Челлендж «Алтын Жүрек»

‼️НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы (РҚББОӘО) 2022 жылғы 4 ақпан-1наурыз аралығында Алғыс айту күнінің қарсаңында Студенттік парламент мүшелерінің арасында Алтын жүрек🤩💖 атты челлендж өткізуде. Талаптары: тақырыпқа сай қызықты бейнероликтің контентін дайындау, оны фейсбук әлеуметтік желісіне #студенттікпарламент#студенческийпарламент хэштектерімен орналастыру. Челлендждің соңында өңірлер бойынша мониторинг 📈жүргізілетін болады. Баршаңызға сәттілік! 💯

«Репродуктивті денсаулық және жеке бас гигиенасы»

Училищемізде Семей қаласының 6 поликлиника терпевті Кабдулкакова Э.Т. 1-2курс қыздарға арналған «Репродуктивті денсаулық және жеке бас гигиенасы» тақырыбында дәріс жүргізді. Дәріс барысында қыздар әртүрлі тақырыптарда мағлұматтар ала алды.

«дін және жастар»

Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Касымжанова Ж.М. училищеміздің 1-2курс студенттерімен «дін және жастар»тақырыбына дәріс өткізді. Сұрақ-жауаптар арқасында студенттеріміз бірқатар мәліметтер ала алды.

«Колесо истории»

24.02.2022г. Преподаватель общественных дисциплин провела внеклассное мероприятие интеллектуальная игра «Колесо истории». Цель данного мероприятия: пополнять и обогащать знания студентов историческими фактами, формировать навыки мыслительной деятельности , развивать творческие способности; воспитывать интерес и любовь к культуре, истории.

Тоғызқұмалақ

Училищеміздегі жалпы білім беру бөлімінің апталығынның соңы дене шынықтыру пәні бойынша тоғызқұмалақтан 1 курстар арасында жарыспен аяқталды.
Жарысқа 20 оқушы қатысты. Жарыс ойын ережесіне сай өтті.
Аталған додада суырыла алға шыққан студенттер өз шеберліктерін көрсетіп, жүлделерге ие болды. 1 курс хор бөлімінің студенті Талғатов Нұрбол 1орынды иеленді.
2 орынды Актер бөлімінің студенті Саябаева Дильназ алса,
3 орынды Домбыра бөлімінің студенті Кабдулбаров Ануар иеленді.
Жарыстан орын алған студентер мадақтамалармен марапатталды.
Жеңістерің құтты болсын!

Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Баталов Е.Т.

«Живёт на всей планете народ весёлый — дети»

На предметной Неделе общеобразовательных дисциплин, посвящённой Году детей, преподавателем русского языка и литературы Акшаловой Д.Т. был проведён фестиваль поэзии «Живёт на всей планете народ весёлый — дети».
На поэтическом фестивале прозвучали красивые, трогательные стихи про счастливое детство русских и современных поэтов. И не только о счастливом детстве…

«Бала құқығы — асыл қазына»

2022 жылдың 15 ақпаны күні «Жалпы білім беру пәндері» апталығының аясында кезекті іс-шара өтті.Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің оқытушысы Оразгалиева Меруерт Дарубаевна «Бала құқығы — асыл қазына» атты ой талқы алаңына ҚХА және Ән салу бөлімінің 4 курс студенттерін шақырды.Іс-шараға барысында студенттер балалар құқығы мәселесін талқылап,өздерінің құқықтық білімдерін көрсете білді.Іс-шараның қорытындысында студенттер училищеміздің студенттеріне білім мен өнерді қатар меңгеріп,Тәуелсіз елімізді өркендетуге үлес қосуға шақырып, Үндеу жариялады.М.Д.Оразгалиеваның өткізген сыныптан тыс іс-шарасы әріптестері тарапынан жоғары бағаланды.

«ХХ ғасырдағы дүниежүзілік соғыстардың халықаралық қатынастар жүйесіне әсері»

15.02 күні М. Төлебаев атындағы музыка училищесінің оқытушысы Баян Оразбековна “Дүниежүзі тарихы” пәнінен ашық сабақ өткізді.
Тақырыбы: “ХХ ғасырдағы дүниежүзілік соғыстардың халықаралық қатынастар жүйесіне әсері”.

“ Көшбасшы болуға ұмтыламыз”

2022 жылдың 14ақпаны күні «Жалпы білім беру пәндері”апталығына орай М.Төлебаев атындағы музыка училищесінің оқытушысы Нұрлыбекова Ақбота Анарбекқызы 1курс актер,хореография,ҚХА, хор.дир топтарында треннинг өткізді. Треннинг тақырыбы: “ Көшбасшы болуға ұмтыламыз”. Іс-шараға топтағы білім алушылар белсене қатысып, өз ойларын ашық еркін жеткізе білді

«Тәуелсіздік шежіресі өлең жолдарында»

«Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру ортвлығы» КММ ұйымдастырылуымен өткізілген «Тәуелсіздік шежіресі өлең жолдарында» атты облыстық байқауында 3орын алғаны үшін актер бөлімінің 3курс студенті Хапезова Аружанды құттықтаймыз!
Жетекшісі Алеапарова М.А.