Білім беру мекемелерінің қашықтан оқытуға көшуіне байланысты кезекті «Адалдық сағаты» республикалық акциясын онлайн форматында өткізу жоспарлануда.
Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, оның тақырыбы «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» ретінде айқындалды.
Бүгінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен қазақ және орыс тілдерінде тиісті бейне-дәріс әзірленді
Кезекті «Адалдық сағаты» а.ж. 18 мамырында орта білім беру мекемелері (9-11 сыныптар) және жоғары және орта кәсіптік білім беру ұйымдары (1 курс студенттері) үшін онлайн форматта (ютубтағы бейне-дәрісті көрсету арқылы) ұйымдастыру қажет. Сонымен қатар, облыстық «Алтай» телеарнасының эфирі арқылы бейне-дәрістің көрсетілімі ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, «Адалдық сағаты» республикалық акциясының өткізілгендігі туралы БАҚ-да жарияланымдар жасау қажет.