«Қазақ халық аспаптары – Домбыра » ПЦК – ның есебі .
2019-2020 оқу жылы, 1 – жарты жылдық.
2019 – 2020 оқу жылының 1 – жарты жылдығында бөлімнің барлық оқу – тәрбие жұмысы бекітілген жоспар бойынша жүргізілді.Оқытушыларымызәр түрлі конкурстарға,семинарларға қатысып, біліктіліктерін арттырып отырды. Қала,ауыл мектептерінде әдістемелік көмек көрсетіп , шеберлік кластар өткізіп, шығармашылық қатынаста болып тұрды. ПЦК – ның проблемалық ізденіс тақырыбы : « Училищенің оқу процесінде инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқыту саласын арттыру». Пәндік – циклдік комиссияның міндеті– «Музыкалық білім беру саласында жүйелі түрде оқыту бағдарламасы бойынша оқушылардың творчестволық белсенділіктерін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай инновациялық технологияны қолдана отырып, оқушылардың жалпы орындаушылық қабілетін дамыту — жетілдіру, өз мамандығының жақсы маманы болып шығуын арттыру, оқу жүйесін одан ары жақсарту». Алғашқы оқуға түскен оқушыларды оқуларын бітіргенше сақтап қалуға тырысу, оқушылар санын түсірмеу.
ПЦК қызметкерлерінің құрылымы
«Қазақ халық аспаптары – Домбыра» пәндік – циклдік комиссиясында – 11 оқытушы . Олардың ішінде : 8 – оқытушы негізгі штатта, 3 –оқытушы қосымша сағаттарға жұмыс істейді. Барлық оқытушылардың базалық жоғары білімі бар. 8 – оқытушы жоғары санатты, 2 – оқытушы екінші санатты , 1 – оқытушының санаты жоқ. Барлық оқытушылар қазіргі заман талабына сай компьютерлік технологияны меңгерген,талапқа сай жұмыс атқарады.
Ұйымдастыру жұмыстары
Оқу жылының басында 1 – жарты жылдыққа арналғансабақ кестелері, училище іші — аралық тәжірибе алмасу, сабақтарға қатысу кестесі, календарлық – күнтізбелік жоспар, оқытушының жеке жұмыс жоспары, әр пәнге жеке жұмыс жоспары, ашық сабақтар, әдістемелік баяндамалар және пәндік – циклдік комиссияның жылдық жұмыс жоспарлары бекітіліп, жалпы ПЦК – ның міндеттері қаралды. 2019 – 2020 оқу жылының 1 – жарты жылдығында 5 – отырыс өтті, олардың барлығы да хаттамалармен жазылды.
Оқу – әдістемелік жұмысы
ПЦК – ның оқу – әдістемелік жұмысы жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіліп отырды. Оқу жылының басында бекітілген кесте бойынша мамандық пәндері бойынша академиялық концерт, техникалық сынақ, ансамбль класы, оркестрмен жұмыс жасау және оқу бітірушілердің мемлекеттік емтихан тапсыратын пәндер бойынша тыңдау уақытында өткізіліп отырды. Кесте бойынша барлық көрсетілген пәндер бойынша барлық оқушылар қысқы сынақ- емтихандар тапсырды.
1 — жарты жылдықта 3 – ашық сабақ ,2 – әдістемелік баяндама тыңдалды . Ашық сабақтар : «Мамандық» пәнінен оқытушы – Ахметов С.Ж. өткізді.Өткізілген уақыты : 26.10. 2019ж . Тақырыбы: «Қазақстан композиторларының домбыраға арнайы жазылған шығармаларымен жұмыс жасау». Оқушы «домбыра» класының 3 курс оқушысы – Дүйсенов Әмір, концертмейстер – Чиж О.М.. Алдымен оқытушы өткенге қысқаша шолу жасап , үй тапсырмасын қайталап өтті.Сабақтың бұл бөліміндеоқытушы оқушының өткен сабақта берілген үй тапсырмасын, қол қойылымын, ойнау ерекшелігін тексерді. Үй тапсырмасы: Абылдың « Нарату»күйі болды. Тексеру барысында дыбыстардың қою, таза шығуына көбірек көңіл бөлінді. Оқушының үй тапсырмасын біршама тәуір дәрежеде дайындап келгені анық байқалды. Сонымен бірге әр түрлі жаттығулар, гаммалар, арпеджиоларды ойнатылды. Жаңа шығарма А. Жайымовтың «Шалқыма» шығармасы болды. Оқытушы шығарманы талдамас бұрын өзі концертмейстермен қосылып ойнап, шығарманың ерекшеліктері мен өзгерістері жайлы айтты.Одан кейіноқушыға ойнатып,қолдарын, жиі түзеп ескертіп отырды.Оқытушы жалпы шығарманың шығу тарихын, композитордың өмірбаяны туралы да айтып өтті.Шығармадағы динамикалық белгілер , оң қолдағы штрихтар , сол қолдағы аппликатура қойылымдарымен жұмыс жасалды. Жалпы ашық сабақ өз дәрежесінде өтті, сабақ соңында бөлім ұстаздары өздерінің жақсы ой-пікірлерін айтып, тілек білдірді.Келесі ашық сабақты 20.11.2019 ж. «мамандық» пәнінен Самықов А.С. өткізді. Ашық сабақ тақырыбы: « Шетел композиторлары шығармаларымен жұмыс жасау».Оқушы – Абдилова Дильназ 2 курс,концертмейстер: Смык Р.Г. Үй тапсырмасы: Й.Гайднның «Венгерское рондо» шығармасы болды. Үй тапсырмасы барысында дыбыстардың қою, таза шығуына көбірек көңіл бөлінді,сонымен қатар әр түрлі жаттығулар, гаммалар, ойнатты, арасында оқытушы бірге концертмейстермен қосылып ойнап отырды. Оқушы өте жақсы ойнап, аспапты жақсы меңгеріп келе жатқанын, барыншаойынын көрсете білді. Жаңа шығарма З.Абреу «Тико-тико» шығармасы болды. Оқытушы шығарманы талдамас бұрын өзі концертмейстермен қосылып ойнап, шығарманың ерекшеліктері мен аппликатурасы жайлы айтты.Одан кейін оқушыға ойнатып,қолдарынтүзеп, уақытында ескерту жасап отырды.Оқытушы жалпы шығарманың шығу тарихын, композитордың өмірбаяны туралы да айтып өтті. Шығармадағы динамикалық белгілер , оң қолдағы штрихтар , сол қолдағы аппликатура қойылымдарымен жұмыс жасалды. Жалпы ашық сабақ өз дәрежесінде өтті,оқытушы оқушыға сабақ соңында бағасын қойды.Тағы бір ашық сабақты «шертер» аспабынан «мамандық» пәнінен оқытушы Тұрлыбекова Ш.Б. өткізді. Ашық сабақ тақырыбы: «Домбыра – прима, шертер аспаптарында шығарма және күй ойнау ерекшеліктері»,оқушы — Мұратқазин Уәли 1 курс, концертмейстер : Мансурова Ф.К. Ашық сабақта оқытушы жаңа технология әдістерімен өткізді.Алдымен үн таспаларынан шығармалар, күйлер тыңдалды, проектор арқылы ашық сабаққа керекті құралдар, ақпараттар көрсетіліп отырды және видео жазба арқылы ойналатын шығармаларды алдын – ала тыңдап алынып, ерекше жерлерінен үзінді қойылып отырды. Ашық сабақ барысында К.Сен-Санс «Лебедь» және Халық күйі «Ой толғау» шығармалары талданды.
«Әдістемелік баяндамалар».Әдістемелік баяндаманы оқытушы Ахметов С.Ж. дайындады. Тақырыбы : «Шертпе күйлердің аймақтарға бөлінуі». Өткізілген уақыты : 12.11.2019ж. Әдістемелік баяндамада шертпе күй үйрену жүйесінің түрлі бағыттары, күйлердің өңірлер бойынша дамуы, күйшілік мектептердің қалыптасулары туралы ашып, талдап жазған. Шертпе күйлердің табиғи түрін, яғни үн таспаларды тыңдай отырып дәстүрін бұзбай, шертпе күйге бейімдеп үйрету, құйма құлақ немесе оқушының қабылетіне қарай нота арқылы үйрету. Сонымен қатар күйшілік мектептер туралы, зерттеушілер туралы,бізге жеткізушілер,орындаушылар туралы жеткізе білген. Бұл баяндаманы тыңдай отырып, бөлім ұстаздары өз ойларымен де бөлісе отырды.Жалпы баяндама жақсы жазылған,күнделікті сабақта пайдасы зор. Тағы бір әдістемелік баяндаманы оқытушы – Алдекенова М.Т. дайындады. Өткізілген уақыты: 23.12.2019 ж. Тақырыбы: «Оқушыға алғашқы домбыра үйретуде басты назарда ұстайтынқағидалар».Әдістемелік баяндамада оқытушы алғашқы сабақбарысында күй үйрену жүйесінің түрлі бағыттары, күйлердің ойналу ерекшеліктері, күйшілік мектептерге қарай қалыптасулары туралы ашылып,жалпы алғашқы күй үйрену кезеңіндегі басты назарда болатын нәрселерді талдап жаза білген. Жалпы мектеп жасындағы баланың жас шамасына, ойнау қабылетіне қарай дұрыс репертуар таңдай білу, оны ары қарай алып кетуіне, үйретуге қандай жұмыс жасау керектігін,түрлі әдістерін жазған.Бұл баяндаманы тыңдай отырып, бөлім ұстаздары өз ойларымен де бөлісе отырды.Жалпы баяндама жақсы жазылған,күнделікті сабақта оқушыларға оқу құралы ретінде пайдалануға болады деп бөлім ұстаздары өздерінің жақсы пікірлерін білдірді.
Бөлім ұстаздарының жетістіктері :
28.10. күні Павлодар қаласында Рүстембек Омаровтың туғанына 100 жыл толуына орай өткен үлкен іс-шарада оқытушы – Малаев С.Р. құрметті қонақ ретінде шақырылып, Алғыс хатпен марапатталды.
01-03.11. күндері аралығында өткен 1-Республикалық Т.Базарбаев атындағы конкурста оқытушы — Каримова К.Ч.қазылар алқасының мүшесі болды.
11- 13.11. күндері Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі институционалдық аккредиттеу мақсатында оқытушы — Алдекенова М.Т. ARQA аккредиттеу және білім сапасын сараптау бойынша тәуелсіз агенттігініңсарапшысы (эксперт) болды және тәуелсіз сарапшы сертификатына ие болды.
08.11. күні Өскемен қаласында өткен Халықаралық «Самғау» атты конкурстажәне 07.12. Семей қаласында өткен 1-Аймақтық Нұрилә Азильханова атындағы байқауда оқытушы – Тұрлыбекова Ш.Б. қазылар алқасының мүшесі болды.
13.12. күні қаламызда өткен « Тәуелсіздік тұғырым» атты Ақындар айтысында оқытушы – Малаев С.Р. қазылар алқасының құрамында болды.
20.12. күні Қалбатау ауылында осы өңірдің «Кәусар» қазақ ұлт-аспаптары оркестріне 25- жыл толуына орай өткен іс-шарада, оқытушыларымыз – Ахметов С.Ж., Малаев С.Р. Жарма ауданына қосқан үлестері үшін «25-жыл» төс белгісімен және Жарма ауданы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.2019 жылдың желтоқсан айында «Жәрдем» (Семей қ.) баспаханасынан шыққан «Педагогикалық және орындаушылық шеберлік тәжірибелерінен» атты жинаққа ұстаздарымыз – Ахметов С.Ж.,Малаев С.Р., Каримова К.Ч.,А.С. Самықовтардың мақалалары шықты.
Концерттік және шығармашылық бөлімі
Бөлімде атқарылатын барлық жұмыстар жылдан жылға жақсарып келеді.Бөліміміздің жетістіктері: Оқушыларымыз Халықаралық , Республикалық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Атап айтқанда: 06.10.күніӨскемен қаласында өткен Халықаралық «CITY STAR» конкурсында 3 курс оқушылары — Каримов Ж. «Гран-При», Бимұқан Қ. «Гран-При». (Оқытушылары – Алдекенова М.Т.), 4 курс оқушысы – Ануарбекова А. « Гран- При». (Оқытушысы – Алдекенова М.Т.) атақтарына ие болды.Осы конкурста 3 курс оқушысы – Жармұхамбетова А. 1-орынға ие болды . (Оқытушысы – Құсайынова М.Қ.).
- 11.күнді Өскемен қаласында өткен «Самғау» атты Халықаралық байқауда 4 курс оқушысы – Кусманов Д. «Гран-При», 1 курс оқушысы – Мұратқазин У, 1- орын, 3 курс оқушысы – Мақсұтов Қ. 2-орынға ие болды. (Оқытушылары – Тұрлыбекова Ш.Б.). Осы конкурста 3 курс оқушылары –Рамазанова Г. «Гран – При» (оқытушысы- Каримова К.Ч.), Өмірзақов Ө. «Гран- При» (оқытушысы -–Салиева К.С.),Шымырбаева Ж.-1 орын (оқытушысы – Ахметова Ж.С.)ие болды.
20.12. күні Қалбатау ауылында осы өңірдің «Кәусар» қазақ ұлт-аспаптары оркестріне 25- жыл толуына орай өткен іс-шарада, 3 курс оқушысы Өмірзақов Ө. осы оркестрге қосқан үлесі үшін «25-жыл» төс белгісімен марапатталды.
Оқу жылының 1- жарты жылдығында оқушыларымыз көптеген концерттерге, училище,қала ішінде өтіп жатқан мәдени іс – шараларға жеке орындауда, күй тартыс, ансамбль, оркестр құрамдарында өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар Абай атындағы музыка – драма театрында,Абай атындағы мұражайда,Абай атындағы кітапханада,Достық үйінде,Қалалық мәдениет сарайында,Жастар сарайында,Қарттар үйінде, Жұмыс қамту орталығында,Әскери бөлімдерде,Аэронавигация мекемесінде, қаламызда жаңадан ашылған көп салалы Спорт кешенінің ашылуына және т.б. көптеген өнер ошақтарында оқытушы – Серіков Ә.С. жетекшілігімен өз үлестерін қосып,училищеміздің мәртебесін көтеріп келді. Барлық қатысушы оқушылар мен ұстаздарымыз Алғыс хаттар мен Грамоталармен марапатталды.
Кәсіби – ориентациялық жұмыс
- 09. 2019 ж. Оқытушы – Алдекенова М.Т. қалалық № 16 орта мектебінде 9- сынып оқушыларымен кездесіп, «Қазақ халқының ұлттық аспаптары» атты баяндама оқып, түрлі аспаптармен таныстырып, кәсіби –ориентациялық жұмыс өткізді.
28.10. 2019 ж. Оқытушылар – Ахметова Ж.С.,Тоқсанбаева К.Б. қалалық № 37 мектеп – гимназиясында «Музыка училищесі шақырады» атты тақырыппен 9- сынып оқушыларына кәсіби –ориентациялық жұмыс өткізді.
02.11.2019 ж.Оқытушы- Каримова К.Ч. қалалық Т.Базарбаев атындағы Балалар өнер мектебінде «Өнерлі өрге жүзер « атты тақырыппен кәсіби –ориентациялық жұмыс өткізді.
26.12.2019ж. Музыка училищесінің Акт залында оқытушылар – Алдекенова М.Т., Малаев С.Р. ұйымдастыруымен «Музыка училищесінің алғашқы ірге тасын қалаушылар « атты тақырыппен , бөліміміздің ұлағатты ұстазы, домбырашы – Алдажұманов Көшербай Иманғалиұлының туғанына 70 жыл толуына орай концерт ұйымдастырылды. Осы концертке қала мектептерімен, музыка мектептерінің оқушылары да қатысып тамашалалады, арасында оқуға түсуге ниет білдіргендері болды.
Тәрбие жұмысы
Оқу жылының 1 – жарты жылдығында оқушылармен тәрбие жұмыстары өткізіліп, тақырыптық класс сағаттары өтті. 20.09. күні «Әдептілік әліппесі» атты тақырыпта 1-2 курс класс жетекшісі-Салиева К.С.. класс сағатын өткізді. 29.11. күні 3-4 курс класс жетекшісі – Абишева Ж.К.. « Шылым шегудің зияны» атты тақырыпта класс сағатын өткізіп, анкета сұрақтарымен бірге сұрақ-жауап алынып, оқушылармен пікір алысты.
Бөлімде тәртіптері тым нашар оқушылар жоқ, арасында сабақты босататын оқушылардың ата – аналары шақыртылып,оқу жылы бойытәрбие жұмыстары жүргізіліп келді.Сонымен қатар өз еріктерімен балаларының оқу үлгерімін , жағдайын біліп, хабарласып келіп тұратын ата – аналарда бар. Жалпы бөлімнің тәрбие жұмысының жоспары бойынша әр түрлі сала қызметкерлерімен бірнеше кездесулер ұйымдастырылды.
«ҚХА-Домбыра»ПЦК-ның төрайымы: М.Т.Алдекенова
ПЦК «Қазақ халық аспаптары — Домбыра»
2019-2020 оқу жылының 2 – жарты жылдықта қашықтықтан оқыту жағдайындағы қорытынды ЕСЕБІ. ПЦКТ — Алдекенова М.Т.
2019– 2020 оқу жылының 2 – жарты жылдығында бөлімнің барлық оқу – тәрбие жұмысы бекітілген жоспар бойынша жүргізілді. Оқытушыларымыз түрлі семинарларға қатысып, біліктіліктерін жиі арттырып отырды. Қала,ауыл мектептерінде әдістемелік көмек көрсетіп , шеберлік кластар өткізіп, шығармашылық қатынаста болып тұрды. ПЦК – ның проблемалық ізденіс тақырыбы : «Музыкалық білім беру саласында жүйелі түрде оқыту бағдарламасы бойынша оқушылардың творчестволық белсенділіктерін қалыптастыру». Пәндік – циклдік комиссияның міндеті — қазіргі заман талабына сай инновациялық технологияны қолдана отырып, оқушылардың жалпы орындаушылық қабілетін дамыту — жетілдіру, өз мамандығының жақсы маманы болып шығуын арттыру, оқу жүйесін одан ары жақсарту. Алғашқы оқуға түскен оқушыларды оқуларын бітіргенше сақтап қалуға тырысу, оқушылар санын түсірмеу.
ПЦК қызметкерлерінің құрылымы
«Қазақ халық аспаптары – Домбыра» пәндік – циклдік комиссиясында – 11 оқытушы . Олардың ішінде : 8 – оқытушы негізгі штатта, 3 –оқытушы қосымша сағаттарға жұмыс істейді. Барлық оқытушылардың базалық жоғары білімі бар. 8 – оқытушы жоғары санатты, 2 – оқытушы екінші санатты , 1 – оқытушының санаты жоқ. Барлық оқытушылар қазіргі заман талабына сай компьютерлік технологияны меңгерген,талапқа сай жұмыс атқарады.
Ұйымдастыру жұмыстары
Оқу жылының басында және 2 – жарты жылдықтың басында сабақ кестесі,училище іші — аралық тәжірибе алмасу, сабақтарға қатысу кестесі, календарлық – күнтізбелік жоспар, оқытушының жеке жұмыс жоспары, әр пәнге жеке жұмыс жоспары, ашық сабақтар, әдістемелік баяндамалар және пәндік – циклдік комиссияның жылдық жұмыс жоспарлары бекітіліп, жалпы ПЦК – ның міндеттері қаралды. 2019 – 2020 оқу жылының 2 – жарты жылдығында 3 отырыс болды, осы екінші жарты жылдықта 16.03.2020 ж. бастап,елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты оқу жүйесі қашықтықтан оқыту жағдайына көшті, 3 отырыс интернет жүйесі Zoom бағдарламасы арқылы байланыста өтті,барлығы хаттамалармен жазылды.
Оқушылардың оқу үлгерімі/Мемлекеттік емтихандар қорытындысы
«ҚХА — Домбыра»мамандығы бойынша 7 оқушы мемлекеттік емтихандарды тапсырды.Олардың ішінде:6 оқушы «домбыра–тенор»,1 оқушы «шертер» мамандығы бойынша тапсырды.
«Концерттік бағдарламаны жеке орындау» Мамандық пәні бойынша жалпы түлектердің дайындық деңгейлерін өте жақсы деп айтуға болады. Түлектердің барлығы да өздеріне берілген бағдарламаны толық меңгеріп, жеткізе алды, жақсы ойындарын көрсетті. Домбыра аспабын меңгерген түлегіміз Ануарбекова Аружанның аспапта ойнау шеберлігі, аспапты меңгеруі, түлектердің арасында ерекшеленіп тұрды, жалпы түлектердің бағалау барысында, осы оқыған оқу жылдары ішіндегі жиынтық қорытынды бағалары жоғары екені көрініп тұрды. Домбырашылардың репертуарында Батыс Қазақстан төкпе күй мектептерімен қатар Арқа, Қаратау т.б. шертпе күй мектептерінің туындыларын шебер жеткізе алғандықтарын атап өтуге болады оқу бітірушілердің деңгейінің өскені, ойнау шеберліктері, техникалық ойнау жағынан да аса жауапкершілікпен дайындалғандары айқын көрінеді. Барлық 7 оқушы 5 (өте жақсы) деген бағаға тапсырды. Жалпы үлгерімдері- 100% ; Сапалық үлерімдері – 100 % . Орта балл – 5,0 .«Ансамбльдік орындаушылық» пәні бойынша ансамбльдің орындауындағы шығармалардың барлығы жоғары деңгейде орындалды. Осы емтиханға оқу бітірушілер өте жақсы дайындығын көрсетті. Ансамбль жетекшісінің еңбегі анық байқалып тұрды, көп орындала бермейтін, естілмеген шығармаларды жақсы өңдеп, ансамбльге түсірген, бағдарламалар дұрыс таңдалып алынған. Бағдарламаның ішінде,трио,квартет болып ойнағандары ансамбльмен үйлесіп отырды. Сонымен қатар домбырашы түлектердің әр түрлі аспапты меңгергені көрініп тұр, оның ішінде бас домбыра, жетіген, саз сырнай, шаң қобыз,даңғыра және көптеген үрлемелі–соқпалы аспаптарды жете меңгерген. Жалпы ансамбльдің репертуары бай. Сирек кездесетін, ұлттық нақышта жазылған композиторларымыздың шығармалары ойналды. Фольклорлық ансамбльмен ойнағандары да ерекшелініп тұрды. Жалпы оқу бітірушілердің осы білім алған оқу жылдарын дағы ортақ бағалары мен оқушыға жазылған шығармашылық мінездемелері де оқылып бағаланды. 4 оқушы 5 (өте жақсы), 3 оқушы 4 (жақсы) деген баға алды. Жалпы үлгерімдері — 100% ; Сапалық үлгерімдері – 100 %, орта балл – 4,7. Ансамбль пәні жетекшісі – Серіков Ә.С.
«Аспапта оқыту әдістемесі» пәні бойынша оқушылар билеттегі сұрақтарға жауаптарын,ойларын дәл нақты жеткізе білді. Оқушылардың тіл байлықтары жетік,өздерінің алған білімдерін көрсете алды.Берілген уақытқа сай сұрақтарға толық жауап берді,оқушылардың барлығы да жақсы дайындалған. Барлық оқу бітірушілер 5(өте жақсы) деген бағаға тапсырды. Жалпы үлгерімдері — 100% ; Сапалық үлгерімдері – 100 %, орта балл – 5,0. «Аспапта оқыту әдістемесі» пәнінің оқытушысы – Малаев С.Р.
«Дирижерлік ету және оркестрмен жұмыс жасау» пәні бойынша мемлекеттік емтихан тапсырушылардың көпшілігі жақсы дайындықтарын көрсетті.Бұл пәннің басты мақсаты оқушының дирижерлеуі, оркестрмен жұмыс жасай білуі, дұрыс тұру дағдысы,сахна мәдениеті, қол қойылымдарының дұрыс болу керек. Осындай негізгі керекті қағидалардың барлығын көптеген оқушылар өз дәрежесінде көрсете алды.Оқу бітіруші түлектердің осы оқу жылдары алған бағалары мен оқу бітіруші түлекке жазылған шығармашылық мінездемелері де ескеріліп,бағаланды.
Оқу – әдістемелік жұмысы
ПЦК – ның оқу – әдістемелік жұмысы жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіліп отырды. Оқу жылының басында бекітілген кесте бойынша мамандық пәндері бойынша академиялық концерт, техникалық сынақ, ансамбль класы, дирижерлеу және оқу бітірушілердің мемлекеттік емтихан тапсыратын пәндері бойынша тыңдау кестедегі көрсетілген уақытта қашықтықтан оқыту жағдайында, ватсап жүйесі арқылы жіберіліп, тыңдалды және қорытынды баға жыл бойы оқыған бағаларының ортақ бағаларымен бағаланды.
- 02. күні оқытушы – Серіков Ә.С. Л. Хамиди атындағы №1 БММ –де өткен қалалық әдістемелік семинарда, «Қазақ халық аспаптары» бөлімі, БММ-і және БӨМ-і оқытушыларына әдістемелік көмек көрсетіп, мастер класс (шеберлік сынып) өткізді.Тақырыбы: «Оркестрмен жұмыс жасау», Абайдың күйі «Тор жорға». Бұл семинарда оқытушы осы БММ-нің «Қазақ ұлт- аспаптары» оркестрімен жұмыс жасап, жалпы Шыңғыстау өңірі күйлері, оның ішінде Абайдың «Тор жорға» күйімен жұмыс жасады.Семинар барысында оқытушы жалпы күйдің авторына, шығу тарихына, ойналу ерекшелігіне тоқталып, айта кетті.Оркестрде отырған әр аспапқа жазылған партияларына көңіл бөлініп, әсіресе домбыра топтарымен көп жұмыс жасалды және бас домбыра, шертер,прима аспаптары,сырнай,ұрмалы-соқпалы аспаптарға да жеке көңіл бөлінді. Семинар соңында мектеп әкімшілігі мен ұстаздары өздерінің жақсы лебіздерін білдірді.
06.04.2020ж. күні оқытушылар — Каримова К.Ч.,Самықов А.С.интернет жүйесінде бейне сабақ берді. Каримова К.Ч.- « Алтай Тарбағатай шертпе күйлері», Самықов А.С.- «Маңғыстау күйшілік мектебі» атты тақырыптарда өткізді.
2 — жарты жылдықта 1 – ашық сабақ, 1 – әдістемелік талдама қашықтықтан оқыту жүйесі жағдайында өтіп, тыңдалды.
Ашық сабақты «Мамандық» пәнінен оқытушы – Алдекенова М.Т. өткізді.Өткізілген уақыты 28.04.2020 ж. Тақырыбы: «Гамма арпеджиолармен жұмыс жасау». Оқушы Самат Айым «домбыра» класы, 1 курс. Сабақ барысында алдымен оқытушы домбыра аспабының құлақ күйін келтіре отырып, өткенге қысқаша шолу жасап , үй тапсырмасын қайталап өтті. Сабақтың бұл бөліміндеоқытушы оқушының өткен сабақта берілген үй тапсырмасын, қол қойылымын, ойнау ерекшелігін тексерді. Үй тапсырмасы: Байжігіттің «Келіншек» күйі болды. Тексеру барысында дыбыстардың қою, таза шығуына көбірек көңіл бөлінді. Оқушының үй тапсырмасын біршама тәуір дәрежеде дайындағаны анық байқалды. Жаңа тақырыап D-dur және e- mool гаммаларымен арпеджиосы,терция интервалымен ойнау әдісі,саусақ қойылымдары болды.Оқытушы алдымен өзі ойнап көрсетіп және кілт белгілеріндегі белгілерді минорлық гаммалар түрлерінде ойнай отырып, өзгерістерін айтып беріп отырды.Оқушы оқытушының көрсеткені бойынша оң қолдағы штрихтар, сол қолдағы аппликатура қойылымдарына мән беріп,бірден ойнауға тырысып отырды.,арасында қойылған сүрақтарға жауап беріп отырды. Жалпы ашық сабақ өз дәрежесінде өтті, сабақ соңында бөлім ұстаздары өздерінің жақсы тілектерін, ой-пікірлерін білдірді.
Әдістемелік талдаманы оқытушы – Алдекенова М.Т. дайындап,оқып талдады.Өткізілген уақыты: 20.05.2020 ж. Тақырыбы: «Дирижер және оның міндеттері». Әдістемелік талдамада оқытушы жалпы дирижер деген ұғым нені білдіреді, дирижер оркестр немесе үлкен топтық ұжымдармен қалай жұмыс жасайды,дирижерлық сеткаларды көрсете білуі, басқаруы деген сияқты көптеген мәліметтерге жақсы тоқталып жазған.Бұл талдаманы тыңдай отырып, бөлім ұстаздары өз ойларымен де бөлісе отырды.Жалпы әдістемелік талдама жақсы жазылған,күнделікті сабақта оқушыларға пайдалануға болады,тағы да толықтырып зерттеп,талдап, оқу құралы немесе оқулық кітап ретінде шығарса деп бөлім ұстаздары өздерінің жақсы лебіздерімен пікірлерін білдірді.
Оқытушыларымыз Ахметов С.Ж., Алдекенова М.Т., Каримова К.Ч., Ахметова Ж.С. — ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Таlap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Оқу-треннингтік орталығы «Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы қашықтықтан оқыту: контентін құрудан бастап оқу процесін ұйымдастыруға дейін» тақырыбында 36 сағат көлемінде қашықтықтан біліктілік арттыру курсынан өтті, 28-30.05.2020 ж. күндері. Оқытушылар Алдекенова М.Т., Кусаинова М.К., Ахметова Ж.С. – музыка колледждер арасындағы орындаушылардың 41-Республикалық конкурсына қатысушы дайындағаны үшін Қазақ өнер университетінің ректоры – А.Қ.Мұсақожаеваның Алғыс хаттарымен марапатталды.Нұр-Сұлтан қаласы, 2020 04-08 мамыр.
Концерттік және шығармашылық бөлімі
Бөлімде атқарылатын барлық жұмыстар жылдан жылға жақсарып келеді.Бөліміміздің жетістіктері: Оқушыларымыз Халықаралық , Республикалық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Атап айтқанда: 04-08 мамыр 2020 ж. аралығында Нұр-Сұлтан қаласында қашықтықтан оқыту жағдайында өткен 41- Республикалық конкурста3курсоқушылары — Каримов Жандос -әйгілі күйші,саз зергері Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы арнайы диплом (оқытушысы-Алдекенова М.Т.), Шымырбаева Жадыра – дипломант (оқытушысы- Ахметова Ж.С.) және қатысқаны үшін Жармухамбетова Арайлым (оқытушысы- Кусаинова М.К.), Қазақ өнер университетінің ректоры – А.Қ.Мұсақожаеваның арнайы сертификаттарымен марапатталды, Нұр-Сұлтан қаласы – 2020 жыл.
Оқу жылы бойы оқушыларымыз көптеген концерттерге, училище аралық, қалалық,облыстық өтіп жатқан мәдени іс – шараларға жеке орындауда, күй тартыс, ансамбль, оркестр құрамдарында өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар Абай атындағы музыка – драма театрында, Абай атындағы мұражайда, Абай атындағы кітапханада, Ф.Достоевский және Невзоровтар отбасы мұражайларында,Достық үйінде, Қалалық мәдениет сарайында, Жастар сарайында, Қарттар үйінде, Жұмыс қамту орталығында, Перинатальдық орталықта, Әскери бөлімдерде болған концерттерге қатысып,училищеміздің мәртебесін көтеріп келді. Барлық қатысушы оқушылар мен ұстаздарымыз Алғыс хаттар мен Грамоталарға ие болды.
Кәсіби – ориентациялық жұмыс
05.02.2020 ж. оқытушы — Алдекенова М.Т. №1 БММ – де өткен қалалық семинарда оқушылармен кездесу өткізіп,кәсіби-ориентациялық жұмыс жүргізді.Музыка училищесінің тарихы,бөлімдері,мамандықтары жайлы айтылып, оқушыларды оқуғатүсуге шақырды.
08.02. 2020 ж. оқытушылар – Ахметова Ж.С.,Салиева К.С. қалалық № 37 мектеп – гимназиясында 9- сынып оқушыларына кәсіби –ориентациялық жұмыс өткізді.
15.2020 ж. оқытушылар — Серіков Ә.С.,Тұрлыбекова Ш.Б.№ 16., № 49 орта білім беретін мектептерде концерт беріп, 9-сынып оқушыларын оқуға шақыра келді,оқушылардың арасында оқуға келуге қызығушылық білдіріп,ниет білдіргендері болды.
2020 – 2021 оқу жылында оқуға түсуге талап білдірген талапкерлер :
- Әбеуғазы Ә. — қалалық №1 БММ – і.
- Әміржанова А. – қалалық БӨМ (ДШИ)
- Іңкаш Н. – қалалық БӨМ (ДШИ)
Тәрбие жұмысы
Оқу жылының 2 – жарты жылдығында оқушылармен тәрбие жұмыстары өткізіліп, тақырыптық класс сағаттары өтті. 12.02. күні «Әдептілік әліппесі» атты тақырыпта 1-2 курс оқушыларына, класс жетекшісі- Салиева К.С. класс сағатын өткізді. 19.02. күні 3-4 курс оқушыларына, класс жетекшісі – Абишева Ж.К. « Шылым шегудің зияны» атты тақырыпта класс сағатын өткізді және анкета сұрақтарымен бірге сұрақ-жауап алынып, оқушылармен пікір алысып,ойларын бөлісті.
Бөлімде балаларының тәртіптері мен сабаққа қатысулары жайлы көптеген ата-аналар өз беттерімен келіп,біліп тұрады. Олар: 1 курстан – Тусупова А.,Төлебалғанов Ә.,2 курстан- Абдилова Д., Азангалиева А., 3 курстан – Дүйсенов Ә., Шымырбаева Ж. ата –аналары және қашықтықтан оқыту жағдайындағы оқу жүйесі уақытында да бір қатар ата-аналар жиі байланыста болып, ватсап жүйесімен шығып тұрды. Сонымен қатар бөлімнің тәрбие жұмысы жоспары бойынша әр түрлі сала қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылды.
ПЦК «ҚХА-Домбыра» төрайымы: М.Т. Алдекенова