Кітапхананың оқу залында  «Мейірім төгетін ана» кітап көрмесі өтті

«Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесі» кітапханасының оқу залында  «Мейірім төгетін ана» атты  «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорын ұйымдастырушы және президенті Сара Алпысқызының 80 жылдық мерейтойына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты  — оқырмандарға Сара Алпысқызы жайлы жалпы мағлұмат бере отырып, өмірбаяны және адами құндылықтарға бай шығармаларымен таныстыру.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаты: әрбір оқушының жеке тұлғалылығын және ішкі әлемін ойлауды қамтамасыз ету; өмірдегі ең маңызды құзіретті мақсатты дамытудың негізінде үйлесімді тұлғаны қалыптастыруға үлесін қосу: өзінің өмірлік айқындамасын анықтау; адамгершілік нормаларына сәйкес әр түрлі сұрақтарды конструктивті түрде шешу; өзіне, адамдарға және қоршаған ортаға ізгі көңіл бөлу; адамдарға көмек көрсету, жақындары мен туысқандарына қамқорлық жасау; өз-өзімен үйлесімде өмір сүру; ойларында, сөйлеген сөздерінде және әрекеттерінде шынайы болу; жасампаздық белсенділікті, азаматтылықты және отансүйгіштікті көрсету; адамгершілікті таңдауда дайындығын көрсету және өзінің ойына, сөйлеген сөзіне және әрекетіне жауапты болу; қоғамға қызмет етуді тәжірибеде дамыту. Сара Назарбаева.