15 наурыз – жайлау күні.

15 наурыз – жайлау күні. Дәл осы күні табиғат анаға ерекше көңіл бөлінеді. Яғни, тұрғындар көшет егіп, қоқыстан тазарту шараларын ұйымдастырады. Шырайлы Шығысқа кеш келетін көктем мезгілі бұл игілікті шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермегенімен, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында аталып өтетін бұл мерекенің мәні мен маңызы зор. «Бір тал кессең, он тал ек» — деп дана халық айтпақшы, игі іске мұрындық болған Ұлыстың ұлы күнін тойлау аясында, «ӘМҚ және ХКШ»- режиссура 2 курс студенттерімен арнайы пәндер ұстаздары Шаяхметова Г.А. мен Бейсханова А.К. оқу кабинеттегі гүлдердің топырақтары мен ыдыстарын жаңартып мерекенің екінші күнін осылай атап өтті. Көрісу күнімен басталған ұлық мереке, жайлау, шежіре күндерімен де жалғасын таппақ.