«Жалпы білім беру пәндері»
Интеллектуалды дамыған, құзыретті, белсенді шығармашылық қызметке қабілетті мамандарды даярлауда "Жалпы білім беру" пәндері циклдік комиссиясы оқытушыларының қосар үлесі айтарлықтай жоғары. Жалпы білім беру пәндерінің қазіргі таңда жастардың өмірге көзқарасын , толеранттылық, патриотизм, жоғары азаматтық ұстанымдарға тәрбиелеу, жастардың ойлау жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.
Бірлестік оқытушылары үнемі оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын енгізу, білімалушылардың дербес жұмыс жасауына жағдай жасау, оқытылатын пәндер бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын жаңартуға бағытталған мақсатты оқу-тәрбиелік және әдістемелік жұмыстар жүргізеді.
Әлемдік білім беру кеңістігінің талаптарына сәйкес, бөлім интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныппен жабдықталған. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауын жүзеге асыру аясында білім алушылардың 3 тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеруіне көп көңіл бөлінеді. Жалпы білім беру пәндері бірлестігінің оқытушылары білімалушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін мониторингілеу және диагностикалау мақсатында үнемі тест, бақылау жұмыстары, диктанттар, викториналар өткізіп отырады.
Бірлестікте тәжірибелі оқытушылар мен жас мамандар еңбек етеді. Циклде жұмыс атқаратын 8 адамның 4- жоғары, 1- бірінші, 3- екінші біліктілік санаттағы оқытушылар.
Оспанова Ж. М. – «Жалпы білім беретін пәндер» пәндік циклдік комиссиясының төрайымы, тарих және қоғамдық пәндердің оқытушысы, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері; Ақшалова Д. Т. – орыс тілі және әдебиеті пәндерінің оқытушысы, «Қазақ халық аспаптары» -домбыра бөлімінің сынып жетекшісі;
Оразгалиева М.Д. - тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы, кәсіподақ ұйымының төрайымы, «Фортепиано», «Музыка теориясы» және «Ішекті аспаптар» бөлімінің сынып жетекшісі; Қасымжанова А. А. – математика, физика және информатика пәндерінің оқытушысы, «Хорды дирижерлеу және ән айту» бөлімінің сынып жетекшісі;
Сибанбаева Б.А. - қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерінің оқытушысы, мемлекеттік тілде аудармашы, «Қазақ халық аспаптары» -қобыз және «Орыс халық аспаптары» - баян бөлімінің сынып жетекшісі; Абишева Ж. К. – шет тілі пәндерінің оқытушысы;
Сақалов С. С. – Бастапқы әскери даярлық пәндерінің ұйымдастырушы-оқытушысы.
Батталов Е. Т. - денешынықтыру пәнінің оқытушысы.
Жалпы білім беретін пән бірлестігінің оқытушылары ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар жүргізуге белсенді қатысып отырады. Қатысу үшін Халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық байқаулар мен конференцияларға қатысып сертификат, диплом, грамоталар мен алғыс хаттарға ие болды.
Пән оқытушылары кәсіби біліктілігін жоғарылату мақсатында қаламыздағы ЖОО ұйымдастыратын және облыстық, республикалық деңгейде арнайы білім көтеру курстары мен семинарларға қатысып , біліктілігін арттырып отырады.
ОСПАНОВА ЖУМАКУЛ МУКЕНҚЫЗЫ
Тарих және қоғамтану мұғалімі, «Жалпы білім беру пәндері» пәндік-циклдық комиссиясының басқармасы
Музыкалық училищеде 1982 жылдан бері жұмыс істейді. Осы аралықта өзін белсенді және шығармашыл педагог ретінде көрсете білді. Ол өзінің мақсат қоя білу, тынымсыз еңбегі мен сабақ беретін пәніне сүйіспеншілігі нәтижесінде кәсіби биіктерге жетті. Педагогикалық қызметінде оқытудың жеке және топтық, проблемалық оқыту, ойын технологиясын, бағдарлы-тұлғалық технологияларын қолдана отырып,әрбір білім алушының шығармашылық дамуына жағдай жасайды. Сабақтары ғылымилығымен және оқушы алдына проблемалық мәселе қоя білумен ерекшеленеді.
Ж.М.Оспанова 2012 жылдан бері «Тарих сабағында проблемелық оқыту» әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыс істеуде,негізгі міндеттері: оқыту процесінде оқушының ақыл-ой бастамаларын дамыту; қазіргі қоғам талаптарына сай жеке тұлға қалыптастыру; сабақта жаңа ақпараттық технологиялар мен коммуникативтік құралдарды пайдалану болып табылады. Күтілетін нәтиже, оқушылардың тарих және қоғамдық пәндерге қызығушылықтары мен білім деңгейлері артады.
Ж.М.Оспанова алғашқылардың бірі болып өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтап-тарату ісін қолға алды. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибесін ашық сабақтар, семинарлар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар арқылы таратады. 2013 жылы оқытушының «Қазақстан тарихы сабағында инновациялық технологияларды енгізу» атты мақаласы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мақалалары жинағында басылып шықты. Ал 2014 жылы Республикалық «Педагогтың үздік портфолиосы» байқауында ІІІ-орын иеленді. 2015ж. Училищеішілік «Музыкалық білім – болашаққа көзқарас» атты ғылыми – тәжірибелік конференциясында «Қазақстан мәдениеті тарихындағы М.Төлебаев шығармашылығы» атты баяндамасын оқыды. 2013- 2016 ж.ж. оқытушы олимпиада, байқаулар және конференциялар жүлдегерлерін дайындады: Н.Асхакова, Ю.Грошева, Д.Байгелдина - ІІ-орын («Жарқын болашақ» облыстық олимпиадасы), А.Ильчук - ІІІ-орын (тарихтан қалалық байқау), С.Грошева , Ж.Сафиева - дипломдар ғылыми – тәжірибелік конференциясында.
Ж.М.Оспанованың педагогикалық еңбегінің қоғам тарапынан танылып, ескерілуі, жоғары нәтижелігінің көрінісі. 2013 жылы ШҚО әкімінің Құрмет грамотасы және ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен марапатталуы болды.
Оқытушы жұмысының тағы бір жағы, жас мұғалімдерге тәлімгерлік көмек көрсету.
АКШАЛОВА ДАМЕТКЕН ТЮДЮКАНОВНА
«Орыс тілі және орыс әдебиеті» пәнінің оқытушысы
Білімі: жоғары, Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институты, 1988 ж.
Саладағы жұмыс өтілі: 25 жыл
Даметкен Тюлюкановна педагогтік қызметіне терең теориялық дайындық, кәсіби эрудиция, жаңа ақпаратты белсенді шығармашылықпен меңгеру қаблеттігі жоғары еңбек қабілеттігі және жауапкершілік сияқты сипаттар тән.
Орыс тілі оқыту процессінде Шәкәрім атындағы СМУ орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Г.Д.Даменовамен бірлесіп 2007 жылы «Речевая деятельность: основа взаимосвязанного обучения» (ISBN) атты оқу әдістемелік құрамын шығарды.
Даметкен Тюлюкановна Акшалова «Оқу мен жазу арқылы Сыни ойлауды дамыту» жобасы аясында семинарлар циклына белсене қатысты. Аталған жобаның нәтижесі «Опыт работы учителей русского языка в рамках проекта «Развитие Критического мышления через чтение и письмо» атты оқу құралын жазды. «Бұл әдістеме бойынша өткізілген сабақтар әрбір оқушының ойлау қабілетін белсендіретіні сөзсіз.
2012 жылы жазылған «Эстетическое воспитание средствами дисциплины «Русский язык» атты әдістемелік құралында Даметкен Тюлюкановна Акшалова музыкалық училище оқушыларының эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы өзінің жұмыс тәжірибесін қорытты.
Акшалова Даметкен Тюлюкановна 2014 жылы Оқыту және даму орталығы (Астана қ-сы) ұйымдастырған «Ұлағатты ұстаз» атты IV Республикалық конкурсқа қатысып, «Сабақ» номинациясы «Әдістемелік талдамалар» бағыты бойынша ІІ орынға ие болды.
Даметкен Тюлюкановна оқушылары әртүрлі қалалық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.
· Құрмет грамотасы Шығыс Қазақстан облысы білім департаменті, 2007
· Семей қаласы Білім бөлімінің Құрмет грамотасы (2007ж.);
· Облыстық Білім департаментінің Құрмет грамотасы(2011ж.);
· ШҚО колледж директорлары кеңесінің Алғыс хаты (2013ж.);
· ММ «Семей қаласының ішкі істер саясат бөлімі» Алғыс хаты (2014ж.);
· ШҚО колледж директорлары кеңесінің Алғыс хаты (2014ж.);
· Республикалық оқыту және көтермелеу орталығынан Диплом (Астана қ-сы, 2014 ж.)
· ШҚО мәдениет, спорт және ақпарат Кәсіподак мекемесінің Құрмет грамотасы (2014ж.).
ҚАСЫМЖАНОВА АНАР АБАЙҚЫЗЫ
Жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы
Білімі: 1987-1992 ж, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Біліктілігі: Физика және математика мұғалімі
Біліктілік санатты: жоғары
Педагогикалық жұмыс өтілі: 20 жыл
Касымжанова Анар Абаевнаның нәтижелері: білім беру технологияларын үнемі жаңарту, оқытудың инновациялық және дамыған элементтерін тәжірибеде енгізу. Студенттері қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық студенттік олимпиадалар мен ғылыми тәжірибелік конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар, конференцияларға қатысып, математика және физика пәндері бойынша әдістемелік құралдарды шықты.
ОРАЗГАЛИЕВА МЕРУЕРТ ДАРУБАЕВНА
«Жалпы білім беру пәндері» ПЦК. «Тарих және қоғамдық білім негіздерінің» бірінші санатты оқытушысы.
Білімі: жоғары, Шәкәрім атындағы «Семей» Мемлекеттік университеті «тарих мұғалімі» (1996 ж.), Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті «педагогика ғылымдарының магистрі» (2016 ж.).
Меруерт Дарубайқызы – оқушыларды белсенді таным процесіне тартып, қызықтыра білетін оқытушы. Ол оқытудың қазіргі заманғы психологиялық – педагогикалық концепциялары мен әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді жетік меңгерген. Оқытушының сабақтары тұлғалық бағдарланған, оқыту процесін шебер ұйымдастырып, терең ғылыми мазмұнмен толықтырып, тәжірибелік бағытпен ұштастыра біледі.
Меруерт Дарубайқызы әрдайым өзінің педагогикалық шеберлігін жетілдіріп отырады, республикалық, облыстық, қалалық деңгейлердегі ғылыми-іс-тәжірибелік конференциялар мен байқауларға қатысады. Оқытушы өздігінен білім жетілдіру бағытында жеке әдістемелік «Ақпараттық технологиялар арқылы жеке тұлғаның коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында жұмыс істеуде. Оқытушы үнемі ашық сабақтар өткізіп, әдістемелік баяндамалар қорғайды және облыстық әдістемелік бірлестік жұмысына белсене қатысады. Меруерт Дарубайқызы – белсенді өмірлік ұстанымы бар, училищенің бастапқы кәсіподақ ұйымының төрайымы, сонымен қатар «Фортепиано», «Ішекті аспаптар» және «Музыка теориясы» бөлімдерінде сынып жетекшілігі қызметтерін қатар алып жүр.
СИБАНБАЕВА БАҒДАТ АКРАМОВНА
Қазақ тілі және әдебиет пәндерінің ұстазы
С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің филология факультеті қазақ тілі және қазақ әдебиеті бөлімін 1996 жылы үздік дипломмен тәмамдаған. Жоғары біліктілік санатты оқытушы.
Б. А. Сибанбаеваның бастамашылдығымен 2013 жылы 1 желтоқсан –ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай алғаш рет Президент оқулары байқауы өткізілді, қазіргі таңда аталған байқау ШҚО ТжКББ мекемелері студенттерінің арасында өткізілетін шаралардың біріне жатады. 2014 жылы тұңғыш рет өткізілген облысаралық «Жүсіпбек оқулары» байқауының және тағы да бірқатар облыстық және республикалық деңгейде өткізілген іс-шаралардың ұйымдастырушысы.
«М. Төлебаев атындағы музыка училищесі» КМҚК –да 2016 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2017 жылғы 8-11 сынып оқушылары арасында өткен «Ақберен»- IV республикалық ақындық пен шешендік өнер байқауының ұйымдастырушысы.
Б. А. Сибанбаева дайындаған студенттер қала, облыс, республика көлеміндегі шығармашылық байқауларда жүлделі орындар алып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Олар:
1-курс студенті Габрелиян Елена – 2017 жылы ТжКББ және ЖОО оқитын өзге этнос өкілдері студенттері арасында өткен қалалық және өзге этнос өкілдері арасында өткен облыстық Абай оқулары байқауының 1- орын иегері;
2-курс студенті Жүнісбек Бақаргүл - 2017 жылы өткен қалалық «Оралхан Бөкей оқулары» шығармашылық байқауының 1– орын иегері;
1-курс студенті Алпысбаева Ару - 2017 жылы «Аймақтық тарих – тұлғалылықтың рухани, көрегенді дамуының және азаматтылық болуының негізі» атты VIII халықаралық-тәжірибелік конференциядның 2-орын иегері;
1–курс студенті Михаил Соснин -2017 жылы ҚР Тіл туралы заңның 20 жылдығына орай , мемлекеттік тілді құрметтеу, қолдану аясын кеңейту мақсатында өзге ұлт өкілдері арасында өткізілген облыстық байқаудың 2-орын иегері;
1-курс студенттері Мазанбеков Ернұр, Нұрыбекова Айым- 2017 жылы «Мәңгілік ел мәйегі- мемлекеттік тіл» атты облыстық колледждер арасында қазақ тілінен өткен олимпиаданың алғыс хат иегерлері;
«Хорды дирижерлеу» бөлімінің 2-курс студенті Нарманбетқызы Еркежан- 2017 жылы Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне арналған «Тіл бірлігі-ел бірлігі» атты облыстық фестивальге қатысып,жоғары деңгейде өнер көрсетіп, мақтау қағазымен марапатталды.
Оқыту мен білі берудегі шығармашылық жетістіктері үшін Семей қ-сы, Мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімінің, ШҚО Білім басқармасының, ШҚО ТжКББ директорлар Кеңесінің, ҚР Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру бойынша республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің алғыс хаттарымен марапатталды.
АБИШЕВА ЖАДЫРА КАКИМОВНА
Ағылшын тілі оқытушысы
2000 жылы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжін «Бастауыш сыныптарда оқыту, қосымша ағылшын тілін оқыту» мамандығы бойынша және КазГЮИУ «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша 2009 жылы аяқтады. 2015 жылдан бастап М.Төлебаев атындағы музыкалық училищеде «ағылшын тілі» пәні мұғалімі қызметін атқарады. Абишева Жадыра Какимовна дайындаған студенттер қала, облыс, көлеміндегі шығармашылық байқауларда жүлделі орындар алып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Олар:
1курс студенті Сәдібекова Балжан 2016 жылы Қазақстан республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық «The Beauty of English Language» атты әдеби-музыкалық фестивалға қатысып бас жулде иегері атанды.
1-курс студенттері Мыржусупова Ревекка, Бекбергенова Милана- 2016 жылы қалалық колледждер арасында ағылшын тілінен өткен олимпиаданың алғыс хат иегерлері;
«Хореография» бөлімінің 1-курс студенті Рахметолла Зарина - 2017 жылы Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне арналған «Тіл бірлігі-ел бірлігі» атты облыстық фестивальге қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетіп, мақтау қағазымен марапатталды.
Оқыту мен білім берудегі шығармашылық жетістіктері үшін Семей қ-сы, Мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімінің, Семей қ-сы аймақтық кәсіподақ ұйымының, ҚР Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру бойынша республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің алғыс хаттарымен марапатталды.
2017 - 2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті Инновациялық Білім Беру Технологиялары Орталығы «Білім беру мекемелерінде ағылшын тілі пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану» бағдарламасы бойынша ғылыми-әдістемелік іс-тәжірибеден өтіп, «Teaching reading in classroom. Development of reading subskills» тақырыбында дипломдық жұмысын үздік қорғады.
САҚАЛОВ САМАТ СЫПАТАЙҰЛЫ
Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы.
1990 жылы Қарағанды педагогикалық институтының «Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі» мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Семейдің Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищеде 2000 жылдан бастап өз мамандығы бойынша жұмыс істейді.
2011 жылы «Ұлұс» - атты тарихи этимологиялық зерттеу кітәбі жарық көрген. 2013 жылы «Өмір сыры егіз екен» - атты творчествалық ән кешін өткізді.
2012 жылы «ҚРҚК 20 жыл» мерекелік медальімен, 2014 жылы «Семей қаласы АӘД орталығының 15 жылдығы» медальімен және 2016 жылы, жас ұрпақты әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Әскери-патриоттық тәрбие берудегі жетістіктері үшін» төсбелгісімен марапатталған.
БАТТАЛОВ ЕРЖАН ТҰРСЫНҒАЛИҰЛЫ
Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы
Батталов Ержан Тұрсынғалиұлы 2005 жылы М.О.Әуезов атындағы Семей университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірді. М.Төлебаев атындағы музыка училищесінде 2011 жылдан еңбек етеді.
Ержан Тұрсынғалиұлы педагогикалық қызметінің басты мақсаты ретінде : «Болашақ мамандардың денсаулықтарын нығайту, балалардың салауатты өмір салтына қарым - катынасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасау, барлық мүмкіндіктерді қолдана отырып, дені-сау, әлеуметтік - бейімделген физикалық тұрғыда дамыған адамды қалыптастыру» ұстанады.
Осы міндеттерді іске асыру үшін инновациялық білім беру технологиясын қолданады: Біздің қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, қабілетті азаматтың өз бетінше ойлауға, шешім қабылдауға және оның айналасындағы адамдардың мүдделеріне сәйкес өз қызметін құруға, дайындау міндеті орта мектепке койылады. Мәселенің шешілуі оның мектепте алған білімі мен дағдысын әрі қарай дамыту және жетілдіру.
Батталов Е.Т.- өзінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында үнемі өз білімін жетілдіріп отырады, атап айтқанда:
§ «Дене шынықтыру сабағының оқу үрдісін жаңарту арқылы білім сапасын арттыру» (2017 жыл)
§ «Білім беру мекемелерінде дене шынықтыру пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану» (2017 жыл)
2013 жылдан бері өзіндік білім көтеру бағытында «Дене мәдениеті сабағында денсаулық сақтау технологиясын қолдану» әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыс істеуде.
Сонымен қоса сыныптан тыс іс – шаралар өтіп тұрады, волейбол, баскетболдан училище біріншілігі, «көңілді сөре», денсаулық күні, эстафеталық ойындар, тоғызқұмалақ және дойбы жарыстары,қашықтықтан өткен пәндік олимпиадалар. Студенттері жыл сайын өтетін тоғызқұмалақ жарысында жақсы ойын көрсеткені үшін марапаттарға ие болып жүр.