2019-2020 оқу жылының екінші жарты жылдығында циклді білім беру және оқыту, оқу-әдістемелік жұмыстар, шығармашылық және кәсіби ориентациялық жұмыс, жылдың басында бекітілген жоспар бойынша өтіп тұрады.ПЦК-ның проблемалық ізденіс тақырыбы«Рухани жаңғыру-жастарға жарқын жол» аясында бөлім оқушыларының басты міндеттері мамандардың кәсіби сапалы білім деңгейлік, жаңа инновациялық технологияны қолдана отырып көтеру.Пәндік-циклдік комиссияның басты мақсатыоқу үрдісін жетілдіру. Дәстүрлі және дәстүрлі емес үлгіні  оқыту мен тәрбиелеу әдістеріне қолдану. Мұғалімдердің кәсіби-шеберліктерін және біліктіліктерін арттыру.

ПЦК мамандарына сипаттама

«Ән» бөлімінде 6 оқытушы бар. Олардың 6-еуі негізгі сағатпен жұмыс жасайды.

Жоғары санатта — 2

Бірінші санатта- 1

Екінші санатта-

Санатсыз-3

Барлық мұғалімдер заманауи компьютерлік технологияны меңгерген.

 

Ұйымдастыру жұмыстары

Оқу жылының басында барлық класстарға тексеру жүргізіліп, сабақтың өтуіне дайындық жұмыстары жасалады.Сабақ кестесі, өзара сабаққа қатысу, училище ішілік бақылау, тақырыптық-күнтізбелік және оқытушылық жеке жоспары құрылып, бөлім мәжілісінде қаралып бекітілді.ПЦК-сының әдістемелік тақырыбына сай, Пәндік Циклдік Комиссиясының негізгі бағыттары анықталып, жоспарлар құрылды. 2019 -2020оқу жылының екінші  жарты жылдығында ПЦК-ның 5-отырысы болды. Отырыста ұйымдастыру жұмыстары, оқу-тәрбие жұмысы, әдістемелік, кәсіби-ориентациялық жұмысы және басқа да сұрақтар қаралды.Отырыстар хаттамада тіркеліп көрсетілген.

 

 

 

Жалпы оқушылар саны

2019-2020оқу жылының басында «Ән» бөлімінде барлығы 16 оқушы болған, екінші жарты жылдықтан 17 оқушы бар.  Үрлемелі соқпалы бөлімінен Манарбеков Дулат №  8      бұйрығымен   24.01.2020ж                    ауысып келді. Дәстүрлі ән салу мамандығы бойынша жалпы  жиынтығы :7 оқушы . 6 оқушы бюджетте және 1 оқушы ақылы түрде оқиды.  Академиялық ән салу мамандығы бойынша жалпы жиыны 10-оқушы  білім алуда. Бөлімде тәртіп бұзушы, сабақты себепсіз босатып үлгермеуші жоқ.

 

Оқу жұмысы

«Ән» бөлімінің барлық 17 оқушысы жазғы емтихандарды жақсы тапсырып шықты.Үлгермеуші оқушы жоқ.Олардың:

Оқушылардың үлгерімімен сабаққа қатысуы

Мамандық «Ән салу»

2-жартыжылдық  2019  — 2020оқу жылы.

 

 

 

Курс Оқушылар саны             27.01.2020 жылғы Оқушылар саны 19.06.2020 % үлгерім Үлгермеушілер саны % білім сапасы  «5»-ке оқушылар  «4» и «5»-ке оқушылар Сабақ босату Үлгермеушілердің

Аты-жөні

Барлығы Себепті Себепсіз
1 6 6 100% 100% 1 5                 —
2 6 6 100% 100% 1 5
3 3 3 100% 100% 1 2
4 2 2 100% 100% 2
     

 

2019 — 2020Оқу жылындағы қысқы сессия емтихандарын

өте жақсы көрсеткішпен аяқтаған оқушы:

  1. Оразов Айдос – 3курс акад.ән.

 

 

 

 

 

Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінің 2019-2020 оқу жылындағы

қысқы сессия емтихандарының оқу сапасы бойынша қорытындысы.

Шифр Мамандық Жалпы саны Сессия қорытындысы бойынша оқушылар саны. Босатылған сағат саны  Академ.демалыст. оқушылар Жалпы үлгерім Білім сапасы
1 курс 2 курс 3 курс 4 курс
Өте жақсы Жақсы,өте жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарл-сыз Өте жақсы Жақсы,өте жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарл-сыз Өте жақсы Жақсы,өте жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарл-сыз Өте жақсы Жақсы,өте жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарл-сыз Себепті Себепсіз
0407

0

0

0

Ән салу 16 \ 6 \ \ \ 5 \ \ 1 2 \ \ \ 2 \ \ 42 10 \ 100% 100

%

 

Оқу-әдістемелік жұмыстар

Пәндік Циклдік Комиссиясында  білім беру және оқыту жұмыстары, оқу жылының басынан бастап жоспар бойынша атқарылып келеді. Оқытушылардың жұмыстары барлық арнайы пәндер стандарттары бойынша орындалуғы бағытталған. Әр бөлімде техникалық зачеттар, академиялық концерттер, бақылау сабақтары жәнеде мемлекеттік емтихан бағдарламаларын тыңдау, кесте бойынша өтіп тұрды.

22.11.2019. сағат 10:50 –де  оқытушы А.Е.Аширова мамандық пәніненӘдістемелік баяндамасын оқыды. Тақырыбы: «Ән салу кезіндегі резонатор-дың маңызы».

29.11.2019сағат 11:40-да оқытушы А.Ж.Смасеитова мамандық пәнінен 2-ші курс оқушысы Әбілхасимова Ұлжанмен ашық сабағы өтті. Тақырыбы: «Тұрсынғазы Рахимовпен Мұқағали Мақатаевтың өлең жолдарының тоғысуы….».Ашық сабақт әдістемелік түрде өз дәрежесінде өтті.

13.12.2019 сағат 14:40 -да оқытушы Н.С.Көшеров әдістемелік баяндамасын оқыды. Тақырыбы: «Жас орындаушыны дайындауда қазақ халық әндерінің маңызы».Баяндама тақырыбына сай толық қамтылған.

Аширова А.Е. 29.10.2019 жылы Семей қаласында «Жарқын болашық» атты республикалық конкурста қазылық етті.

20.12.2019жылы Көшеров Н.С. және Смасеитова А.Ж. ШҚО Жарма ауданының «Кәусар» халық аспаптар оркестріне 25 жыл толуына орай «Ұлттық өнерге қосқан ерекше еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды.

Концерттік шығармашылық жұмыстар

Бөлімдегі оқушылар мен оқытушылар жеке орындауда, ансамбль, оркестр сүйемелдеуімен қала аралық және училищеде өтетін әр-түрлі концерттерге қатысып тұрады.

05.09.2019 ж. сағ 1100А.Байтұрсыновтың туған күніне орай және М.Әуезов «Алаш арыстары» атты концерт.

27.09.2019ж «Жетісудың жыр дүлдүлдері» атты көрменің ашылу концерт.

17.10.2019ж  Ж.Кәрменовтың 70 жыл толуына  «Алаштан ән оздырған Жәнібек» атты ән фестивалінде К.Камидолдин, А.Смасеитова концертке қатысу.

10.11.2019ж «Тоғыз құмалақ» байқауына қатысу.

14.11.2019ж №49 мектепте концерт.

27.11.2019ж Абай музейінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына көрме ашылу концерті.

01.12.2019ж 1-ші Президент күніне концерт Смасеитова А.Ж.

05.12.2019жылы Аширова А.Е. «Сіздерге мөлдір сезіммен» атты жеке шығармашылық концерттің берді.

11.12.2019ж Совез концерт.

13.12.2019ж Авианавигация, орталық кітапхана  және Тәуелсіздік күніне концерт.

14.12.2019- 15.12.2019ж «Абай арена» ашылу концертінде Н.Көшеров, А.Аширова, Н.Омирбеков қатысты.

 

Кәсіби ориентациялық жұмыс

         «Ән салу» пәндік циклдік комиссиясы».

16.09.2019ж №34 жалпы білім беретін орта мектебіне оқытушы А.Е.Аширова барып «Пение это душа человека» атты лекция концерт берді.

22.10.2019ж №38 жалпы білім беретін орта мектебіне оқытушы

А.Ж. Смасеитова барып «Ты и твоя будущая профессия» тақыбырында баяндама жасады.

28.11.2019ж №2 музыка мектебінде оқытушы Н.С.Көшеров  «Первые уроки это фундамент»  мастер класс.

12.12.2019ж  №42 жалпы білім беретін орта мектебіне оқытушы Н.К.Омирбеков «Туғанда дүние есігін ашады өлең» атты лекция концерт.

 

 

 

Тәрбие жұмысы

Концерттік шаралармен қоса оқушылармен тәрбие жұмыстары жүргізілуде. Топ жетекшісі Г.Б.Бектасова «Мен өз елімнің патриотымын», «Жемқорлық сыбайластықтан сақ бол», «Отбасым бақыт мекенім», атты тәрбие сағаттары,сондай-ақ ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізіледі. Қараша 2019 ж. аттестация қорытындысы бойынша ата-аналармен жиналыс өткізіліп оқушылардың сабаққа, концертке белсене қатысуы туралы мағлұмат берілді.

 

«Ән салу» бөлімінің төрайымы: Смасеитова А.Ж.