ПЦК “Қазақ халық аспаптары - Домбыра”

Музыка училищесі құрылғаннан бері “Қазақ халық аспаптары” бөлімінің негізгі іргетасын қалаушы, алғашқы “домбыра” класының оқытушысы Құрманғали Рахымұлы Рахымов болды.

Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Мырзағали Рахымұлы Айдаболов училищенің директоры, домбыра-тенор класының оқытушысы және “Қазақ ұлт-аспаптары” оркестрінің дирижеріболып, республикаға танымал көптеген дирижерларды дайындады.

Көп жылдар бөлімде ұстаздық қызмет атқарған Қадыр Досымжанов – ҚР еңбек сіңірген қайраткері; Көшербай Алдажұманов, Әділбек Атығаев – Құрмет орденінің иегері; Кенжебай Алдекенов – Қазақстан Композиторлары Одағы – Ертіс өңірі Композиторлар Одағының мүшесі;Тоқан Жидебаевтардың есімдері аталады.

1978 жылы Алматы қаласында I-Республикалық оркестрлер арасында өткен конкурста Семей музыка училищесінің "Қазақ ұлт - аспаптары " оркестрі М.Р. Айдаболовтың жетекшілігімен 1-орынды иеленіп, "лауреат" атанды. 1991-2011 жылдары оркестрге ҚР еңбек сіңірген қайраткері Серік Рамазанұлы Малаев жетекшілік етті. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 1 жылдығына орай Серік Рамазанұлы – Қазақ ұлт - аспаптары оркестрімен Мәскеудің П.И. Чайковский атындағы концерт залында өнер көрсетті. 2011 жылдан оркестрге Медет Мерекеұлы Сатпаев жетекшілік етеді. Оркестр 2013 жылы Медет Мерекеұлының жетекшілігімен Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өткен әншілер байқауының өтуіне және 2014 жылы «Азия Барысы» Қазақ күресі жарысының өтуіне үлкен үлес қосты.

Бөлімнің мақтан тұтар түлектері:

С. Тұрысбеков – ҚР еңбек сіңірген әртісі; Ж. Бекентұров – ҚР еңбек сіңірген қайраткері; М. Масалимов – ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері; О. Кәрібжанов – ҚР мәдениет қайраткері; М. Қоқымбаев, М. Бексейітов, А. Байқыдыров, М. Іштебаев, С. Қанапиянов, Р. Ноғайбаев – ҚР мәдениет қайраткері; Н. Қожықов, Т. Базаров – ҚР мәдениет қайраткері; Ә. Мәженов, Т. Баяқов – ҚР мәдениет қайраткері; Н. Жүнісов, Ә. Қыңырбеков, Т. Сығаев, М. Сәрсенбеков, Д. Жүкешов, Ә. Әзірбаев, Т. Әмірбаев, Ә. Апоров, Н. Габдуллина – ҚР мәдениет қайраткері; Р. Сабекова – ҚР мәдениет қайраткері; Р. Нұрғалиев.

Қазіргі уақытта бөлімде көптеген тәжірибелі ұстаздар еңбек етуде. Ахметов Сайлауғазы Жұмағазыұлы ҚР "Мәдениет саласының үздігі", училище директоры; Малаев Серік Рамазанұлы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері; Алдекенова Мейрамгүл Тұрғалиқызы – ҚР "Мәдениет саласының үздігі", ПЦК «ҚХА - Домбыра» төрайымы ; Каримова Гүлжанат Чаймұратқызы – ҚР "Мәдениет саласының үздігі"; Ахметова Жанар Солтанқызы, Сатпаев Медет Мерекеұлы, Тұрлыбекова Шынар Бақытбекқызы, Ақашова Шұға Болатқызы, Құсайынова Мәрия Қыдырғажықызы – ҚР "Білім беру саласының құрметті қызметкері"; Самықов Аманжол Семейханұлы, Салиева Күләнда Сайтмұхаметқызы, Жанымханов Төлеген Даниярұлы жемісті еңбек етуде.

АЛДЕКЕНОВА МЕЙРАМГҮЛ ТҰРҒАЛИҚЫЗЫ

“ҚР Мәдениет саласының үздігі”,ПЦК "Қазақ халық аспаптары – Домбыра"бөлімінің төрайымы, жоғары санатты оқытушысы.

1992 жылы Мұқан Төлебаев атындағы Семей музыка училищесін “үздік” дипломмен, 1998 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын “домбыра-тенор” мамандығы бойынша бітірген. 1983, 1985 жылдары Балалар музыка мектебінде оқып жүрген кезінде Республикалық конкурстардың жүлдегері атанған.

Алдекенова Мейрамгүл Тұрғалиқызы үнемі қалалық, облыстық, аймақтық, республикалық конференциялар мен семинарларға қатысып тұрады. Музыка мектептері мен өнер мектептері арасындағы “Қазақ ұлт-аспаптары” бөлімдерінің оқытушыларына арналған қалалық әдістемелік семинарларда үнемі көмек көрсетіп, өз үлесін қосып келеді. 2013 жылы Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл толуына орай “Интеллект” баспасынан шыққан кітапқа “Домбыра үйренудің негізгі ерекшеліктері” атты еңбегі шықты.

Мейрамгүл Тұрғалиқызының оқушыларының жетістіктері:

Самарханова Н. - Сержан Шакрат атындағы Республикалық конкурста дипломант (Ақтау), ХХХІ-ші Республикалық орындаушылар конкурсында лауреат, ІІІ - орын (Алматы);

Балтин Е. – Республикалық кіші олимпиадада лауреат, III-орын 2014 ж. (Алматы);

Қазымбеков А. – XXXV – Республикалық орындаушылар конкурсында дипломант, 2014 ж. (Алматы), II-Халықаралық конкурста “Серебряные струны” лауреат, I орын 2014 ж. (Ресей, Барнаул); Республикалық кіші олимпиадада лауреат, II орын 2015 ж. (Алматы);

Жеңісбекова Бақнұр - III - Халықаралық конкурста “Серебряные струны” лауреат, II орын 2016 ж. (Ресей, Барнаул), “Көшпенділер әуені” I – Республикалық Ұлттық аспаптарда орындаушылар байқауында “Арнайы сертификатқа” ие болды, 2017 ж. (Алматы). Алдекенова М.Т. - 2010, 2012 жылдары класс оқушыларымен бірге жеке концертін берді. Мейрамгүл Тұрғалиқызы Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының мүшесі болып, Халық әртістері Ағайынды Абдуллиндер атындағы Өскемен музыка училищесінде, 2014 жылы Облыстық “Алтай жұлдыздары” конкурсында қазылар алқасының төрайымы, 2015 жылы Алматы қаласында өткен Республикалық кіші олимпиадада қазылар алқасының мүшесі, Махамбет Өтемісұлы атындағы орындаушылар конкурсында және бірнеше рет қалалық конкурстарда қазылар алқасының мүшесі болды.

Алдекенова Мейрамгүл Тұрғалиқызының өткізген ашық сабақтары:

· «Күйшілік – орындаушылық өнердің деңгейін қалыптастыруда оқушымен жұмыс» - 2014 ж.

· «Домбырашының орындаушылық шеберлігін дамыту жолдары» - 2015 ж.

· «Шертпе күй мектептерінің ерекшеліктері» Тәттімбет «Қосбасар» атты күйлері - 2015 ж.

· «Домбырада күй үйрету жолдары» - 2016 ж.

· «Шығарманың динамикасымен жұмыс жасау - 2017 ж.

Мейрамгүл Тұрғалиқызы көптеген алғыс хаттар мен грамоталарға, қала, облыс әкімдерінің алғыс хаттарына ие болған. Көп жылғы жемісті еңбегі үшін 2015 жылы “ҚР Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды.

МАЛАЕВ СЕРІК РАМАЗАНҰЛЫ

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР білім ісінің үздігі

Құрманғазы атындағы консерваториясын 1982 жылы бітірген.

1977-1983 ж.ж. Павлодар облысы Баянауыл музыка мектебінде, 1983-1988 жылдары Павлодар қаласындағы музыка училищесінде ұстаздық, дирижерлық қызметтер атқарған. 1988 жылдан Семейдің М. Төлебаев атындағы музыка училищесінде қызметін жалғастыруда.

1992 жылы 16-шы желтоқсанда оркестрмен Мәскеу қаласының П.И. Чайковский атындағы орталық концерт залында өнер көрсеткен.

1995 жылы “Бәйге” атты домбырашылар оркестрін құрды.

2002, 2012 ж.ж. республикалық байқауларда, 2014 ж. Ресейдің Барнауыл қаласындағы “Серебрянные струны” атты халықаралық байқауында әділ қазылар мүшесі болды.

2011 жылы наурыз айында Өскемен қаласында ел президентінің алдында 500 адамнан құралған домбырашылар тобына дирижерлық жасады.

2011-2016 ж.ж. М. Төлебаев атындағы музыка училищесінде директорлық лауазым атқарды.

2013 жылы М. Төлебаевтың туғанына 100-жылдығына байланысты I-ші Республикалық әншілер байқауын өткізді.

2016 жылы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен “Шыңғыстау өңірінің шертпелері” атты кітабы жарыққа шықты.

2017 жылы оқушысы Дауылхан Жалын Республикалық олимпиадада арнайы сыйлықпен, 2017 жылы оқушылары: Мәулітов Елдар, Ерзатқызы Еркежан “Ансамбль”

номинациясы бойынша Астана қаласында өткен “Таланты Востока” байқауында Гран-примен марапатталды.

КАРИМОВА ГҮЛЖАНАТ ЧАЙМҰРАТҚЫЗЫ

Жоғары біліктілік санатындағы «Қазақ ұлт аспаптар –домбыра –тенор» мамандығы бойынша оқытушы

Жоғары біліктілік санатындағы «Қазақ ұлт аспаптар –домбыра –тенор» мамандығы бойынша оқытушы. 1986 жылы Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы музыка училищесін бітірді, 1992 жылы Құрманғазы атындағы ҚҰ консерваториясын домбыра-тенор мамандығы бойынша бітірді.

Каримова Г.Ч Семей қаласы М.Төлебаев атындағы музыка училищесі «Қазақ халық аспаптар» бөлімінде 30 жылдан аса оқытушы қызметін атқарып келеді. Оқытушы кәсіби және педагогикалық деңгейін міндетті түрде жоғары оқу орындары жанындағы білім жетілдіру курстарында көтеріп отырады, бірнеше сертификаттар берілген.Мол тәжірибесін әріптестерімен бөлісіп, студенттерге ашық сабақтар, методикалық нұсқаулар, лекция-концерттер арқылы көрсетеді. Училище, облыс ,аудандық БММ-де өтетін семинарларға қатысып әдістемелік баяндама жасап, мастер класс өткізіп тұрады. Гүлжанат Чаймұратқызы өзінің орындаушылық шеберлігін арттыру мақсатында кәсіби конкурстарға қатысып отырады.Мысалы: 2003 жылы аймақтық «Күй сазы» домбырашылар сайысында бас жүлдені жеңіп, 2014 жылы Алматы қаласында Москва Мемлекеттік педагогикалық университеттің ұйымдастыруымен өткен VII Халықаралық Д.Б.Кабалевский атындағы «ХХІ ғасыр музыка оқытушысы» конкурсында ІІІ дәрежелі

дипломды жеңіп алды. Бірнеше республикалық , облыстық, қалалық конкурстарда қазылар алқасының мүшесі болды. Алматы қаласы Құрманғазы атындағы ҚҰ консерваториясында өткен Республикалық кіші олимпиадасында,2014 жылы облыстық жас домбырашылар «Күй киелі өнер» конкурсында қазылар алқасы мүшесі болды. Г.Ч.Каримова үнемі ізденіспен өзін-өзі шыңдап, сабақтарында инновациялық тәсілдер мен әдістерді қолданып отырады, дайындаған оқушылары А.Әлиханұлы, Н.Пірімбетов,М.Сәдібаев,Р.Нұркенов, Е.Мотышев, Т.Жанымханов, Д.Исахан, Б.Ардақұлы, А.Сыпатай,Е.Мағұфаров, Н.Манапов,А.Ұлықбековтер -- Халықаралық, Республикалық, облыстық конкурстарға қатысып лауреат атангып жүр. Түлектері жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастырып, республикамыздың барлық аймақтарында еңбек етіп жатыр.Табысты еңбектері үшін құрмет грамоталары, алғыс хаттармен және 2016 ж «ҚР мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды.

 

САТПАЕВ МЕДЕТ МЕРЕКЕҰЛЫ

 «Қазақ халық аспаптары» Домбыра-тенор классының оқытушысы, «Қазақ халық аспаптар» оркестірінің көркемдік жетекшісі және дирижеры.

Құрманғазы атындағы Ұлттық Консерваторияны бітіріп, М. Төлебаев атындағы училищеде 1997 жылдан ұстаздық қызметін атқарады. 2011 жылдан оркестр жетекшісі және дирижеры болып тағайындалды. Жұмысының дұрыс бағытта жүргізуінің арқасында осы бөлімдердің білім сапасын тұрақты ұстап келеді. Қалалық және облыстық БММ арасындағы «Жас музыкант» байқауларында қазылар алқасының төрағасы болды.

Осы уақыт аралығында көптеген мақтаулар мен алғыс хаттарға ие болды. Музыка мектептері мен өнер мектептері арасындағы қазақ ұлт аспаптар бөлімдерінің оқытушыларына арналған қалалық әдістемелік семинарда үнемі көмек көрсетіп, өз үлесін қосуда.

ТҰРЛЫБЕКОВА ШЫНАР БАҚТЫБЕКҚЫЗЫ

Халық аспаптары бөлімі мұғалімі (шертер, домбыра-прима)

Тұрлыбекова Шынар Бақытбекқызы 1981 жылы 1 шілдеде Семей қаласында дүниеге келген.

2000 жылы М.Төлебаев атындағы Семей музыкалық училищесін үздік бітірді.

2004 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық Консерваториясының «Шертер, домбра-прима» мамандығы бойынша үздік бітірді.

Жалпы педагогикалық өтілі - 13 жыл.

2006 жылдан бастап Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжде «Домбыра» пәндік циклдік комиссиясы бойынша Шертер, домбыра-прима мамандығы бойынша жұмыс істейді.

Жұмыс барысында ол республикалық, облыстық және қалалық жарыстарға студенттерді дайындады.

2013 жылдан бастап студенттік этно-фольклорлық ансамбльдің жетекшісі, қалалық іс-

шараларға белсене қатысады, сынып жетекшілігін жүргізеді. Қазылар алқасының мүшесі ретінде қалалық және аймақтық ауқымдағы түрлі жарыстарға шақырылады.

2014 ж. - ІІІ дәрежелі дипломмен Алматы қаласының республикалық шағын олимпиадасының дипломы - студент Айтқалиев Серікжан

2014 ж. -I дәрежелі дипломмен Алматы қаласындағыxXXXV жас орындаушылар республикалық байқауы - студент Айтқалиев Серікжан

2014 ж. - ІІІ дәрежелі дипломмен Семей қаласының «Алтай жұлдыздары» облыстық конкурсы - Құсманов Досжан

2014 ж. - Семей қаласының «Семей-Стар» аймақтық телевизиялық байқауының І дәрежелі дипломы - Құсманов Досжан

2016 - Семей қаласының Л. Хамиди атындағы халықаралық байқауының IV дәрежелі грамотасы - Құсманов Досжан

2017 - Алматы қаласындағы Республикалық шағын олимпиадаға қатысқаны үшін диплом - Мейірімбекова Шырын

Оқытушы әр түрлі біліктілікті арттыру курстарына үнемі қатысады, әдістемелік есептерді жазады. Ш.Б. Тұрлыбекова табысты педагогикалық қызметі бірнеше рет алғыс хаттармен атап өтілді.