрлі байқау, диспут, концерттерге белсене қатысады. 

Соңғы 5 жылдық кезенінде, келесі жұмыстарды атқарды:

  • сценарий жазу шеберлігі пәні бойынша дидактикалық жиынтығын басып шығарды;
  • сценарий жазу шеберлігі пәні бойынша мен тест жинақтарын толықтырып 50, 125 сұрақтан туратын екі нұсқасын құрастырды;
  • драматургия және театр тарихы пәні бойынша «Қазақ театр тарихы» бөлімі бойынша 3 нұсқасы бар 25 сұрақтан тұратын тест құрастырды;
  • көпшілік қойылымдарындағы халық шығармашылығы және фольклор, костюм тарихы, хореография тарихы пәндерінен тақырыптарды бектітуге арналған тесттерді құрастырды;
  • «әлеуметтік мәдени қызметі және халықтық көркем шығармашылығы» мамандықтарына арналған дидактикалық жиынтығын басып шығарды.

2017-18 оқу жылы, оқу бөлімнің нұсқауы бойынша мамандырылған аккретитацияның есебін жазуы жұмыс тобына мүше ретінде қатысты.

 2018-19 оқу жылы:

  • «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған Республикалық байқаудың өтуіне зор үлес қосып, шәкірттері жоғарғы нәтиже көрсеткені үшін ҮЗДІК ЖЕТЕКШІ ретінде мараппаталды;
  • Диплом «Рухани жаңғыру» Ұллтық бағдарламасы құрметіне арналған «ҰСТАЗ ЖАҢҚЫ -100 ЕСІМ» төсбелгімен марапатталды;
  • Қазақстан педагогтар қауымдастығы Төралқасының шешімімен қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттерінің орындалуына және педагогика саласының өркендеуіне қосқан үлесі үшін «Педагогика саласының үздігі» төсбелгімен марапатталды

2019-20 оқу жылы:

  • Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттың ұлы мұрасы» халықаралық өнер және білім фестивалінің өтуіне үлес қосып, шәкірттері жоғары нәтиже көрсеткені үшін «ҮЗДІК ЖЕТЕКШІ» ретінде марапатталды
  • Қашықтықта оқыту кезінде де белсендік танытып студенттермен интернет желіде өткен байқаулар мен акцияларға қатысты оның нәтижесі алған АЛҒЫС Хаттармен жүлделі орындар

Айшагуль Калимбековна жұмыста қызметтестерімен жақсы қарым қатынаста, оқушыларымен тіл табыса біледі. Мінезі ашық жарқын, ойындағысын бүкпей ашық айтқанды ұнатады. Бастаған ісің тыңғылықтай аяқтайды, жауапкершілікпен орындайды. Бағдарламаға сай әр қашан стандартқа сүйене отырып, жұмыс бағдарламаларын жасап, ашық сабақтарды, әдістемелік баяндамаларды қалыпты деңгейде өткізіп, пәндік цикл комиссиясының жұмысына белсене араласады. Қызметтік құжаттарға: мониторинг, журнал толтыру, тақырыптық-күнтізбелік жоспар т.б. жасауға, толтыруға ұқыпты.

Бөлім студентерімен қалалық түрлі мекемелерде, мектептерде, кітапханаларда мерекелік іс шаралар өткізді.

Бейсханова А.К. заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті оқытушы. Сондықтан болар осы бөлімнен мамандығын алып шыққан әр жылдың түлектері мен және сырттай бөлімде оқып мамандық алған, өзге қалалардағы, ауылды жердегі мәдениет үй, кітапхана қызметкерлері, жоғары оқу орындағы оқып жатқан студенттермен тығыз байланыста. Олар қызмет барысындағы әр тақырыпқа сценарий жазуға, іс шараларын өткізуге ақыл көмек сұрап, әділ қазылар мүше ретінде шақырады. Орысша қазақша екі тілде еркін сөйлейді.

КАМЗИН БОЛАТБЕК ЕРКИНБЕКОВИЧ

АЛЕПАРОВА МЕЙРАМГУЛЬ АКШАБЕКОВНА


Преподаватель специальных дисциплин высшей квалификационной категории. Образование высшее: Алматинский Государственный театрально – художественный институт имени Т. Жургенова, 1985г. Семипалатинский университет имени М. Ауэзова, 2004г.
Алепарова М.А. преподователь дисциплин-сценической речи и культура речи, высшей квалификационной категории, предметно – цикловой комиссии «Социально культурная деятельность и народное художественное творчество». 1987 году окончила Алматинский государственный театрально-художественный институт им.Т.Жургенева по специальности «актер драматического театра и кино». 2004 году окончила Семипалатинский университет им.М.Ауэзова по специальности «казахский язык и литература». Более 30 лет она работает в области театральной педагогики, составила комплексы специальных упражнений, направленных на воспитание верного голосового и дикционного звучания вокалистов и актеров.Обучает будущих артистов правдивому, органичному существованию на сцене, владению словесным действием как в речи, так и в пении. Опираясь на богатую культуру казахской речи, разработала современные методы обучения в целях воспитания вокальной орфоэпии и дикции, и достигла высоких результатов.

ТӨЛЕУБАЕВ ДАУРЕН ШӘРІПҰЛЫ

Төлеубаев Дәурен Шәрiпұлы 2001 жылы М. Төлебаев атындағы Семей саз   колледжiнiң «Театр өнерi» бөлiмiн профессор Дариға Тұранқұлқызы, профессор      Майра Смағұлқызы Омарбаевалардың класынан үздiк бiтiрiп шықты.

Еңбек жолын сол жылы құрылған «Дариға-ай» жастар театрына актер болып бастады. 2006-2011жж. Б. Бейшеналиева атандағы Қырғыз мемлекеттік өнер институтының  «Режиссура» мамандығын бітірді.

Театрдың осы бүгiнгi күнге дейiнгi шығармашылық және  ұйымдастырушылық жұмыстарында Дәурен Шәрiпұлы өте дарынды, еңбекқор,    жауапкершiлiгi мол, ұжымының беделдi де  —  белсендi, кәсiби шеберлiгi     жоғары ұстаз  ретiнде өзiн — өзi танытып келеді.

          2013 жылдан бастап М. Төлебаев атындағы музыка училищесіне «Актер өнері» мамандығы бойынша «Актер шеберлігі» және «сахналық қозғалыс негіздері» пәнінің оқытушысы болып қызметке қабылданды. 

         2014 — 2015 оқу жылында  «Сахналық қозғалыс актер шеберлігінің қайнар көзі» атты, 2015- 2016 оқу жылында «Әсемдік қимыл – актер шеберлігінің сымбаттылық сипаты» атты ашық сабақтарын  кәсіби жоғарғы деңгейде өткізіп, комиссия мүшелері бір ауыздан мақұлдады.  Болашақ актерлар, өнерпаздың табиғи қасиеттерін ашу, оны дұрыс жолға  қойып, ішкі дүниесі мен сыртқы бейнесін сабақтастыра отырып, көркем туынды, бейне жасау деңгейіне жеткізуге бейімдейтін пән осы   «Актер шеберлігі» және «сахна қозғалысының негіздері» болса,  Дәурен Шәрiпұлы шәкірттерімен дұрыс бағытта деуге болады.

         Дәурен Шәрiпұлы  — ұжым алдында абыройлы, ұйымдастырушылық  қабiлетi  жоғары,  жауапкершiлiгi мол, шәкірттеріне үлгі боларлық ұстаз. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, актерлік шеберлік дәстүрін көздің қарашығындай сақтап, аянбай еңбек етіп келеді.

2022-2023 оқу жылының пәндік цикл комиссияның жоспары 

Дуальді оқыту жүйесі

Дуальді оқыту жүйесі презентация