Күнделікті тақырыптық жоспарға сәйкес 2-курс студенттері тарихи-өлкетану мұражайына саяхатқа барды. Мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін қалыптастыру, танымдық белсенділігін дамыту және туған өлкенің тарихымен жақындастыру. Туристік экскурсиялар, экспидициялар арқылы оқушының мамандығына және туған өлкеге деген патриоттық сезімдерін дамыту. Қазақтың салт –дәстүрін, тұрмыс тіршілігін дәріптеп,оны бағалауға тәрбиелеу. Туған өлкеге сүйіспеншілігін ояту. Мұражай табиғатты, өсімдіктер мен жануарлар әлемін аялауға, тарих ескерткіштеріне ұқыпты болуға үйретеді.
Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.
Балалар қызықты және танымды ақпарат алды. Мұражай қызметкерінің айтуынша, қорында қырық жылға жуық уақыт бойы қордаланған аса құнды экспонаттары бар мұражай жұмысы бұдан былай да өзгеше жандана түспек.
16