Кітапхана

Кітапхана- ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан шырағы биік парасаттылық пен білімнің киелі орны. Кітапхананың тарихы өнер ордасының құрылғанынан басталады. Мынадай бір қағида тегін айтылмаса керек: «Жақсы кітапхана болмаса, жақсы толық қанды оқу орнының болуы мүмкін емес». Білім алушыға ақпарат әлемінің жолын ашып, білімін нығайтатын маңызы зор орын –кітапхана. Қазіргі заман талабына сай білім алушылардың сапалы білім алуларына қолғабыс жасайтын, оқу орнының ерекшеліктері мен мамандықтарына сәйкес ұйымдастырылған кітап қорының маңызы зор. Өнер ордасындағы кітапхананың кітап қоры өте бай, әрқашан сұранысқа ие, училище оқытушылары, оқушылардың және де қала музыканттарының сұраныстарын түпкілікті қанағаттандыра алады. Кітапханада 38400 дана кітап қоры, оның ішінде мемлекеттік тілде 9341 дана, 34572 дана оқу әдістемеліктер, оқулықтар, жақын, шетел композиторларының шығармалары, әдеби көркем шығармалармен қамтылған. Мысалы: П.Чайковскийдің «Времена года», В.Бетховеннің «32 сонаты», С.Рахманиновтің «Прелюдии», Шостоковичтің шығармалар жинағы және т.б. Кітап қоры керекті кәсіби оқулықтармен мүмкіндігінше толықтырылып отырады. Кітапхана жыл сайын мерзімді басылымдарға жазылу жүйелі түрде жүргізіледі. Оқырмандарға қызмет көрсету абонемент, оқу залында жүргізіледі. Кітапхананың атқарып отырған қызметі ұшан-теңіз. Кітапхана өнер ордасының қабырғасында болып жатқан іс-шаралардан ешуақытта тыс қалмайды: жаңа түскен кітаптарға атаулы күндерге, өзекті мәселелерге байланысты арнайы тақырыптар бойынша көркем безендірілген терең мазмұнды ашық, көлемді, тұрақты көрмелер ұйымдастырылып таныстырылады. Әр түрлі тақырыптарда папкалар жинақталады: «Астана- бас қалам», «Ел басы», « Мұқан Төлебаев», «Дін бірлігі-ұлт бірлігі», «Училище мақтанышы Т. Базарбаев», және т.б. Кітапхана компьютерлендірілген, кітапхана ісінде жаңа технологиялық ТОО «Kostanay Soft» бағдарламасы қолданылады.

Кітапхана –оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашы. «Мен кітапхананы ақыл-білім, адамгершілік ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды сол ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары санаймын»-деп жазушы, қоғам қайраткері Ә. Кекілбаев айтқандай, бүгінде өнер ордасында жемісті еңбек жасап, жас мамандарға үлгі-өнеге көрсетіп жүрген кітапханашылар: Солтанбаева Баян Қалымовна, Махамбетова Анар Мұратқызы игілікті істерімен қоғамға қызмет көрсетуші, өз істерінің шеберлері.

Махамбетова Анар Мұратқызы: 1993 жылы Семейдің Абай атындағы мәдениет училищесінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша, 2004 жылы Семейдің М.Әуезов атындағы гуманитарлық институтының «тарих» мұғалімі мамандығы бойынша жоғары білім алған. Жалпы еңбек өтілі 22 жыл, соның 17 жылы 1998 жылдан бері осы атаулы оқу орнының кітапханасында кітапханашы қызметін атқарып келеді.

Солтанбаева Баян Қалымовна: 1980 жылы Семейдің Абай атындағы кітапхана техникумын тәмәмдаған. Жалпы еңбек өтілі 27 жыл, соның 17 жылы осы атаулы оқу орнының кітапханасында кітапхана меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Кітапханашылар үнемі өздерінің біліктілігін көтеру мақсатында біліктілігін көтеру курстарында оқып сертификаттар алған. Жемісті еңбектері үшін училище әкімшілігінің, ШҚО кәсіподақ ұйымының грамоталары мен колледждер әдістемелік орталығының алғыс хаттарымен марапатталған. Махамбетова Анар Мұратқызының Республикалық, облыстық, қалалық мерзімді басылымдарында училище өмірін насихаттау мақсатында мақалалары жарияланып тұрады. Кітапханашылар тәжірибе алмастыру мақсатында әр түрлі тақырыпта өтетін семинар, конференцияларға қатысып тұрады.