"Музыка теориясы " бөлімі

Цикл жұмысының басты міндеті - жас музыканттарды жан-жақты әрі үйлесімді дамыту, әр түрлі музыкалық-теориялық пәндерді оқыту арқылы білім алушылардың көркемдік эстетикалық және кәсіби музыкалық талғамын қалыптастыру болып табылады.

Училищенің негізі қаланған күннен бастап "Музыка теориясы" циклінде Қазақстан Республикасының танымал қайраткерлері еңбек етті. Олардың арасында: ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор Теміржан Базарбаев, Ленин комсомолы сыйлығының Лауреаты, композитор Жолдыбай Дастенов, "ҚР Мәдениет қайраткері", композитор Олег Джанияров, "ҚР Мәдениет қайраткері", композитор Маульт Рахимбаев, музыкатанушы А. В. Гаврилюк, Р. Б. Джанияроваларды атауға болады.

Қазіргі уақытта бірлестікте ұзақ жылдар педагогикалық қызмет атқарған тәжірибелі педагогтар жұмыс істейді. Жыл сайын бірлестік оқытушылары әдістемелік семинарларға қатысып, қала және аудандардағы БММ мұғалімдері үшін шеберлік кластарын өткізіп отырады. Педагогтар өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға көп көңіл бөледі. Осы ретте

оқытушылар республикалық ірі оқу орталықтарында біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Жыл сайын "Музыка теориясы" ПЦК-ң базасында көптеген училищеішілік және қалалық іс-шаралар өткізіліп тұрады. Олар: қалалық "Жас композитор" байқауы, музыкалық-теориялық пәндер бойынша қала және аудандық БММ мен БӨМ арасында өткізілген олимпиадалар, " ХХ-ХХІ ғасыр сазгерлерінің музыкасы", " Қазақстанның қазіргі заманғы композиторлары " тақырыптарында өткізілген музыкалық-теориялық конференциялар және т. б.

Мамандықта оқитын білімалушылардың қалалық, облыстық, республикалық деңгейлердегі байқаулар мен олимпиадаларда қол жеткізген табыстары мен жеңістері бірлестік педагогтары шығармашылығының айқын көрсеткіші болып табылады.

"Музыка теориясы" ПЦК педагогтарының шығармашылық әлеуетінің басты көрсеткіші - оқытушылардың қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық дәрежедегі ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға белсенді қатысуы мен өзін-өзі жетілдіруге және білім алушыларды жан-жақты дамытуға бағытталған ұмтылысы болып табылады.

ЖҰМАНОВА ЛӘЗЗӘТ АЛПЫСБАЕВНА

Жоғары санатты оқытушы, «Музыка теориясы» пәндік-циклдық комиссиясының төрайымы. Қазақстанның сазгерлер одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі.

1990 жылы Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы музыка училищесінде бітірген.

1997 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияның атақты оқытушысы профессор Ғазиза Ахметқызы Жұбанованың композиция класына қабылданады.

2017 жылы РФ Омбы қ Мемлекеттік педагогикалық университетінді бітірген магистр дәрежесін алған.

Жұманова Л.А. өзінің кәсіби шеберлігін әрдайым жоғарылатып, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға үнемі қатынасатын, оқытудың инновациялық әдістерін қолданып жүретін оқытушы. Әрдайым өзінің кәсіби шеберлігін үнемі шыңдап жүретін, шығармашылық әлеуеті зор, мақсатты, табыскер ұстаз. Музыка училищесінде істеген жылдары шығармашылық өмірінде белсенді қайраткер ретінде өзін көрсете білді. Осы жылдар аралығында он авторлық концертін өткізді. Музыка жетекшісі ретінде белсенді қызмет атқаруда: қазіргі сазгерлер мен классиктердің шығармашылығы туралы лекция-концерттерде әр түрлі аудиториялардың алдына шығады. Сонымен қатар методикалық жұмыс жүргізуде. Әр түрлі оқу құралдары басылып шығарылды: Қазақстан және Орта Азия композиторларының материалдары негізінде сольфеджио бойынша «Музыкалық диктанттар» оқулық жинағы; «Музыка түрін талдаудың қысқаша курсы» қазақ тілінде; «Халық музыкасының ладтары» - фортепианоға арналған циклды шығармалар; «Музыкалық әдебиет» Батыс Европалық музыка, екінші оқу жылы. БММ арналғын музыкалық оқу құралы/ қазақ тілінен/; «Сольфеджио бойынша ырғаққа негізделген жаттығулар» БММ мен музыка училищесінің оқушыларына арналған; фортепианолық шығармалар 1 және 2 Альбом; фортепианолық ансамбльдері; авторлық романстар мен әндер жинағы; фортепианоның сүйемелдеуімен скрипкаға арналған лирикалық пьесалар жинағы», педагогикалық репертуарлар хрестоматиясы.

2014 ж. Оқушылары «Субдоминанта» деп аталатын облыстық конкурстың 1-ші орын (Толеубаева Н. 2 курс Кни), 1-ші орын (Даулеткалиева Р. 4 курс Кни) және 3-ші орын (Талапқызы Қ. 2 курс Кни) иегерлері және лауреат атанды (2014 Өскемен).

2017 ж. Республикалық байқаудың лауреаты Жуманова Л. А. 1-ші орыңға ие болған. Ең үздік «Ырғақтың жаттығулар» әдістемелік құрал, Каз.НУИ Астана қ.; Республикалық байқаудың лауреаты Жуманова Л. А. 1-ші орыңға ие болған, ең үздік «Халық музыкасының лайықтылығы» тақырыбына иллюстрациялық авторлық музыкалық әдістемелік құрал. Казнуи Астана қ.

«Инновационные технологии в гуманитарной сфере» деп аталатын 3-ші халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференцияның қатысушысы. Барнаул.

Композитордың шығармашылық жолы туралы документалдық кино түсірілді.

Ләззәт Жұманова шығармашылық қызметінде бірнеше мәрте алғыс пен марапаттарға ие болған.

ТӨКЕНОВА НАҒИМА МАРАТҚЫЗЫ 

"Музыка теориясының" оқытушысы

Жоғары санатты оқытушы, Семей қаласының музыкалық училищесімен және Астаналық Қазақ Ұлттық музыка академиясының түлегі.

Төкенова Нағима Маратқызы Халықаралық және Республикалық ғылыми-ториялық және практикалық конференцияларға белсене қатысады (Ресей, Барнауыл, Астана, Алматы, Павлодар қалаларында).

Жұмыс атқарған уақытының ішінде сынып жетекші, училище әдіскері, ПЦК «Теория музыкасының» төрағасы болды. Өзінің білімін жас мамандармен бөліседі және училищенің әлеуметтік өміріне белсене қатысады. Төкенова Нағима Маратқызының оқушылары көптеген байқаулардың лауреаттары. Нагима Маратқызы шығармашылық қызметінде бірнеше мәрте алғыс пен марапаттарға ие болған.

АЛЬФИЯ ГАЗИЗҚЫЗЫ ТУСУПОВА

"Музыка теориясының" оқытушысы

И.Б. Бердникова білімнің жүйесінде 1985 жылдан, ал музыкалық училищеде 1991 жылдан музыкалық-теория пәндерінің оқытушысы болып жұмыс істейді. Жоғары педагогикалық кәсибі білімі бар. Аталған оқу орынында Бердникова И.Б. өзін мамандығын жақсы білетін, теориялық дайындығы өте жақсы екенін көрсете білді. Ирина Борисовнаның ерекшелігі жұмысына шығармашылықпен қарап, сүйікті іске белсене кірісіп және педагогикалық ұсталықты үнемі жетілдіріп отырады. Өзінің жұмысының мақсаты дербес дайындалатын өнерлі, белсенді оқушыны дайындау деп есептейді. Осыған барлығына көмек жасайтын әдістің үлкен арсеналы және педагогтың әдіс-айлалардың көптігі. Ол жұрт алдында конференцияда және семинарларда әдістемелік баяндамалармен сөз сөйлейді, ашық сабақтар өткізеді, мақақалар жазып шығарады, оқу – әдістемелік нұсқау жазады, «Семейдің музыкалық өмірі» атты ғылыми-зерттеу жұмысымен айналасады.

Ол өзінің назарын оқушының адамгершілік-рухани дүниесіне, ұжымдық тәрбиеге аударады.

Өмірде Ирина Борисовна ақ көніл, кішіпейіл, жұмысқа тиянақты, әріптестердің ортасында сыйлы, құрметке ие.

ЕЛЕУГОЖИНА ЖАННАТ БЕКМУКАНОВНА

"Музыка теориясының" оқытушысы

Елеугожина Жаннат Бекмукановна Семей қаласы М.Төлебаев атындағы музыка училишесінде музыка – теориясы пәндерінің оқытушысы болып 30 жылдан артық қызмет етеді. Осы жылдар аралығында оқу кезеңін оңтайландыру мақсатында оқытудың мәселелі тұстарын шешу технологиясы, топтық жұмыс технологиялары сынды әдістеме аясындағы озық жетістіктерді қолдана білетін шығармашыл, жоғары кәсіби маман ретінде өзін көрсете білді.

Ж.Б.Елеугожина халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі теориялық және ғылымыи-тәжірибелік конференцияларға белсенді қатынасады. Дәстүрлі музыка төңірегіндегі зерттеу және насихаттау әрекеттерімен айналысады. Зерттеу нәтижелері қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық көптеген басылымдарда жарық көрген. «Традиционная музыка казахского народа в контексте современности» атты оқу-әдістемелік құралдың авторы болып табылады.

Ж.Б.Елеугожинаның оқушылары – қалалық, облыстық және республикалық олимпиадалардың қатынасушылары және жеңімпаздары. Оның дайындаған оқушылары музыкатану бойынша республикалық олимпиадалардың лауреаттары атануда (Астана, Алматы, Өскемен қалаларында). Жаннат Бекмұқанқызы өзінің жинақтаған іс-тәжірибесімен әрдайым әріптестерімен бөлісе отырып әдістемелік көмегін аямайды, қалалық семинарлар және мастер-класстар, олимпиадалар, лекция - концерттер өткізеді, жас мамандардың тәлімгері болып табылады. Тәрбиелеп ұшырған көптеген түлектері қазіргі таңда республикамыздың жоғары оқу орындарында білімдерін одан әрі ұштауда және Қазақстанның түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Педагогтық және шығармашылық табысты іс-әрекеті құрмет мадақтамалары және алғыс хаттармен марапатталуынан көрініс тапқан.

РИНАТ БИЯШҰЛЫ ДЖОЛЫМБЕКОВ

"Музыка теориясының" оқытушысы

Бірінші санатты оқытушы, 2005 жылы Астана Қазақ Ұлттық музыка академиясы «Теория музыкасы» факультетін мамандығы бойынша аяқтады.

Ринат Бияшұлы Джолымбеков 2008 жылдан бері М.Төлебаев атындағы музыка училишесі музыка – теориясы пәндерінің оқытушысы қызметін атқарады. «Музыка теориясы» бөлімінің алдыңғы қатарлы оқытушыларының бірі болып табылады. Қызмет барысында сабақтарын екі тілде де (қазақ және орыс) еркін өткізе алатын жақсы маман ретінде өзін көрсете білді. Оқытушының сабақтары қосымша әдебиеттермен қоса заманауй техникалық оқу құралдарымен өрнектеле келе әдістемелік тұрғыда дұрыс құрылған мазмұндылығымен ерекшеленеді. Педагог білім беру технологияларының, интернет-ресурстарының қызықты нысандарын меңгерген. Оның түлектері

облысымыздың және республикамыздың түрлі балалар музыка мектептерінде жұмыстарын атқаруда (Астана, Курчатов, Абай).

Кәсіби шеберлік деңгейін тұрақты түрде жоғарылата отырып ол өзінің педагогикалық жұмыс тәжірибесін әдістемелік жинақтардағы басылымдары, сөйлеген сөздері, шеберлік-класстары арқылы таратады. Конференцияларға қатынасады, қызықты әдістемелік әзірлемелердің, оқу жұмыс бағдарламаларының авторы болып табылады. Оқытушы №1 БММ ғимарат аясында өткізілетін әдістемелік оқуларда көрініп, жас педагог-теоретиктерге көмек үлесін қоса жүріп үлкен әдістемелік жұмыс жүргізуде.

Р.Б.Джолымбеков өзін ұқыпты, әріптестері арасында құрмет пен абыройға ие болған адал жұмысшы ретінде көрсете білді.

ЛАУРА ДАЙЫРБАЕВА АЯТОВНА

"Музыка теориясының" оқытушысы

2006 ж Семей қаласының М.Төлебаев атындағы музыка колледжін бітіріп,2011 ж Қазақ Ұлттық Өнер университетін « композиция» бөлімі бойынша аяқтады.

Қатысқан конкурстары:

Астана қаласында өткен студенттер арасынджа өткен олимпиаданың ІІ орын иегері.2008ж

Алматы қаласында өткен студенттер арасындағы олимпиаданың дипломанты. 2009

Талдықорған қаласында өткен М.Төлебаев атына жарияланған Республикалық композиторлар байқауының «Нәзік сезім жүректі тербейді» номинациясы бойынша ІІІ орын иегері.2009ж

Қазіргі уақытта әндер жинағы мен музыкалық әдебиетке «ХХ ғасырдың әлемдік ірі тұлғалары» атты оқу құралын жазу үстінде.

Дайрбаева Л.А. шығармашылық қызметінде бірнеше мәрте алғыс пен марапаттарға ие болған.

АНТОНИНА ОЛЕСЯ ЕВГЕНЬЕВНА

«Музыка теориясы» бөлімінің оқытушысы

2007 жылы Семей қаласының М.Төлебаев атындағы музыка училищесін бітіріп,2011 жылы Қазақ ұлттық өнер университетін аяқтады.(Астана)

О.Е.Антонина училище ішілік және қалалық мерекелік іс шаралардың ұйымдастырушысы,мысалы:

- «Жас композитор» қалалық байқауы (2011)

- Жыл сайынғы өткізілетін «ХХ-ХХІ ғасыр композиторларының музыкасы» конференциялары;«Қазақстанның заманауи композиторлары» (2012), т.б.

- Халықаралық Музыка күніне арналған фотобайқау (2014)

-«Студенттік хабарламашысы» атты алғашқы училищеішілік газеттің шығарылымы мен нұсқасы.(2014)

-Семей қаласында теледидарға шығу («Қазақстан Семей», Спектр газеті, О.Джанияровтың жеке сайты o.janiyarov.kz, «Казахстан композиторлары» шығармашылық бейнесі жайлы топтама Алматы 2017 т.б.)

– «Олега Джанияровқа арналған» облыстық концерт сценариі;композиторға меморииалдық ескерткіш тақта ашылуы (А. Г.Тусуповамен бірлесе.) (2015) т.б.

О.Е.Антонина қала ішілік және училище ішілік іс-шараларға белсене қатысқаны үшін мадақтамалар мен алғыс хаттармен марапатталды.

САЛЬМЕНОВА ДИНАРА МЫРЗАБЕКОВНА

Преподаватель "Теория музыки"

2010 жылы М.Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің «Музыка теориясы" бөлімің үздік дипломымен бітірген; 2014 жылы ҚазҰӨУ «Музыкатану» мамандығы бойынша үздік дипломымен бітірген; 2017 жылы РФ Омбы қ. Мемлекеттік педагогикалық университетінді бітірген магистр дәрежесін алған.

Сальменова Д. М ғылыми-теориялық және практикалық конференцияларға белсенді қатысады. Жыл сайын онымен«ХХІ ғасырдағы музыкалық эрудит» Өңірлік және Республикалық конкурс ұйымдастырылады және өткізіледі.

2013 жылы Астана қаласының музыкатану бойынша Республикалық Олимпиаданың лауреаты– 1 орын (жетекшісі к. и., проф. Альпеисова Г.Т.)

2017 жылы «Ақпараттық және компьютерлік технологиялар БММ және БӨМ-де қолдану» тақырыбына магистрлік диссертациясын қорғады.

Оның оқушылары Халықаралық олимпиадаларда 2, 3 дәрежелі лауреаттары. Табысты педагогикалық, ғылыми және қоғамдық қызметі Сальменова Д. М. бірнеше рет аталанып, алғыс хаттармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

БЕРДНИКОВА И.Б

Преподаватель "Теория музыки"

И.Б. Бердникова білімнің жүйесінде 1985 жылдан, ал музыкалық училищеде 1991 жылдан музыкалық-теория пәндерінің оқытушысы болып жұмыс істейді. Жоғары педагогикалық кәсибі білімі бар. Аталған оқу орынында Бердникова И.Б. өзін мамандығын жақсы білетін, теориялық дайындығы өте жақсы екенін көрсете білді. Ирина Борисовнаның ерекшелігі жұмысына шығармашылықпен қарап, сүйікті іске белсене кірісіп және педагогикалық ұсталықты үнемі жетілдіріп отырады. Өзінің жұмысының мақсаты дербес дайындалатын өнерлі, белсенді оқушыны дайындау деп есептейді. Осыған барлығына көмек жасайтын әдістің үлкен арсеналы және педагогтың әдіс-айлалардың көптігі. Ол жұрт алдында конференцияда және семинарларда әдістемелік баяндамалармен сөз сөйлейді, ашық сабақтар өткізеді, мақақалар жазып шығарады, оқу – әдістемелік нұсқау жазады, «Семейдің музыкалық өмірі» атты ғылыми-зерттеу жұмысымен айналасады.

Ол өзінің назарын оқушының адамгершілік-рухани дүниесіне, ұжымдық тәрбиеге аударады.

Өмірде Ирина Борисовна ақ көніл, кішіпейіл, жұмысқа тиянақты, әріптестердің ортасында сыйлы, құрметке ие.