Мұқан Төлебаев атындағы музыка училище студенттері Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің туризмді дамыту секторымен бірігіп, Абайдың 175 жылдық мерейтойына арнап қоғамдық көліктерде Абай әндерін қарапайым халық арасына насихаттап қайтты. Мақсаты: Халық арасында Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойының жылы өтіп жатқанын, және ол біздің Шығыс еліндегі киелі жердің, өнерлі өлкенің тумасы екенін көрсету еді. Қоғамдық көліктердегі халық студенттердің бұл ісіне басында таңырқап қараса, соңынан Абай әндерін қосыла біріге шырқады. Көліктегі жүргізуші мен жолаушылар өте керемет құптарлық бастама деп студенттерімізге алғыстарын білдірді.
Студенты музыкального училища имени Мукана Тулебаева совместно с сектором развития туризма отдела физической культуры и спорта города Семей выступали с песнями Абая в городском транспорте с целью приобщить горожан к творчеству великого акына. Сперва горожаны удивились такому пению общественном транспорте, затем присоединились исполнению песни Абая. Водитель и пассажиры автобуса поблагодарили наших студентов за отличную, необычную инициативу.
17