Ішекті аспаптар

«Ішекті аспаптар» пәндік-циклдық комиссиясында орта буын маманадарын даярлап, тәрбиелеуде күрделі міндеттерді шешуге қабілетті жоғары кәсіби біліктілікті ұстаздар қызмет жасауда. Бөлімнің басты міндеті – мәдениет және өнер, білім мекемелерін бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету болып табылады. Циклдық комиссия оқушылары жеке орындаушылық шеберлікпен қатар, ансамбльдік және оркестрде музыка жасауды меңгереді.

«Ішекті аспаптар» бөлімі училищенің іргесі қаланған кезден бастап құрылған. Қазіргі уақытта бөлімде мына оқытушылар еңбек етуде: М.А.Данилова – пәндік-циклдық комиссия төрайымы (виолончель сыныбы), З.Д.Рахимбаева және С.Т.Габдоллин (контрабас сыныбы), В.В:Гурьев (альт сыныбы), Б.Б.Пухов және Т.А.Төлеубаев (скрипка сыныбы).

Бөлімнің түлектері еліміздің жоғарғы оқу орындары мен алыс-жақын шетелдерде білімдерін жалғастыруда. Оқушылардың түрлі деңгейдегі байқаулардағы жеңісі, бөлім оқытушыларының шығармашылық шеберлігінің айғағы болып табылады.

«Ішекті аспаптар» бөлімі оқытушыларының үнемі халықаралық, республикалық және қалалық ғылыми-іс-тәжірибелік конференциялар мен семинарларға қатысуы, өз оқушыларын жан-жақты дамытуға деген талпынысы – ұстаздардың зор шығармашылық әлеуетінің көрінісі болып табылады.

ДАНИЛОВА МАРИНА АЛЕКСАНДРОВНА 

«Ішекті аспаптар» пәндік-циклдық комиссиясы төрайымы, жоғары санатты оқытушы

1982 жылы Мұқан Төлебаев атындағы Семей музыка училищесін бітірген. 1987 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын «виолончель» маманадығы бойынша бітірді.

М.А.Данилова - белсенді педагогикалық және концерттік қызметін ұштастырып жүрген, камералық ансамбль, симфониялық оркестр, концертмейстерлік класстың тұрақты иллюстраторы және училищелік камералық ансамбльдің жетекшісі. Оқытушы жүйелі түрде шеберлік-сыныптарын өткізеді, сонымен қатар БММ – нің мұғалімдеріне арналған семинарларға қатысып тұрады, қалалық және облыстық деңгейдегі «Жас музыкант» байқауының қазылар алқасының мүшесі.

Оқытушының шәкірттері Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында (Алматы қ.), Қазақ Ұлттық өнер университетінде (Астана қ.) білімдерін жалғастыруда және қаладағы, аймақтардағы БММ –де қызмет етуде. Марина Александровна бірнеше мәрте ШҚО Білім департаменті, ҚР Білім және ғылым министрлігінің марапатттарына және қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі алғыс хаттармен марапатталған. Сонымен қатар «Мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.

РАХИМБАЕВА ЗИНАТАЙ ДЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ

Жоғары санатты «Ішкеті асаптар – контрабас» мамандығының оқытушысы

Білімі – жоғары, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясы, «Ішкеті аспаптар – контрабас» мамандығы бойынша 1977 ж.

Марапаттары – «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» белгісі (1996 ж.).Осы саладағы еңбек отілі – 42 жыл

Рахимбаева Зинатай Джұмағалиқызы – Мұқан Төлебаев атындағы Семей музыка училищесінің жетекші кластарының бірінен саналатын контрабас класының негізін салушы және алмаспайтын басшысы, жоғары дәрежелі оқытушы.

1975 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік косенваториясын ойдағыдай тәмамдаған Зинатай Джұмағалиқызы жолдамамен Семейге келеді. Контрабас класын басқарып, ішекті аспаптар бөлімі оқушыларына жаңа аспапты игеріп, қырөсырын тануға мүмкіндік туғызады. Ұзақ жылғы педагогикалық қызметінде З.Д. Рахимбаева өзін талантты, ойлы, сабырлы, сезімтал, әрі жұмысқа ерекше қабілетті ұстаз ретінде танытты. Контрабас класына, негізінен, музыкалық сауаты жоқ ауылдық жерден келген оқушылар түсетінін ескерсек, Зинатай Джұмағалиқызың алдына қойғай мақсатына жетудегі төзімі мен біліктілілінен тек таңдай қағасың. Оған нота үйрету, қол қойылымы, контрабастың құрылысын таныту тәрізді ең қарапайым музыкалық түсініктерден бастауға тура келеді. Және небары 4 жыл ішінде ұстаз озінің шәкіртмен толағай табыстар мен үлкен нәтижелерге жетіседі.

Педагогикалық шеберлігі мен көп жылғы жемісті еңгбегі үшін З.Д. Рахимбаева «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» атағын иеленді. Оның көптеген шәкіріттері Жас орындаушылардың республикасылық конкурстарында лауреат, дипломант

атанды. 2008 жылы шәкірті В. Петрушенко әлемдегі беделді оқу орындарының бірі – П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының сутденті атанды.

З.Д. Рахимбаеваның түлектері Республикалық симфониялық оркестрде, әскери үрмелі оркестрлерде, сондай-ақ музыка мектептері мен колледжде оқытушылық қызметтер атқаруда. 1990 жылы Қурманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерватириясының ректоры Д.К. Касеинов бекіткен ішекті аспаптар кафедрасының шешімімен М. Толебаев атындағы Семей музыка училищесінің контрабас класы жас мамандарды даярлауды республикадағы тірек-базалық класс деп танылды.

Қазақ ұлттық музыка академиясы АВАК камедрасының оқытушысы С.С.Даиров оқытушы З.Д. Рахимбаеваның жұмысына жоғары баға беріп, контрабасист – орындаушыларды дайындағаны үшін алғыс білдірді. Бұл да оқытушы З.Д. Рахимбаеваның зор қызметінің жестігі.

Музыка училищесінің ұжымы алғашқы және қазіргі уақытта да жалғыз қазақ контрабасистканың Мұқан Толебаев атындағы музыка училищесінің қабырғасында қызметі әрдайым мақсаттылығымен, болжағыштығымен, жоғары кәсібі деңгейлігімен ерекшеленеді. Ол өзінің еңбек жолында көптеген шәкірттер тәрбиеледі, Қазақстан Республикасының дамуына, гүлденуіне қомақты үлес қосты. Қазір де аянбай еңбек етуде.

ГУРЬЕВ ВИКТОР ВАЛЕНТИНОВИЧ 

«Скрипка мен альта» пәнінің оқытушысы

1986 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын бітірген. Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінде 2010 жылдан бері скрипка және альт сыныбында оқытушы болып жұмыс істеуде. Қызмет еткен уақыт аралығында өзін тиянақты және сауатты оқытушы ретінде көрсетті. Ол өзінің ұстаздық қызметін Ә.Қашаубаев атындағы филармонияның камералық оркестрінің және Абай атындағы театр әртісі ретінде концерттік-орындаушылық қызметімен ұштастыруда. Виктор Валентинович училищенің симфониялық оркестрінің концертмейстері ретінде концерттік қызметке белсене қатысады. Оқытушының шәкірттері өз білімдерін жоғары оқу орындарында жалғастыруда.

ТӨЛЕУБАЕВ ТАЛҒАТ АНУАРҰЛЫ

«Скрипка» пәнінің оқытушысы

Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінде 2009 жылдан бері скрипка сыныбында оқытушы болып жұмыс істейді. Жігерлі және алдына мақсат қоя білетін, үнемі шығармашылық ізденіс үстіндегі Талғат Ануарбекұлы училищенің концерттік қызметіне белсене қатысады. Ол өзінің ұстаздық қызметін Ә.Қашаубаев атындағы филармонияның камералық оркестрінің және Қалалық мәдениет үйінің «Ай-керім» эстрадалық ансамблінде гитара аспабында ойнаушы ретінде концерттік-орындаушылық қызметімен ұштастыруда.

ПУХОВ БОРИС БОРИСОВИЧ 

«Скрипка» пәнінің оқытушысы

1992 жылы Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесін бітірген. 2011 жылы Қырғыз Үлттық Консерваториясын (Бішкек қ.) бітірді. Училищенің «Ішекті аспаптар» бөлімінде 2017 жылдан бастап скрипка сыныбында оқытушы қызметін атқарады. Осы қысқа мерзім ішінде өзін жауапты және тиянақты оқытушы ретінде көрсете білді.

Ол өзінің педагогикалық шеберлігін арттыру жолында еңбек етуде. Ұстаздық қызметін Абай атындағы театрда оркестр әртісі қызметімен ұштастыруда. Училищенің симфониялық оркестрінде иллюстратор ретінде қалалық концерттерге белсене қатысады.

ГАБДОЛЛИН САМАТ ТОЛЕУГАЗЫЕВИЧ 

Преподаватель по специальности «Контрабас»

В 2011 году окончил Семипалатинское музыкалтное училище и.м. М.Тулебаева. В 2015 году окончил Казахский Национальный Университет Исскуство по классу «Контрабас». Габдоллин С.Т активнозанимается педогогической и концертной деятельностью ,является иллюстратором Казахского оркестра.

Габдоллин С.Т принимает участие в городском семинаре для преподавателей ДМШ.