Сыбайлас жемқорлықпен күрес – уақыт талабы.

2021 жылғы 01 наурыз күні Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінде AntiParaCraft-2021″ студенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест іс-шарасы өз жұмысын бастады. Квест-ойынның бірінші маусымының ашылу салтанаты онлайн форматта өтті.

Іс-шараның ашылу салтанатына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ш.Рахимжанова, «Саналы ұрпақ» еріктілер клубының жетекшісі М.Д.Оразгалиева және ойынға қатысушы командалар болды.

Квест-ойынына «ӘМҚ-ХКШ» — режиссура бөлімі және Актер бөлімінің ІІ курс студенттері қатысады. Мәдени шара барысында әр команда өздері сайлаған «адалдық капитандарын» таныстырды:

1.Мәметекова Жансая – режиссура бөлімінің студенті.

2.Маханова Жамила – актер бөлімінің студенті.

Адалдық капитандары студенттік активтер жиналыстарында дауыс беру жолымен сайланды.

«AntiParaCraft – 2021» деп аталған квест наурыз бойы өткізіледі.Ойын аясында студенттер QR-кодтардың көмегімен зияткерлік және шығармашылық міндеттерді шешеді, викториналарға қатысады, бейнероликтер жасап, әлеуметтік желілерде посттар жазады, әрі оларды жариялайды.

Квест ойынының мәресін 30 наурызда «Адалдық капитандары турнирі» шарасымен қорытындылау жоспарланды.

Мұндай іс-шара оқу орнынында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Аталмыш шараның мақсаты осындай ойын арқылы жастардың бойында құндылық бағдарларын дарыту, оларды адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы дағдыларды қалыптастырып, азаматтық ұстанымдарын шыңдау болып табылады.