«Арнайы фортепиано» пәндік-циклдық комиссиясында орта буын маманадарын даярлап, тәрбиелеуде күрделі міндеттерді шешуге қабілетті жоғары кәсіби біліктілікті ұстаздар қызмет жасауда. Оқытушылар жоғары еңбек өтілі мен ұстаздық тәжірибеге ие. Қазіргі кезде циклда қызмет ететін оқытушылар: Ж.А.Оразгалиева, Н.Б.Кавретская, Н.Н.Папаксениди, Р.Г.Смык, Н.В.Архипова, Ф.К.Мансурова, О.А.Пляскина, Н.А.Лобкова.

Циклдық комиссияда ұзақ уақыт жоғары санатты оқытушы және орындаушы, «ҚР-ның Білім беру ісінің үздігі» Бекишева Х.И. қызмет етті. Оның оқушысы Мақсұт Адия 2007 жылы Жас орындаушылардың ХХVIII Республикалық байқауында І дәрежелі лауреат атағына ие болды. Әр уақытта бөлімде В.Г.Рыхликов, Е.В.Рыхликова, О.В.Круглова, Н.В.Мильчакова, Т.В.Мильчакова, З.В.Маслова, Г.Г.Птущенко, Б.Г.Алимханова, С.В.Берлизова қызмет етті.

Циклдық-комиссия оқытушыларының басты міндеті, білімді және музыкалық-орындаушылық шеберлікке ие жас мамандарды даярлау. Осындай біліммен қаруланған мамандар болашақта БММ-нің мұғалімі және концертмейстер ретінде еңбек жолын бастайды, өздерінің музыкалық білімдерін жоғары оқу орындарында жалғастыра алады.

ОРАЗГАЛИЕВА Ж.А.

Жоғары санатты оқытушы, «Арнайы фортепиано» пәндік-циклдық комиссиясының төрайымы

1996 ж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын бітірген. Ж.А.Оразгалиева белсенді түрде педагогикалық және концерттік қызметін ұштастыруда, жеке концерттері және концертмейстер ретінде (Қазақ Ұлттық өнер университеті «Ішекті аспаптар» кафедрасының доценті Р.Р.Кульмаметов, ҚР Еңбек сіңіірген әртісі, профессор А.Құсайынов) жоғары кәсіби және орындаушылық шеберлік көрсетті.

Ж.А.Оразгалиева үнемі шеберлік-сыныптарын, қалалық БММ-нің мұғалімдері үшін семинарлар өткізіп отырады. Бірнеше мәрте қалалық, облыстық деңгейдегі «Жас музыкант» байқауының төрайымы және қазылар алқасынның мүшесі болды, сондай-ақ «Дарынды балалар-Қазақстанның болашағы» І Аймақтық байқауының (Семей,2013 ж.) қазылар алқасының мүшесі болды. Оқытушының көптеген шәкірттері еліміздің және оның шегінен тыс жерлерде білімдерін жалғастырып жатса, басқалары өз мамандықтары бойынша еңбек етуде. Осы еңбектері ШҚО білім департаменті, ҚР Білім Министрлігі тарапынан бағаланып, алғыс хаттармен, мақтау парақтарымен марапатталған. Ал 2017 жылы «Мәдениетке қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды.

КАВРЕТСКАЯ Н.Б.

«Арнайы фортепиано» пәнінің оқытушысы

Н.Б.Кавретская – жоғарғы санатты оқытушы, 1974 ж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын бітірген, бөлімнің жетекші оқытушыларының бірі. Наталья Борисовна ұзақ жылдар бойы бөлім меңгерушісі қызметін атқарып, оқу-тәрбие барысына аса зор үлесін қосты. Жоғары кәсіби шеберлігі үшін бірнеше мәрте облыстық мәдениет басқармасының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған, 2013 ж. «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды.

Н.Б.Кавретская концертмейстер ретінде көптеген концерттерге қатысып, әр түрлі маманадықтар бойынша:виолончель, қобыз, труба, тромбон, шертер, флейта

аспаптарын сүйемелдеген. Бірнеше мәрте қалалық, облыстық деңгейдегі «Жас музыкант» байқауының төрайымы және қазылар алқасынның мүшесі болды. Осы уақыт аралығында көптеген шәкірт тәрбиелеп шығарды, олар әр тарапта қызмет етуде. Солардың бірі Карпова Ольга (2017 ж.түлегі) Люцерн Университетінде оқуын жалғастыруда (Швецария).

ПАПАКСЕНИДИ Н.Н.

«Арнайы фортепиано» пәнінің оқытушысы

Н.Н.Папаксениди - жоғарғы санатты оқытушы, 1997 ж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын бітірген, еңбек өтілі жоғары, аса тәжірибелі ұстаздардың бірі. Оқытушы бірнеше мәрте ШҚО білім департаменті, ҚР Білім және ғылым Министрлігі тарапынан алғыс хаттармен, мақтау парақтарымен марапатталған. Н.Н.Папаксенидидің шәкірттері еліміздің және оның шегінен тыс жерлерде білімдерін жалғастыруда және өз мамандықтары бойынша еңбек етуде.

СМЫК Р.Г.

«Арнайы фортепиано» пәнінің оқытушысы

Р.Г.Смык - жоғарғы санатты оқытушы, 1981 ж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын бітірген, «Ертіс мұннары» VI Халықаралық татар байқау-фестивалінде Гран-при жүлдесіне ие болған. Осы уақыт аралығында өзін тек дарынды оқытушы ғана емес, сонымен қатар үздік орындаушы , концертмейстер ретінде көрсетті. Атап айтқанда, Бүкілресейлік байқаулардың лауреаты,скрипкада ойнаушы Альбина Хайбуллинамен, Новосібір консерваториясының студенті, халықаралық байқаулардың лауреаты пианист Дания Хайбуллинамен, «Астана-Опера» театрының әртісі Д.Қадралиновпен концерттерге қатысты. Бірнеше мәрте қалалық, облыстық деңгейдегі «Жас музыкант» байқауының қазылар алқасынның мүшесі болды. Сонымен қатар жыл сайынғы «Ертіс мұннары» халықаралық татар байқау - фестивалінің қазылар алқасы мүшесі. Р.Г.Смыктың қызметі облыстық, республикалық дипломдармен, алғыс хаттармен, ал 2017 ж.Семей қаласы әкімінің мақтау парағымен марапатталды. 2017 ж. шәкірті Омарова Ажар «Almaty music games» байқауынан І орын иеленді.

АРХИПОВА Н.В.

«Арнайы фортепиано» пәнінің оқытушысы

Н.В.Архипова - жоғарғы санатты оқытушы, 1976 ж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын бітірген. Өзінің еңбек жолында көптеген шәкірт тәрбиелеп шығарды. Олар қазір әр тарапта, әр салада, бірі жоғаоғы оқу орындарында білімін жалғастырса, бірі БММ-де қызмет етуде, сонымен қатар Семей, Павлодар,Астана қалаларында, алыс және жақын шетелдерде. Ұзақ жылдар бойы қалалық Рождество концерттерінің ұйымдастырушысы және қатысушысы болды. Сапалы еңбегі үшін ШҚО білім департаменті, ҚР Білім және ғылым Министрлігінің алғысхаттары мен мақтау парақтарына ие болған.

МАНСУРОВА Ф.К.

«Арнайы фортепиано» пәнінің оқытушысы

Ф.К.Мансурова - жоғарғы санатты оқытушы, 2008 ж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын бітірген. Мансурова Ф.К. республикалық және халықаралық байқауларға оқытушы және концертмейстер ретінде белсене қатысады. 2014 ж. «Ұлттық қазына» атты интернет-байқауының (Чебоксары қ.,РФ) лауреаты, 2014 ж.және 2016 ж. «Күміс ішектер» халықаралық байқауына (Барнаул қ.,РФ) ҚХА – домбыра бөлімінің оқушысымен концертмейстер ретінде қатысты. Жыл сайын өтетін жас орындаушылардың республикалық байқауына ән, шертер, домбыра бөлімі оқушыларымен қатысып отырады. 2016 ж. оқушысы Сафиева Жанель (Музыка теориясы) міндетті фортепиано пәнінен өткен І Республикалық байқаудан Гран-при, ал 2017 ж. Астана қаласында өткен байқаудан ІІІ-орын иеленді.

Ф.К.Мансурова 2013 ж.бері ғылыми-іс-тәжірибелік конференцияларға қатысып, мақалалар шығарып отырады. 2014 ж. композитор Л.А.Жұмановамен бірге фортепианалық пьесаларға арналған әдістемелік нұсқау шығарды. Сонымен қатар Фортепиано мамандығынан өткен облыстық, республикалық байқауларда қазылар алқасының мүшесі болды.

Пәндік-циклдық комиссияда училищеміздің түлектері, жас мамандар да жемісті еңбек етуде.

ЛОБКОВА Н.А.

«Арнайы фортепиано» пәнінің оқытушысы

Н.А.Лобкова - жоғарғы санатты оқытушы, 1999 ж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын бітірген. Н.А.Лобкова белсенді концерттік қызмет көрсетуде, оқытушының жеке концерттері Семей және Өскемен қалаларында өтті. 2014 ж. «Ұлттық қазына» атты интернет-байқауының (Чебоксары қ.,РФ) лауреаты, І дәрежелі Диплом(Белград қ.,Сербия) иеленді. Шәкірттері халықаралық байқауларда биіктен көрінуде: Романчикова Валерия «Талант-2015» (Мәскеу қ.) халықаралық байқауында І-орын, 2018 ж. Герасименко Ксения «Piano Style» (Алматы қ.) ІІІ-орын. Оқытушының өзі 2014 ж. «Менің үздік ашық сабағым» интернет- байқауында ІІ-орын алды. «Фортепианоға арналған пьесалар» атты әдістемелік нұсқау шығарды.

ПЛЯСКИНА О.А. 

«Арнайы фортепиано» пәнінің оқытушысы

О.А.Пляскина – 2001 жылы Қазақ Ұлттық музыка Академиясын (Астана қ.) бітірген. «Шабыт» Республикалық байқауының лауреаты (Астана қ. 1999 ж.), «Маэстро концертмейстер» байқауының лауреты (Волгоград қ.2017 ж.). Сонымен қатар Ресейлік концертмейстер-пианистер Гильдиясының мүшесі (Мәскеу қ.). Оқытушы үнемі республикалық және халықаралық деңгейдегі аспаптық және ән байқауларына концертмейстер ретінде қатысып отырады. Бірнеше мәрте «Үздік концертмейстер» ретінде марапатталды.